Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина


Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет4/17
Дата05.11.2016
өлшемі3,94 Mb.
#1018
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны

13. 10-сыныпта «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуға 34 сағат бөлінген, оның ішінде, шығармаларды оқып, талдауға – 30 сағат, шығармашылық жұмыстарға -2 сағат, сыныптан тыс оқуға – 2 сағат.

14. Курстың мазмұны мынадай тақырыптарды қамтиды:

1) ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті, жалпы шолу -1 сағат (ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның тарихи-әлеуметтік жағдайы. 1905-1907 жылдардағы революция мен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ел өміріне әсері, әдебиет пен мәдениеттің дамуына ықпалы. ХХ ғасыр басындағы әдебиетте жаңа жанрлардың пайда болуы. Қазақ тіліндегі басылымдардың жарық көруі және елдің рухани дамуына әсері. Алғашқы қазақ романының өмірге келуі. Проза жанрының классикалық үлгіде дамуы. Әдеби бағыттардың пайда болуы); әдебиет теориясы: әдеби ағымдар мен бағыттар туралы түсінік;

2) Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» еңбегі -1 сағат (А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына шолу. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әдебиеті, мәдениеті, тарихындағы ірі тұлға, аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, ақын, аудармашы. «Әдебиет танытқыш» - қазақ тіліндегі әдебиет теориясы туралы алғашқы еңбек. А.Байтұрсынов қазақ тілінде тұңғыш рет әдебиеттану терминдерін қалыптастырды. «Әдебиет танытқыш» еңбегінде көркем шығарманың сыры мен сипаты, жанрлық ерекшеліктері, композициялық құрылымы жан-жақты қарастырылған. Аталған еңбектің сөз өнерін танып, пайымдауымыздағы рөлі)

әдебиет теориясы: әдеби жанр туралы түсінік;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, электрондық оқулық: А.Байтұрсынов (мұражайлық телесабақ, 2009);

3) Міржақып Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы -1 сағат (Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығына шолу. Дарынды ақын әрі жазушы, публицист. Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романның авторы. «Бақытсыз Жамал» – қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман. Шығарманың жанрлық ерекшелігі. Романда суреттелген әлеуметтік теңсіздік мәселелері және қазақ әйелдерінің тағдыры. Жамал бейнесінің реалистік сипаты, автордың образ сомдау және адам психологиясын суреттеу шеберлігі);

әдебиет теориясы: роман, эпикалық жанр;

4) Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шәкірт ойы», «Бір адамға», өлеңдері −1 сағат (Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолы. ХХ ғасыр басындағы демократтық-ағартушылық әдебиеттің көрнекті өкілі. Ақын лирикасындағы азаматтық сарын және әлеуметтік қайшылықтарды суреттеуі. «Шәкірт ойы», «Бір адамға» өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі. Өлеңдеріндегі оқу-білім тақырыбы);

әдебиет теориясы: ирония мен сатира туралы түсінік;

5) Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік», «Сыр сандық» өлеңдері -1 сағат (Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына шолу. Өлеңдерінің реалистік сипаты, демократтық-ағартушылық бағытта және Қазан төңкерісі туралы жазылған шығармалары. Ақынның табиғат лирикасы. Суреткерлік шеберлігі. Сәкен – қазақ мәдениеті мен тарихында қайталанбас өзіндік орны бар, азамат, күрескер ақын, тоталитарлық қоғам құрбаны. «Ақсақ киік» өлеңінде табиғатты, оның аңдарын қорғау мәселесінің басты проблема болып көтерілуі);

әдебиет теориясы: аллегория;

6) Мағжан Жұмабаев «Орал тауы», «Мен жастарға сенемін», «Шолпы» өлеңдері -1 сағат (Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық жолы. М. Жұмабаев – әдебиетте қайталанбас өзіндік қолтаңба қалдырған дарынды тұлға. Мағжан өлеңдеріндегі халықтық рух, азаматтық әуен, ағартушылық-демократтық сарын. Мағжанның табиғат, махаббат лирикасы. Мағжан лирикасындағы ақындық «мен». Поэзиясындағы бейнелілік, суреттілік. Метафоралық қолданыстар. Ақын поэзиясының романтикалық, реалистік сипаты);

әдебиет теориясы: лирика жанры;

7) Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы-1 сағат (Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылығына шолу. Жүсіпбек Аймауытов – дарынды жазушы, драматург, ғалым, аудармашы, көсемсөз шебері. «Ақбілек» романы. Романның тақырыбы – ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік жағдай және өмір шындығы. Адамдар тағдырындағы өзгерістерді берудегі жазушының суреткерлік шеберлігі. Ақбілек образының ұлттық сипаты және психологиялық күйзелісінің шығармада көркем жинақталуы. Романдағы басқа да кейіпкерлер. Жазушының пейзаж бен портрет жасау ерекшелігі);

әдебиет теориясы: мінездеу;

8) Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты -1 сағат (Б.Майлиннің шығармашылығына шолу. Ақын поэзиясының тақырыптары мен көркемдік ерекшеліктері. Б.Майлиннің прозасы. Шығармашылығының басты тақырыбы – қарапайым еңбек адамы, қазақтың қалың бұқарасының қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі жаңалықтарға байланысты сана-сезімдегі өзгерістері. Майлин – әңгіме жанрының шебері. Б.Майлин – драматург. Роман, хикаяттарына жалпы шолу. «Шұғаның белгісі» - проза жанрындағы тұңғыш туындысы. «Шұғаның белгісі» - жастардың теңдік, еркіндікті аңсап, әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген шығарма. Хикаяттағы басты мәселе - әйел теңсіздігі, бірін-бірі сүйген жастардың махаббат бостандығы. Хикаятта аяулы Шұға сұлу мен кедейден шыққан мақтаулы, оқыған жігіт Әбдірахманның қайғылы тағдырларының суреттелуі);

әдебиет теориясы:көркем шығарма құрылысы (сюжет, композиция);

9) Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасы -1 сағат (Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы. Ілияс лирикасының негізгі тақырыптары. Табиғат лирикасы. Ақын лирикасындағы суреттілік, бейнелілік. «Құлагер» поэмасының тақырыбы. Поэмада қазақ өмірінің тыныс-тіршілігі, әлеуметтік тартыс-күресі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, үстем таптың озбырлығы, заманынан өгейлік көрген ақын қайғысы, ақынның тіл шеберлігі, айшықты сөз өрнегі арқылы биікке көтерілуі. Поэманың сюжеттік желісі мен композициялық құрылымы. Көркемдігі мен тіл айшығы);

әдебиет теориясы: градация туралы түсінік;

пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті, Қазақстан тарихы, қазақ тілі, музыка, «Ақан сері» фильмі;

10) Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім», «Алатауды айналсам» өлеңдері -1 сағат (Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына шолу. Ж.Жабаев – шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. «Ленинградтық өренім» – халық басына күн туған Ұлы Отан соғысы жылдарында қарт ақын жауынгерлерді жігерлендіретін жалынды өлеңімен Ұлы Жеңіске үлес қосуы арқылы туындаған өлеңі. Өлеңдегі халықтар достығы мен ерлікті жырлануы)

әдебиет теориясы: айтыс өнері туралы түсіні, портрет;

11) Сәбит Мұқанов «Балуан Шолақ» повесі -1 сағат (Сәбит Мұқановтың шығармашылық жолы. Әдебиеттің барлық жанрында сүбелі туындылар берген ірі суреткер. «Балуан Шолақ» повесінің тақырыбы. Нұрмағанбеттің Шолақ атануы. Балуанның бойындағы күш-қайраттың бала кезден-ақ байқала бастауы. Балуан Шолақтың күш сынасқан палуандары. Шығарманың сюжеттік желісі мен композициялық құрылымы. Шығарманың объективті идеясы);

әдебиет теориясы: ақындық тұлға немесе лирикалық қаһарман туралы;

12) Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді -1 сағат (Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына шолу. Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі. Проза және драматургия жанрларын өркендетуге қосқан үлесі. «Абай жолы» роман-эпопеясы – әлемдік әдебиеттің алтын қорына енген шығарма. Эпопеяның тарихилық, этнографиялық сипаты. Романдағы Абайдың азаматтық, ақындық бейнесі. «Абай жолы» роман-эпопеясы – әлемдік әдебиеттің алтын қорына енген шығарма екендігі. Эпопеяның тарихилық, этнографиялық сипаты. Романдағы Абайдың азаматтық, ақындық бейнесі);

әдебиет теориясы: образ туралы түсінік;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, география, электрондық оқулық (Бөрілі мұражайы);

13) Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романынан үзінді -1 сағат (Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы. «Қазақ солдаты» - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ жауынгерінің ерлігін көркем бейнелеген патриоттық шығарма. Қаламгердің соғыс тақырыбын меңгеру жолындағы ізденістері. Жазушының роман кейіпкері Қайроштың балалық шағынан қанды соғысқа қатысқанына дейінгі өмірін шебер суреттеуі. Шығарманың сюжеттік желісі мен композициялық құрылымы. Жазушының адам портретін жасау шеберлігі, тіл көркемдігі, стилі. Шығарманың өн бойындағы халқымыздың адамгершілік, азаматтық, батырлық, ерлік болмысының жарқын көріністері.

әдебиет теориясы: баллада туралы, баяндау, суреттеу, диалог туралы түсінік.

пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, орыс әдебиеті, электрондық оқулық (Ғ.Мүсірепов мұражайы);

14) Ғабиден Мұстафин «Шығанақ» повесі -1 сағат (Ғ. Мұстафиннің жазушылық қызметі туралы. Тарихи тақырыптағы және өндіріс тақырыбындағы шығармаларын шолу. Шығармасындағы еңбек адамының образы. Шығанақ бейнесі. Жазушының стилі, сөз қолдану ерекшелігі);

әдебиет теориясы: стиль туралы ұғым;

15) Қасым Аманжолов «Дүниеге жар», «Туған жер» өлеңдері -1 сағат (Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы. Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдегі шығармашылық ізденістері. Ұлы Отан соғысы кезінде туған шығармалары. Соғыстан кейінгі жылдары жазылған өлеңдері. Лирикасы. Поэмалары. Ақын поэзиясындағы романтизм мен реализм. Поэзиясындағы достық пен махаббат, елдік пен ерлік мәселелерінің көркем жинақталуы. «Дүниеге жар», «Туған жер» өлеңдері тақырыптарының алуан түрлілігі. Ақын өз өлеңдеріңде ақынның қоғамдағы орны мен парызы, поэзияның құдыретті күші, ерлік пен елдік туралы сөз қозғауы);

әдебиет теориясы: поэма туралы ұғымды тереңдету;

16) Әбділда Тәжібаев «Сыр жыры» топтамасы -1 сағат (Ә.Тәжібаевтың шығармашылық жолы. Жазушының поэзия, драматургия және әдебиеттану ғылымы саласында қатар еңбек етуі. Лирикасы, поэмалары. Толғауларындағы заман жайлы ірі ойлары. Шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері. «Сыр жыры» циклдік өлеңдерінің тақырыбы, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік, сағыныштың көркем жинақталуы. Туған жер табиғатының реалистік бейнесі. Лирикадағы жеңіл юмор);

әдебиет теориясы: образды жинақтау және даралау тәсілдері;

17) Ілияс Есенберлин «Қаһар» романы -1 сағат (Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына жалпы шолу. Жазушы шығармашылығындағы тарихи тағылым. Тарихи роман жазуға барудағы мақсаты. Тоталитарлық кезеңдегі қазақ тарихы мәселесі. «Қаһар» романының тақырыбы мен оқиғалар сабақтастығы. Қаламгердің ұлт санасын оятудағы ізденістері. Кенесары бейнесі. Шығарманың көркемдігіне қатысты ойлар. Романдағы өмірдің өзекті мәселелері, тақырыптық ерекшеліктері және ізденіс арналары);

әдебиет теориясы: тарихи роман;

18) Сырбай Мәуленов «Сырласу сағасында», «Құлын», «Сәкен» өлеңдері -1 сағат (Сырбай Мәуленовтің өмірі мен шығармашылық жолы. С. Мәуленов қазақ поэзиясына өзінің сыршыл да әуенді лирикасымен келген жыр алыбы. С.Мәуленов - лирик ақын. Табиғат лирикасы. Ақын өлеңдеріндегі соғыс суреттері. Сырбай өлеңдеріндегі сыршыл сезім. Сырбай өлеңдеріндегі ұйқас, ырғақ, тіл көркемдігі. С. Мәуленов өлеңдері тақырыптарының жан-жақтылығы мен сан қырлылығы: Отан, өмір тұрмысы, туған елдің табиғаты);

әдебиет теориясы: силлабикалық өлең;

19) Жұбан Молдағалиев «Мен - қазақпын» поэмалары -1 сағат (Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығына шолу. «Мен - қазақпын» поэмасының жанры, ондағы публицистикалық сарын, эпикалық кеңдік, елжандылық, асқақтық рух. Поэманың негізгі тақырыбы. Ақынның елі алдындағы бірінші – халқын, ұлтын таныта білуі. Тіл көркемдігі, сюжеттік даму сипаты, ұйқас үйлесімі, екпін мен ырғақ ерекшелігі. Поэманың идеялық мұраты);

әдебиет теориясы: екпін;

20) Тахауи Ахтанов «Шырағың сөнбесін» романы -1 сағат (Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы туралы. «Шырағың сөнбесін» романының тақырыбы, идеясы. Романдағы өмір сүйгіштік рух. Нәзира бейнесі. Шығарманың реалистік сипаты. Жазушының тілі);

әдебиет теориясы: тақырып пен идея;

21) Әбдіжәміл Нұрпейісов «Қан мен тер» трилогиясына шолу -1 сағат (Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығына шолу. Ә.Нұрпейісов – төл әдебиетіміздің дамуына, қалыптасуына үлкен үлес қосқан қазақ жазушысы. «Қан мен тер» трилогиясы - жазушының күрделі туындысы. Трилогиясының көтерген тақырыбы – ХХ ғасыр басындағы Арал балықшыларының өмірі, қазақ даласындағы қоғамдық-саяси өзгерістер. Шығарманың жанрлық сипаты. Шығармадағы Еламан, Ақбала, Тәңірберген, Судыр Ахмет образдары - типтік бейне. Романдағы тартыс. Жазушының мінез сомдау шеберлігі);

әдебиет теориясы: сарказм, ирония;

22) Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» өлеңі, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы -1 сағат (Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық қызметі. Қазақ поэзиясына қосқан үлесі. Лирикасы мен поэмалары. Мұқағали өлеңдерінің өзге ақындар шығармаларынан өзгешелігі. Поэзиясының негізгі тақырыбы. Поэмаларының тақырыптары. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының сюжеті, композициялық құрылымы. Ұйқас, ырғақ ерекшелігі. Табиғат лирикасы. Тілінің көркемдігі, оралымдығы, тілге жеңілдігі, ойға тереңдігі, айшықты суреттілігі);

әдебиет теориясы: троптың түрлерін дамыту;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарих, география, электрондық оқулық «Бір өлеңі бір елдің мұрасындай» телесабақ);

23) Қадір Мырза-әли мен Тұманбай Молдағалиев «Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру» өлеңдері «Студент дәптері» жинағы -1 сағат (Ақындардың шығармашылықтарына шолу. Оның ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясындағы философиялық лириканың аса ірі өкілдері екендігі. Қ.Мырзалиев - қазақ поэзиясындағы фәлсафалық лириканың аса ірі өкілі. Ақын өлеңдеріндегі адам өмірі, әлем тағдыры, табиғат тіршілігі, келешек ұрпақ қамы мәселелерінің өзара үйлесімі. Оның поэзиясының көркемдік ерекшелігі. Ақынның тапқыр ой, тың теңеу, соны сурет салуға шеберлігі. Өлеңдерінің тәрбиелік мәні. «Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру» өлеңінің идеялық мұраты мен көркемдік ерекшеліктері. Тіл оралымы мен айшықты суреттелуі. Қадыр поэзиясының ұлттық сипаты. Тұманбай Молдағалиев – махаббат, жастық, көктем жыршысы. Т.Молдағалиев – қазақ поэзиясындағы сыршыл лиризмді дамытушы. «Студент дәптері» - алғашқы өлеңдер жинағы. Лирикалық шығармаларындағы нәзік сезім, асқақ арман, кіршіксіз сезім мен ынтық жүрек жылуы);

әдебиет теориясы: теңеу, риторикалық сұраулы сөйлем ұғымын тереңдету;

24) Қабдеш Жұмаділов «Соңғы көш» диологиясына шолу -1 сағат (Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылық жолына шолу. «Соңғы көш» диологиясы. Шығармада көтерілген негізгі мәселелер, бодан ел тағдырының көркем жинақталуы. Романдағы Қанағат би және Естай образдары. Шығарманың жанрлық сипаты. Жазушының тіл көркемдігі;

әдебиет теориясы: пейзаж бен портрет;

25) Олжас Сүлейменов. «Қасқырдың бөлтіріктері» өлеңі -1 сағат (Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығына шолу. О. Сүлейменов – XX ғасырдың аса көрнекті ақындарының бірі. Ақынның өз шығармаларын орыс тілінде жазатыны. Ақын өлеңдеріндегі ұлттық рух, қазаққа тән дүниетаным көріністері);

әдебиет теориясы: деректілік;

26) Оралхан Бөкей. «Тортай мінер ақ боз ат» -1 сағат (О. Бөкеевтің өмірі мен қызметі туралы мәлімет. Қаламгердің алғашқы әңгімелері мен повестері. «Тортай мінер ақ боз ат» әңігмемесіндегі реалистік сипат. Әңгімедегі образдар жүйесі. Сюжеті мен композициясы. Шығарманың тіл көркемдігіне қатысты ой-пікірлер. Жазушы шығармаларындағы адам мен табиғат тұтастығы);

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы (Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақ халқының тылдағы ерліктері);

27) Мұхтар Шаханов «Төрт ана» өлеңі -1 сағат (Мұхтар Шахановтың шығармашылығына шолу. Ақын өлеңдерінің құрылымдық ерекшелігі. Т.Айбергенов пен М.Шаханов поэзиясы арасындағы байланыстар. Шаханов поэзиясына тән өршілдік, қызу интонация, жоғары пафос мәселелері. Мұхтар поэзиясындағы сюжеттілік. Шығармаларында тартыстың оқиға соңында ерекше шешімін табу сипаты. Шаханов лирикасындағы көне дәстүр мен жаңашылдық); Әдебиет теориясы: метонимиялық қолданыстар;

28) Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті -2 сағат (Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде еліміздің экономикасымен қатар ұлттық идеологиясы да тұрақтап, қалыптасуы. Ақын-жазушыларымыз өз шығармаларында тәуелсіздік жеңістерін, сондай-ақ егемендікті нығайту үшін күресіп жүрген адамдар тағыдырын суреттеп, бейнелеуі. Қазіргі жас ақын-жазушылардың әр бағытта ой толғап, әр алуан тақырыптарға қалам тартуы. Мысалы, таза ұлттық дәстүрді жырлау, исламдық бағытта жазу, батыс үлгісіне еліктеушілер);

әдебиет теориясы: әдеби ағымдар;

29) қорытынды – 1 сағат.



  1. 10-11-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

15. 10-сыныптың соңында оқушылар пәндік нәтижелер бойынша:

1) әдеби шығармаларды ұлттық құндылық ретінде ұғынып, ХІХ ғасыр және қазіргі заман әдебиеті үлгілерін;

2) ақын-жазушылардың шығармашылық өмірбаяны мен шығармашылығын;

3) шығарманың көркемдік ерекшеліктерін;

4) эпикалық, лирикалық және драмалық туындылардағы басты кейіпкер келбетін білуі тиіс.

5) көркем шығарманың негізгі мазмұнын, идеялық-тақырыптық мәнін;

6) өзіндік ізденіс жұмыстарына ұсынылатын шығармаларды өздігінен оқып талдауды;

7) көркем шығармалар негізінде қазақ халқының мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін, мінез-құлқын, адамгершілік құндылықтарын;

8) шығарманың құрылымын талдау дағдыларын;

9) жазба жұмыстарын (эссе, шағын шығарма жазу, т.б.) орындауды;

10) әдеби білімдері негізінде ұтқыр да, шешен сөйлеу дағдыларын, көпшілік алдында өзіндік көзқарасын білдіруді меңгеруі тиіс.



16. 11-сыныптың соңында оқушылар:

1) әдеби шығармада бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлер әрекетіне өзіндік көзқарасын білдіруді;

2) мәнерлеп оқудың барлық элементтерін қолдануды;

3) ұлттық мұра ретінде танылған үздік шығармалардың тарихи сипатын, маңызын;

4) әдеби тақырыпқа реферат жазып, жоспарын, тезисін дайындауды;

5) компьютермен, техникалық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп, интернет арқылы әлем әдебиетімен таныса алуды;

6) әдебиеттің басқа өнер түрлерімен (бейнелеу, сәулет, саз, мүсін, театр, кино, т.б.) байланысын түсіндіре алуды;

7) сыныптан тыс және қосымша оқуға ұсынылған әдеби-көркем шығармаларды өздігінен оқуды;

8) берілген мәтіндерді баяндалу тәсіліне қарай жүйелеп, толықтырулар енгізуді білуі тиіс.

9) көркем шығарманың негізгі мазмұнын, мәнін;

10) әдебиеттің өнер түрлерімен байланысын;

11) оқыған көркем туынды бойынша шығармашылық жазба жұмыстар орындауды;

12) әдебиеттің өзге ғылымдармен сабақтастығын;

13) сөйлеу дағдыларын меңгеріп, өзіндік көзқарасын білдіруді;

14) әдебиеттану терминдері сөздіктерін, энциклопедияларды пайдалануды;

15) ұлттық мұра ретінде танылған үздік шығармалардың тарихи сипатын, маңызын көркемдік шындық тұрғысынан түсінуді;

16) әдеби білімдері негізінде көпшілік алдында өзіндік пікір білдіруді;

17) шығармада бейнеленген өмір шындығы мен автордың ойын тани алуды және т.б. меңгеруі тиіс.

17. Тұлғалық нәтижелер:

1) қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;

2) ұлттық құндылықтар мен әлемдік азаматтық құндылықтарды салыстыра пайымдап, дәріптей білуінен;



3) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен;

4) көркем туындының кейіпкері туралы қойылған жағдаяттық сұрақтарға жауап беруде әдеби тіл нормалары мен пікірталас мәдениеті талаптарын сақтай білуінен;



5) қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы өз көзқарасын негіздей алуынан және жұртты сендіре білуінен;

6) өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз еңбекке ынта-ықыласы мен қабілеттілігін танытуынан;

7) белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен көрініс табуы тиіс.

18. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:

1) қазақ әдебиетінен алған білімдерін шығармашылық жұмыстарда;

2) қазақ әдебиетінен алған білімдерін басқа салаларда ақпарат көзі ретінде пайдалана алуы;

3) қазақ әдебиетінен алған білімдері негізінде көркем ойлай алатын және өз ойларын бейнелі тілмен шешен жеткізуге дағдылануы;

4) оқырман мәдениеті мен қаламгер шығармашылығына құрметпен қарау мәдениетін игеруі;

5) қазақ әдебиетін әлем әдебиеті аспектісінде түсініп, әдеби үдеріске талдау жасай алуы;

6) өзіне қажетті ақпаратты іріктеп алып, өңдеп, өзгелерге түсінікті етіп жеткізуге дағдылануы;

7) әдебиеттану терминдері сөздіктерін, энциклопедияларды;

8) көркем әдебиет туралы ғылыми сын мақалаларды түсініп оқып, көркемдегіш құралдарды әдеби талдауда орынды қолдануы тиіс.

Учебная программа по предмету «Қазақ әдебиеті»

(естественно-математическое направление)



1.Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес әзірленген.

2. Қазақ әдебиеті – қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Әдебиет пәні – шәкірттердің әдеби білік-дағдыларын жетілдіретін, адамгершілікке, әсемдікке тәрбиелейтін пән.

3. Оқушылар өзге тілді мектептерде қазақ әдебиетін оқи отырып, қазақ халқының әдеби, мәдени, тарихи көркем туындыларымен танысу арқылы тілдік ортаны кеңейтеді.

4. Бағдарлама оқытудың жаңа талаптарына сай мазмұндық, құрылымдық және әдістемелік жағынан жаңартылып отыр. Бағдарламада ақын-жазушылар шығармашылығы хронологиялық сипатта ұсынылды. Сонымен қатар өзіндік ізденіс және пәнаралық байланыста әдебиетті электронды оқытуға байланысты тақырыптық жүйеде телесабақтар берілді.

5. Бағдарламада берілген білім мазмұны қазақ тілінде еркін, жетік сөйлей алатын мәдениетті тұлғаның қалыптасуы мен дамуына қызмет ететін туындылардан тұрады. Көркем туындылар оқушының жас ерекшелігіне, психологиялық даму қабілетіне сәйкес ықшамдалып алынған шығармалар тізбегін құрайды.

6. Қазақ тілді емес мектептердегі оқушыларды қазақ халқының төл туындыларымен таныстыра отырып, олардың бойында мемлекеттік тілді құрметтеу мен отансүйгіштік сезімін қалыптастыру міндеті туындайды. Пәнді оқыту оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамытуда да маңызды қызмет атқаруы тиіс.

7. Пәнді оқыту мақсаты- қазақ халқының мәдениетін, әдебиеті мен өнерін танып білуге үйрету, сондай-ақ ұлттық құндылықтарымызды құрметтей білетін тұлға қалыптастыру. Оқушылардың бойына адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру.

8. Пәнді оқыту міндеттері:

1) белгілі бір кезеңдегі әдебиет үлгілерімен таныстыру;

2) сол кезеңнің көрнекті ақын-жазушылары туралы мәлімет беру;

3) қазақ тілінде өз ойларын ауызша, жазбаша баяндауды меңгерту;

4) қазақ әдебиеті пәні негізінде оқушыларды қазақ халқының мәдениетіне, тарихына, салт-дәстүріне деген құрмет сезімін қалыптастыру;

5) оқушының бойында рухани-адамгершілік мәндегі құндылықтарды қалыптастыру, отансүйгіштік, төзімділік сезімдерін дамыту;

6) оқыған шығармаларына қатысты өзіндік ой-пікірлерін ашық айта білуге дағдыландыру;

7) қазақ әдебиеті шығармаларын оқыту арқылы мектеп қабырғасында қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту.

9. Беріліп отырған бағдарлама әдеби білім мазмұнын толық қамти отырып, оқушылардың нәтижелі білім алуының барлық мүмкіндіктерін орайластырады:

1) «Қазақ әдебиеті» пәні «Қазақ тілі», «Орыс әдебиеті», «Қазақстан тарихы», «География», «Музыка», «Бейнелеу өнері» пәндерімен тығыз байланыста оқытылады;

2) «Қазақ тілі» филологиялық ғылым салаларын байланыстыра оқыту үздіксіз, жүйелі жүргізіледі, бұл арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту жүзеге асырылады;

3) «Орыс әдебиеті» қазақ және орыс әдебиеттерін өзара байланыстыра оқыту әдеби көркем шығармалардың идеялық мәнін терең ұғуға, өзіндік ерекшеліктерін салыстыру арқылы ұлттық маңызын түсінуге мүмкіндік жасайды;

4) «Қазақстан тарихы» әдебиет пен тарихты байланыстыру оқушылардың тарихи шындықты көркем шығармада бейнелеу ерекшеліктерін түсіну дағдыларын қалыптастырады және оқушылар нақты мәліметтерді талдай алуға, өзіндік баға беруге үйренеді;

5) «География» көркем шығармада бейнеленген, суреттелген немесе оқиғалар өрбіген жердің географиялық ерекшеліктерін автор көзімен көруге, оны өзіндік байқауларымен, білімдерімен салыстыруға үйренеді;

6)«Музыка» әдеби шығарма мен музыканының ішкі иірімдерін салыстыра алуға дағдыланады, «Бейнелеу өнері» әдебиет сабақтарында бейнелеу өнерінің туындыларын пайдалану оқушылардың кейіпкер бейнесі мен оқиғаларды, жалпы суреттелген мәселелерді көзбен көре, терең сезінулеріне мүмкіндіктер жасайды.

10.Оқу жүктемесінің көлемі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:


  1. 10-сыныпта аптасына 1 сағаттан, барлығы – 34 сағат;

  2. сыныпта аптасына 1 сағаттан, барлығы – 34 сағат оқытылады.

11. Пәнді оқытудың вариативті бөлігі қосымша оқу бағдарламасы арқылы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде жүзеге асады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет