Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина


Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны



бет3/17
Дата05.11.2016
өлшемі3,94 Mb.
#1018
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны

24. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 18 сағат:

1) «Саяхатқа шығайық», « Әуежайда», «Теміржол бекетінде», «Қонақ үйде» – 10 сағат (Тілдік бөлім: Біріккен сөздердің емлесі. Құрмалас сөйлем. Себеп-салдар мәнді құрмалас сөйлемдер. Өзгелік етіс. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Ұшақтың ішіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: әуежай, теміржол бекеттеріндегі анықтамалық ақпараттар. Диалогтік мәтіндер. Айтылым. Әуежай мен теміржол бекетінің, қонақ үй қызметі туралы мәліметтерді айту. Жазылым. Әуежай мен теміржол бекетіне, қонақ үйге байланысты тірек сөздер бойынша мәтін. Кеден мағлұмдамасын толтыру. @-mail –мен тапсырыс беру, ақша жіберу, есептесу, жаздыру.Тілдесім. Әуежай мен теміржол бекеті, қонақ үй туралы пікірлесім. Бекет қызметкерлерінен (анықтама бюросы, касса, жүк қоймасы) өзіне қажетті мәліметтерді сұрап білу. Қонақ үй қызметкерлерінен (қонақ үй әкімшілігі, анықтама бюросы, касса) өзіне қажетті мәліметтерді сұрап білу. Диалог: Сұрақ-жауап, Сұрақ-ақпарат, себеп-салдар диалогтары. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Сапарға шығу, жол туралы мақал-мәтелдер, тыйым сөздер);

2) «Қазақстанның жер аймағын аралаймыз» – 8 сағат (Тілдік бөлім: Салт және сабақты етістіктер. Модаль сөздер. Мақсат, мекен үстеу. Туынды сөздердің жазылуы. Етістіктің келер шағы. Ілік септіктегі сөздердің жазылуы. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Сарыарқа, Жетісу, т.б. Қазақстанның жер аймақтары туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Қазақстанның жер аймақтары туралы ақпараттарды оқу. Диалогтік мәтіндер. Айтылым. Өзінің туған өлкесі туралы айту. Монолог-суреттеу (қала мен даланың табиғатын сипаттап, оның ерекшеліктерін баяндау). Жазылым. Жер аймақтарына байланысты тірек сөздерге бойынша мәтін. Туған өлкенің табиғи ерекшеліктері туралы мәтіндер жаздыру. Тілдесім. Жер аймақтары туралы пікірлесім. Диалог: Сұрақ-жауап, Сұрақ-ақпарат, себеп-салдар диалогтары. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі. Қазақстан жер аймақтарының шаруашылығы туралы пікірлесу).

25. Әлеуметтік-мәдени ая – 24 сағат:


  1. «Ғарыш айлағында», «Қазақ ғарышкерлері: Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев» – 8 сағат (Тілдік бөлім: Жалпы және жалқы есімдер. Термин сөздердің орфоэпиясы.Тіркесті сөздердің емлесі. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Байқоңыр ғарыш айлағы, қазақ ғарышкерлері туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: ғарышкерлер, ғарыш кемелері туралы мәтіндер. Айтылым. Қазақ ғарышкерлері туралы мәліметтер. Жазылым. Байқоңыр ғарыш айлағы, оның маңызы, ғарыш кемесі, ғарышкерлер туралы мәтін. Тілдесім. Қазақстанның ғарыш саласы туралы пікірлесім. Қазақ ғарышкерлері туралы сұхбат. Тілдесім. Диалог-сұхбат. Сұрақ-ақпарат, пікірталас - диалогтары. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстан ғарыш саласының дамуы туралы мәтіндер);

  2. «Егер мен Қазақстан Парламентіне депутат болсам» – 8 сағат (Тілдік бөлім: Жалпы және жалқы есімдер. Қаратпа сөздер. Тіркесті сөздердің емлесі. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Сайлау, депутатқа үміткер туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Электронды дауыс беру туралы ақпараттық мәтін. Депутатқа үміткер. Қазақстан Парламенті туралы ақпарат-мәтіндер. Айтылым. Қазақстан Парламенті туралы мәліметтер. Жазылым. Қазақстан Парламенті туралы мәтін. Тілдесім. Қазақстан Парламентіне сайлау жүйесі туралы пікірлесім. Депутатпен сұхбат. Тілдесім. Диалог-сұхбат. Сұрақ-ақпарат, пікірталас - диалогтары. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақтың үш биі: Төле, Қазыбек, Әйтеке);

  3. Сән үлгілері – 8 сағат (Тілдік бөлім: Сапалық және қатыстық сын есімдер. Есімше. Біріккен сөздердің емлесі. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Жастар киімі, мектеп формасы және сән туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Жастар киімі, мектеп формасы және сәнге байланысты ақпараттық мәтін. Диалогтік мәтіндер. Сән орталықтарының ақпараттық-жарнамалық (буклет, киім үлгісі жинақтары, жарнама қағазы,т.б.) мәтіндері. Айтылым. Монолог: Жастар киімі, мектеп формасы және сән туралы мәліметтер. Диалог: Диалог-сұхбат. Сұрақ-ақпарат, пікірталас - диалогтары. Жазылым. Жастар киімі, мектеп формасы және сән туралы мәтін. Киіну әдебі туралы сұхбат жазу. Тілдесім. Жастар киімі, мектеп формасы және сән туралы пікірлесім. Ателье, киім дүкені қызметкерлерімен сұхбат. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Жастар киіміндегі ұлттық нақыштар туралы сұхбат. Киімге қатысты мақал-мәтелдер);

26. Оқу-еңбек аясы – 26 сағат:

1) « Әлемдегі өнертапқыштар», «Қалта телефоны», «Компьютер: айдасы мен зияны» – 10 сағат (Тілдік бөлім: Қазақ тіліндегі калька сөздер. Неологизмдердің емлесі. Салалас құрмалас сөйлем. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Өнертапқыштар, қалта телефоны, компьютер туралы ақпараттар. Қазіргі заманғы компьютерлердің мүмкіндіктері туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: өнертапқыштар, қалта телефоны, компьютер туралы ақпараттық мәтін. Компьютерлердің жетілдірілген мүмкіндіктері, компьютердің пайдасы мен зияны жайлы баяндау, хабарлау, жарнама сипатындағы мәтіндер. Компьютердің пайдасы мен зияны туралы диалогтік мәтіндер. Диалогтік мәтіндер. Өнертапқыштар, қалта телефоны, компьютер туралы туралы сұхбат-мәтіндер. Айтылым. Өнертапқыштар, қалта телефоны, компьютер туралы уралы мәліметтер. Жазылым. Өнертапқыштар, қалта телефоны, компьютерлер туралы мәтін. Тілдесім. Өнертапқыштар, қалта телефоны, компьютері туралы пікірлесім. Қалта телефоны қызметі туралы пікірлесім-сұхбат. Дүкен қызметкерлерінен компьютер түрлері туралы қажетті мәліметтер алу. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақ өнертапқыштары туралы мәтіндер);

2) « Ғылым әлемінде», «Тәуелсіз Қазақстан ғалымдары» – 6 сағат (Тілдік бөлім: Термин сөздер. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Қазақстан ғылымының дамуы туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: қазақстан ғалымдары туралы ақпараттық мәтін. Диалогтік мәтіндер. Қазақстан ғалымдары туралы сұхбат-мәтіндер. Айтылым. Қазақ ғылымы және ғалымдары туралы мәліметтер. Жазылым. Тәуелсіз Қазақстан ғалымдарының туралды мәтін. Тілдесім. Қазақстан ғылымы мен ғалымдары туралы тілдесім. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Ғылым-білім туралы мақал-мәтелдер, мәтіндер);

3) «Мен өз елімде жан-жақты білім ала аламын» – 10 сағат (Тілдік бөлім:

Публицистикалық стиль. Қысқарған сөздердің емлесі мен орфоэпиясы. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлімі: Тыңдалым. Мұғалімнің, сыныптастарының, өзге де тілдесетін адамдардың сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған өз еліндегі оқу жүйесі туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндердегі өз еліндегі оқу жүйесі туралы жарнамалық, анықтамалық ақпараттар. Айтылым. Өз еліндегі оқу жүйесі туралы мәліметтерді айту. Жазылым. Өз еліндегі оқу жүйесіне байланысты білетінін мәтін түрінде жазу. Сұрақтарға жауап жазу. Тілдесім. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Өз еліндегі оқу жүйесі туралы пікірлесім. Білім саласы қызметкерлерінен өзіне қажетті мәліметтерді сұрап білу. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Еліміздің оқу жүйесі туралы пікір алмасу).



  1. 10-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Пәндік нәтижелер

27. Лексика бойынша:

1) берілген ойдың мазмұнына қарай қажетті сөздердің қолданылуын;

2) фразеологизмдердің мағынасын дұрыс ажыратуды;

3) мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтауды;

4) 1 300 лексикалық бірліктің мағынасын білуі тиіс.

28. Сөз құрамы мен сөзжасам бойынша:

1) түбірлес сөздердің мағыналық байланысын;

2) сөз таптарының сөзжасамдық ерекшеліктерін білуі тиіс.

29. Грамматика бойынша:

1) сөздердің түрлену формаларын;

2) стилдің түрлерін білуі тиіс.

30. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:

1) тыңдалым:

нақты, анық айтылған ақпараттардың мазмұнын түсіну;

радио, телехабарларда берілетін жаңалықтарды түсіну;

аудиоматериалдағы айтылған ойды анықтау дағдыларын;

2) оқылым:

әртүрлі тақырыптарда ұсынылған мәтіндерді оқып түсіну;

оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, баяндау;

мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді, мағыналық бөліктерге жіктей алу;

ғылыми-көпшілік, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптардағы материалдарды оқып талдау, ой қорыту дағдыларын меңгеруі тиіс;

3) айтылым:

өзінің сезімдерін, көзқарасын, ой-пікірін, армандарын жеткізе алу;

түрлі жағдаятқа сәйкес көзқарасын білдіру;

затты, құбылысты суреттеп, сипаттап айта алу дағдыларын;

4) жазылым:

өзінің алған әсері туралы қысқа, шағын әңгіме жазу;

пунктуация ережелерін сақтау;

ұсынылған мәтіндер бойынша жоспар түзу, тезис жазу дағдыларын меңгеруі тиіс;

5) тілдесім:

әртүрлі жағдаятта диалогтік, полилогтік сұхбаттарға қатысу;

таныс жағдаяттарда сұхбатқа өздігінен араласу;

үнтаспада жазылған сұрақтарды тыңдап түсіну, сол туралы өз қөзқарасын білдіру;

оқыған мәтін бойынша өз пікірін айту дағдыларын меңгеруі тиіс.



  1. 11-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Пәндік нәтижелер
31. Лексика бойынша:

1) сөздің тура және ауыспалы мағынасын;

2) синонимдік қатардан сөз таңдай;

3) тұрақты тіркестер, мақал мен мәтелдер, афоризмдердің аражігін ажырата;

4) омоним, антоним, синоним сөздердің қолданылу орындарын;

5) өндірістің, ғылымның, техниканың, өнер мен мәдениеттің даму нәтижесінде пайда болған ұғымдарды білдіретін терминдерді;

6) лексикографиялық сөздіктерді қолдану тәсілдерін;

7) 1 300 лексикалық бірліктің мағынасын білуі тиіс.

32. Сөз құрамы мен сөзжасам бойынша:

1) қосымшалардың түрлерін ажырата;

2) туынды сөздердің түрлерін жіктей;

3) қазақ тіліндегі сөзжасам тәсілдерін ажырата білуі тиіс.

33. Грамматика бойынша:

1) сөз таптарының грамматикалық категорияларын;

2) сөз таптарының сөйлемдегі синтаксистік қызметін;

3) құрмалас сөйлемнің түрлерін;

4) құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің айырмашылықтарын;

5) стилдің түрлерін білуі тиіс.

34.Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:

1) тыңдалым:

аудиотаспадан тыңдалған диалог пен полилогті түсініп, онда айтылған сөз мазмұнын жеткізе білу;

тақырып бойынша тыңдалған пікірге, ойға баға беру;

радио, телеарналарда берілетін хабарлардың мазмұнын түсіну;

аудиоматериалдағы айтылған ойды анықтау дағдыларын меңгеруі тиіс;

2) оқылым:

мемлекеттік тілде жазылған құжаттарды оқып түсіну;

мәтіннен өзіне керекті мәліметті бөліп ала білу;

оқудың нақты мақсатына сай әртүрлі стильдегі мәтіндерден негізгі ойды ажырата алу дағдыларын меңгеруі тиіс;

3) айтылым:

оқыған әңгіменің мазмұны, тақырыбы туралы айтып беру;

өз бетінше газет-журнал материалдарынына шолу жасап, негізгі ойды анықтай алу;

интернет желісінен қажетті ақпаратты тауып, оны өз сөзімен баяндай алу дағдыларын меңгеруі тиіс;

4) жазылым:

жеке адамға қатысты құжаттарды сауатты толтыру;

ұсынылған тақырып бойынша шығармашылық сипатта мәтін құрай алу;

реферат жұмысында дәйексөздерді кіріктіру және әдебиеттерді рәсімдеу дағдыларын меңгеруі тиіс;

5) тілдесім:

ұсынылған тақырып бойынша полилогқа қатысу;

диалогтің түрлеріне сай пікірлесе алу;

үнтаспадағы диалогті тыңдап, өз сөзімен айтып беру;

нақты тақырыпта сұхбат құрастыра алу;

әңгімені жалғастыру, пікір таластыру дағдыларын меңгеруі тиіс.





  1. 10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Тұлғалық нәтижелер
35. 10-11-сынып оқушыларының:

1) Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына құрмет көрсетуінен;

2) жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен;

3) мемлекеттік тілді білуінен, қазақ халқының және Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;

4) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен;

5) өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға қабілеттілігінен;

6) әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуынан көрінеді.



  1. 10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Жүйелі-әрекеттік нәтижелер
36. 10-11-сынып оқушыларының:

1) тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен;

2) мемлекеттік тілдегі радио, теледидар хабарларын тыңдап, түсінуінен;

3) мәтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сөздерді, мақал- мәтелдерді таба алуынан және оларды қажетіне қарай өзінің сөйлеу тілінде орынды қолдануынан;

4) өз арман-үміті, жоспарлары жайлы айта алуынан;

5) мәселеге қатысты өз көзқарастары мен ұсыныстары туралы пікір білдіре алуынан;

6) заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруінен;

7) коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігінен;

8) күнделікті жағдаяттарға байланысты өзгелермен сұқбаттаса алуынан; белгілі бір тақырып бойынша диалогке, полилогке қатыса алуынан;

9) тосын сұхбаттарға (отбасы, хобби, жұмыс, саяхат т.б.) қатысып, өз ой-пікірлерін білдіруінен;

10) тілдесім әрекетінде қазақ тілінің сөз мәдениеті нормаларын сақтап қолдануынан;

11) тілдік жағдаяттардың ерекшелігіне сай қазақ тіліндегі этикеттік орамдарды орынды пайдаланып сөйлесе алуынан көрінеді.



Учебная программа по предмету «Қазақ әдебиеті»

(общественно-гуманитарное направление)





  1. Түсінік хат




  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. «Тілдер туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарының, Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесінде меңгерту міндеттерінен туындайтын, сондай-ақ еліміздің әрбір оқушысы қазақ халқының тілі, әдебиеті, мәдениеті бойынша неғұрлым мол сусындап, оны тану және құрметтеу деңгейіне жетуіне оңтайлы жағдай тудыру қызметін орындаудан өріс алатын қағидаттар осы өзге тілді мектептерге арналған қазақ әдебиеті пәні оқу бағдарламасының негіздерін құрайды.

3. Қазақ тілді емес мектептердегі оқушыларды қазақ халқының төл туындыларымен таныстыра отырып, олардың бойында мемлекеттік тілді құрметтеу мен отансүйгіштік сезімін қалыптастыру міндеті туындап отыр. Бағдарлама қазақ тілінде еркін, жетік сөйлей алатын мәдениетті тұлғаның қалыптасуы мен дамуына сай қажетті туындылардан құрылған.

4. Бағдарлама қазақ тілді емес мектептерге арналғандықтан, бұл сыныптарда белгілі бір кезең әдебиетінің көрнекті өкілдері шолу түрінде қарастырылып, олардың әдебиет тарихында алатын орны, шығармаларының идеялық-көркемдік жетістіктері нақты атап көрсетіледі. Бір және одан көп сағат бөлінген авторлар шығармашылығын оқыту олардың қысқаша өмірбаяндарына, елеулі туындыларына жалпы сипаттамадан және ең бастысы туындысына талдау жасаудан тұрады.

5. Пәнді оқыту мақсаты – тәуелсіз еліміздің азаматы ретінде халықтың мәдениеті мен әдебиетін, өнерін танып білуге, сондай-ақ ұлттық құндылықтарымызды құрметтей білетін тұлға қалыптастыру. Оқушылардың туындыны өз бетінше оқып, түсініп, әңгімелеу дағдылырының негіздерін меңгеруін қамтамасыз ету, адамгершілікке, отансүйгіштікке баули отырып, қазақ халқының рухани әлемімен, мінез-құлқымен, қоғамдық өмірімен таныстыру, көркем шығармалар негізінде кеңейтілген тілдік ортаны қазақ тілінде еркін сөйлеуге оқушыларды жаттықтыру үшін ұтымды пайдалану.

6. Пәнді оқыту міндеттері:

1) белгілі бір кезеңдегі, ХІХ және ХХ ғасырдағы, әдебиет үлгілерімен таныстыру;

2) сол кезеңнің көрнекті ақын-жазушылары туралы мәлімет беру;

3) қазақ тілінде өз ойларын ауызша, жазбаша баяндауды меңгерту;

4) қазақ әдебиеті пәні негізінде оқушыларды қазақ халқының тіліне, мәдениетіне, тарихына, салт-дәстүріне деген құрмет сезімін қалыптастыру;

5) оқушының бойында рухани-адамгершілік мәндегі құндылықтарды қалыптастыру, отансүйгіштік, төзімділік сезімдерін дамыту;

6) оқыған шығармаларына қатысты өзіндік ой-пікірлерін ашық айта білуге дағдыландыру;

7) қазақ әдебиеті шығармаларын оқыту арқылы мектеп қабырғасында қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту.

8. Оқыту үдерісінде «Қазақ әдебиеті» пәні төмендегі оқу пәндерімен тығыз байланыста оқытылады:

1) «Қазақ тілі»: филологиялық ғылым салаларын байланыстыра оқыту үздіксіз, жүйелі жүргізіледі, бұл арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту жүзеге асырылады;

2) «Орыс әдебиеті»: қазақ және орыс әдебиеттерін өзара байланыстыра оқыту әдеби көркем шығармалардың идеялық мәнін терең ұғуға, өзіндік ерекшеліктерін салыстыру арқылы ұлттық маңызын түсінуге мүмкіндік жасайды;

3) «Қазақстан тарихы»: әдебиет пен тарихты байланыстыру оқушылардың тарихи шындықты көркем шығармада бейнелеу ерекшеліктерін түсіну дағдыларын қалыптастырады және оқушылар нақты мәліметтерді талдай алуға, өзіндік баға беруге үйренеді;

4) «География»: көркем шығармада бейнеленген, суреттелген немесе оқиғалар өрбіген жердің географиялық ерекшеліктерін автор көзімен көруге, оны өзіндік байқауларымен, білімдерімен салыстыруға үйренеді;

5) «Музыка»: әдеби шығарма мен музыканының ішкі иірімдерін салыстыра алуға дағдыланады, әннің идеялық-көркемдік және эстетикалық маңызын, ұлттық ән-әуендегі мазмұны мен талғамын түсінуге мүмкіндік береді;

6) «Бейнелеу өнері»: әдебиет сабақтарында бейнелеу өнерінің туындыларын пайдалану оқушылардың кейіпкер бейнесі мен оқиғаларды, жалпы суреттелген мәселелерді көзбен көре, терең сезінулеріне мүмкіндіктер жасайды;

9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:

1) 10-сыныпта аптасына 1 сағаттан, барлығы – 34 сағат;

2) 11-сыныпта аптасына 1 сағаттан, барлығы – 34 сағатты құрайды;

10. Пәнді оқытудың вариативті бөлігі қосымша оқу бағдарламасы арқылы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде жүзеге асады.



  1. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны

11. 10-сыныпта «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуға 34 сағат бөлінген, оның ішінде, шығармаларды оқып, талдауға – 30 сағат, шығармашылық жұмыстарға -2 сағат, сыныптан тыс оқуға – 2 сағат.

12. Курстың мазмұны мынадай тақырыптарды қамтиды:

1) XIX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет, жалпы шолу −1 сағат (XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ елінің тарихи-әлеуметтік жағдайы. Кенесары Қасымов, Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс туралы. Қазақ еліндегі тарихи-әлеуметтік жағдайлардың қоғамдық санаға ықпалы. Қазақ даласындағы өмір құбылыстарын өлең, жыр, толғауларына арқау еткен қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері Байтоқ, Жанұзақ, Шернияз, Алмажан туралы. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті тарихында әртүрлі ағымдардың пайда болуы. «Зар заман» ақындарының шығармаларына ортақ сарын);

әдебиет теориясы: романтизм;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті;

2) Дулат Бабатайұлы «Аягөз» өлеңі мен «Еспембет» дастаны -2 сағат (Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет. Дулат – ХІХ ғасырдың орта кезіндегі қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып, түр жағынан байыта түскен, көркемдік тәсіл тұрғысынан жаңа сатыға көтерген ірі ақын. Дулат өлеңдеріндегі адам образдары, табиғат бейнесі. «Аягөз» өлеңінің тақырыбы мен көркемдік ерекшелігі, тіл оралымы. «Еспембет» дастанының сюжеттік маңызы. Дастандағы Еспембет образын сомдаудағы ақындық тәсілдер (жанама мінездеу, суреттеу). Еспембет дастанындағы соғыстың жалпы панорамасы, сол сияқты жеке көріністерді, жекпе-жек ұрыстарды сипаттаудағы ақындық шеберлік. Дастандағы Ақбөрте тұлпардың образы. Дулат жырларының көркемдік ерекшеліктері);

әдебиет теориясы: мінездеу, суреттеу;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;

өзіндік ізденіс жұмыстары: «Бес ғасыр жырлайды» кітабы;

3) Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн», «Қызғыш құс» өлеңдері -2 сағат (Ақынның өмір сүрген дәуірі. Халықтың арман-тілегі. Махамбет жырларындағы Исатай мен ақынның өз бейнесі. Поэзиясындағы реалистік, романтикалық сипат. Көркемдік ерекшелігі мен жанры. Ақын шығармаларының қазақ әдебиеті тарихындағы орны. Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн», «Қызғыш құс», өлеңдері – ұрпақтан-ұрпаққа ұлттық сана-сезім мен отаншылдықты жалғастыратын, елдік пен ерлік дәстүрін ұқтыратын шығармалар. Өлеңдерінде өзінің ақындық, батырлық болмысы, жан дүниесі, мақсат-мұратының жан-жақты көрінуі. Өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері мен тіл айшықтары);

әдебиет теориясы: ассонанс, символ, аллитерация, параллелизм, метафора, риторикалық сұрақ.

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка (Құрманғазы. «Кішкентай»). Электрондық оқулық (Махамбет туралы телесабақ) ;

4) Шортанбай Қанайұлы. «Зар заман» толғауы 1 сағат (Түркістан қаласы маңында дүниеге келген суырыпсалма ақынның шығармаларында ХІХ ғасырдың орта тұсындағы патша үкіметінің қазақ даласын отарлау саясатынан туындаған әлеуметтік өмірдің шынайы суреттелуі. «Зар заман» толғауында шарасыздық күйге түсу, келер күннен жамандық күту, болашақтан үміт үзу идеясының басымдығы);

әдебиет теориясы: эпитет, теңеу, метафора, синекдоха;

5) Сүйінбай Аронұлы «Бөрілі менің байрағым», «Бала Жамбылға батасы» өлеңдері-2 сағат (Сүйінбай Аронұлы – қазақтың ХІХ ғасырдағы көрнекті ақындарының бірі, ақындық айтыстың ірі өкілі. Сүйінбай – қазақ поэзиясын мазмұны, түрі, тақырыбы жағынан байытуда өзіндік орны бар ақын. Ол – халық мұңын мұңдап, үстем тап өкілдерінің әділетсіздігін бетіне басып әшкерелеп отырған батыл да әділ сыншы. «Бөрілі менің байрағым» - елдік пен ерлік, елдік рух тақырыбына арналған, ерліктің әнұраны іспеттес өлеңі. «Бала Жамбылға батасы» өленінің көркемдік ерекшелігі мен идеясы);

әдебиет теориясы: теңеу, әсірелеу;

6) Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Қашаған Күржіманұлы, Алмажан Азаматқызы, Мұрат Мөңкеұлы −1 сағат (ХІХ ғасыр поэзиясы – өз дәуірінің шындық жайларын жинақтап қамтыған көркемдік шежіре. Осы кезеңде өмір сүрген ақындар шығармаларында замана шындығының көрінісі, елдік, ізгілік, адамгершілік тақырыптары, сарындастық пен талант ерекшеліктері. Ақындар шығармаларынан көрінетін терең ойшылдық пен өткір сықақшылдық. Ең бастысы, қоғамдағы әділдікті, халықтың бақытты болашақ өмірін аңсауы); Әдебиет теориясы: троп түрлері;

7) Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі», «Қазақ халық поэзиясының түрлері» зерттеу еңбектері -2 сағат (Шоқанның өмірі мен шығармашылығы. Шоқан – қазақ халқының тұңғыш талантты ғалымы, әдебиет зерттеушісі. Шоқан – қазақ, қырғыз ауыз әдебиетін жинап зерттеуші, талантты ғалым, публицист, саяхатшы-географ. «Ыстықкөл күнделігі» - қырғыз елін жете зерттеуге қатысуынан, Ыстықкөл аймағының картасын түсіруге тиіс болған экспедициясының барысынан туындаған еңбегі);

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, орыс әдебиеті, театр (С.Мұқанов «Шоқан Уәлиханов» пьесасы) ;

8) Ыбырай Алтынсарин «Өнер, білім бар жұрттар», «Әке мен бала», «Талаптың пайдасы» әңгімелері -2 сағат (Ы.Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі. Оның жазушылық өмірінің ағартушылық идеясына өзектестігі, демократиялық-ағартушылық көзқарасының қалыптасуы. «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңінде оқудың, ғылым-білімнің пайдасының баяндалуы. Ыбырай – қазақ балалар жазба әдебиетін дамытушы және қазақ әңгіме жанрының негізін қалаушы. «Әке мен бала» әңгімесінің тәрбиелік және тәлімдік мәні. Мазмұнының өнегелік жағына ерекше мән берілуі. Әңгімелерінің көркемдік ерекшелігі);

әдебиет теориясы: әңгіме туралы түсінікті дамыту;

9) Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әр неге», «Білімдіден шыққан сөз», «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңдері, «Қараңғы түнде тау қалғып», «Теректің сыйы», «Татьянаның хаты», «Онегиннің хаты» аудармалары -6 сағат (Абайдың өмірі мен шығармашылық жолы. Ұлы ақын өлеңдерінің құдіреті туралы, Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары. Ақынның тіл байлығы. «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әр неге», «Білімдіден шыққан сөз», «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» - жас ұрпаққа деген аталық мейірден, үміт пен сенімнен туған өсиет өлеңдері. Өлеңдерінің негізгі идеясы - ғылымды меңгеруді, адам бойында қайырымдылық пен адалдық, қайрат пен ақылдың болуын насихаттау және жат қылықтардан бойын аулақ ұстау. Абай шығармашылығындағы аударманың орны. Абай өзі өте жоғары бағалап, сүйіп оқыған Пушкин, Лермонтов, Крылов туындыларын қазақша сөйлетуі);

әдебиет теориясы: лирика ұғымын кеңейту;

пәнаралық байланыс: музыка, «Абай» операсынан фрагменттер, бейнелеу өнері (Ә.Қастеев «Жас Абай»), электрондық оқулық («Дара Абай – Дана Абай» телесабақ) ;

10) Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны -1 сағат (Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылық жолы. Түрік, араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгеруі, дүниежүзі мәдениетімен таныс болуы. Шәкәрімнің өнер- білім, адамгершілік, болашақ, махаббат туралы лирикалық өлеңдері. «Еңлік-Кебек» дастаны – эпикалық жанрда жазылған көлемді шығармасының бірі. Дастанда ақынның демократиялық-гуманистік көзқарасының көрінуі, кейіпкерлер бейнесін даралап берудегі шеберлігі поэма оқиғасының терең драматизмге құрылуы. Ел ішіндегі оқиға желісінің поэмаға басты арқау болуы. Дастандағы батыр Кебек пен сұлу қыз Еңліктің бейнелері);

әдебиет теориясы: дастан туралы ұғым;

пәнаралық байланыс: театр («Еңлік-Кебек» пьесасы, кино («Шәкәрімнің соңғы күзі)» ;

11) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Сарыарқаның кімдікі екендігі» шығармасы −2 сағат (Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – ақын, ақылгөй, данышпан, философ. Шығармаларында орын алған білім, жер мәселесі, сөз бостандығы және халық бостандығы мәселелері. Өлеңдерінің басты тақырыбы мен идеясы жастарды оқуға, білім алуға, өнерге ұмтылу мен оқып жетілу, мәдениетті күшті ел болуға үндеу болып табылады. Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерін – дастандар мен хикаяларды, тарихи жырларды «Ер Көкше», «Сайын батыр», т.б. жинап, Бұқар жырау, Шортанбай, Шөже, т.б. ақын-жыраулардың әдеби мұрасын хатқа түсіріп қалдыруы);

әдебиет теориясы: дастан туралы ұғымды дамыту,риторикалық сұрау;

12) Мағауия Құнанбаев «Медғат – Қасым» поэмалары -1 сағат (Өмірі мен шығармашылығы. Әкесі Абайдың әсерімен орыстың классикалық әдебиетін оқып, үлгі алуы. Абайдың берген материалдары және кеңесі бойынша «Еңілік – Кебек», «Медғат – Қасым» поэмаларын жазуы. Мағауия – қазақ әдебиетіне романтикалық поэманың үлгісін енгізуші. «Медғат – Қасым» - қазақ жазба әдебиетіндегі өзге халық өмірінен жазылған көркемдігі жоғары, алғашқы романтикалық поэма. Поэманың композициясы, бейне жасау тәсілдері, тілдік кестесі);

әдебиет теориясы: романтизм;

13) Жамбыл Жабаев «Шағым» өлеңі, «Жамбыл мен Құлмамбет айтысы» -2 сағат (Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы. Өлеңдерінің көркемдік сипаты. Сыншылдық-сатиралық сарын. «Шағым» – Жамбылдың ақындық жолындағы кедергілерді жеңуге деген қайсарлығын және ақындық айтқыштығын танытатын алғашқы өлеңдерінің бірі. Жамбылдың Құлмамбетпен айтысы. Іле бойындағы үлкен бір жәрмеңкеде ақындардың кездесіп, бір-бірімен айтысуы. Ақындардың өз кезінің әлеуметтік өткір мәселелерін көтерумен, халықтық, гуманистік сипатымен, образды өлең өрнегімен, идеялық-мазмұндық жаңалықтарымен ерекшеленуі. Басқа айтыстардан айырмашылығы);

әдебиет теориясы: сатира туралы ұғымды кеңейту;

пәнаралық байланыс: тарих, тіл білімі, кино («Жамбылдың жастық шағы», 1996 ж. Сценарий авторы М.Жолдасбеков; режиссері Қ.Қасымбеков);

14) ХІХ ғасырдағы әнші-ақындар шығармашылығы жалпы шолу -4 сағат (ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі әнші-ақындар шоғыры. Жаяу Мұса, Мұхит, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақтар – тума талант, табиғи дарын иелері. Олардың поэзия, музыка саласындағы мол мұрасы. Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Мұхит, Әсет, Үкілі Ыбырай, Естайлардың әрқайсысы әуен-сазын өзі шығарған аса көрнекті сазгер, өзі орындайтын ұлы әнші, өлеңдерін де өзі тудырған тамаша ақындар. Біржан сал: «Ләйлім» «Жанбота», «Көкек», «Жамбас сипар» өлеңдері; Ақан сері: «Сырымбет», «Балқадиша», «Маңмаңгер», «Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек», «Жақсы мен жаман», «Ләйлім шырақ», «Құлагер»; Жаяу Мұса: «Сұрша қыз», «Ақ сиса», «Көгаршын», «Хаулау»; Балуан Шолақ: «Ғалия», «Желп-желп», «Кенже қоңыр», «Дікілдек»; Үкілі Ыбырай: «Гәкку», «Шалқыма», «Қалдырған»; Әсет Найманбаев: «Арғынмын, атым – Әсет арындаған», «Тоты», «Қор болмас зерек адам ақылы бар», «Адамның жасы жөнінде»);

15) қорытынды – 1 сағат.



  1. Каталог: files -> blogs
    blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
    blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
    blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
    blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
    blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
    blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
    blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
    blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
    blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
    blogs -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) Ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет