Нағыз көп клеткалылар eumetazoa. СӘулелілер radiata, Қос қабаттылар diploblastica


Коралл (маржан) рифтерi және олардың жер қыртысын қалыптастырудағы маңызы



бет10/11
Дата26.09.2023
өлшемі0,65 Mb.
#182567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
file-1533 9

Коралл (маржан) рифтерi және олардың жер қыртысын қалыптастырудағы маңызы. Маржан полиптердiң көпшiлiгi қаңқасы жақсы дамыған колониялы формалар болып келедi. Осылардың арасында кең тараған, мықты бiр тұтас құрылысты iзбестi қаңқасы бар тобы - мадрепоралы немесе тасты маржандар. Қаңқасының күштi жетiлуiне байланысты олар рифтер мен аралдарды құрап, жер қыртысының қалыптасуына қатысады.
Рифтер негiзiнен - жағалық, бөгеттiк (барьерлiк) және атолл болып қалыптасады. Жағалық рифтер судың жиегiнде, барьерлiк- жағалауларға параллель, бiрақ едәуiр қашықтықта су iшiнде орналасады. Австралияның шығыс жағындағы барьерлiк рифтiң ұзындығы 1400 км-ге созылады. Рифтер негiзiнен тiрi және өлi полиптердiң қаңқаларынан түзiледi.
Атолл - сақина пiшiндi маржанды арал, теңiз бетiнен аздап көтерiлiп дөңгелек төбешiк, ортасында теңiз суына толы айдыны (лагуна) болады. Оның беткi қабаттарында көп жағдайда су толқынымен және желмен әкелiнген өсiмдiк тұқымдары өнiп гүлдi аралға айналады.
Коралл рифтерiн түзушi полиптердiң қалдықтары өте ерте геологиялық дәуiрлерде табылған. Палеозой эрасында рифтердi қалыптастыруға қатысқан өлiп кеткен Rugosa және Tabulata класс тармағының өкiлдерi, ал Мезозой мен Кайнозойда қазiргi риф түзушi полиптерге ұқсас түрлерi қатысқан.
Маржан полиптердiң қаңқасы құрылыс, өңдеу материалдары ретiнде пайдаланылады.
Маржан полиптер класы бес класс тармағына бөлiнеді, оның үшеуi құрып кеткен, екеуi ғана бар.


СЕГIЗ СӘУЛЕЛI МАРЖАНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - OCTOCORALLIA.

Бұл класс тармағына жататын полиптердiң сегiз қармалауышы, сегiз септасы, сегiз камерасы болады. Қаңқасы iштей орналасып, мезоглея қабатында түзiледi. Негiзгi отрядтары: альционария - Alcyonaria, мүйiздi маржандар - Gorgonaria, теңiз қауырсыны - Pennatularia.




АЛТЫ СӘУЛЕЛI МАРЖАНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ -HEXACORALLIA.

Қармалауыштарының, септаларының саны алтыға еселенiп келедi. Жеке тіршiлiк ететiн немесе колонияльді формалар. Бес отрядқа бөлiнедi, солардың iшiнде негiзгiсi - актиниялар немесе теңiз гүлдерi - Actiniaria және мадрепоралы маржандар отряды - Madreporaria.


Актиниялар - Actiniaria-отрядына қаңқасы дамымаған, жеке тiршiлiк ететiн, денесi цилиндр тәрiздi, сырт бейнесi гүлдей сияқтанған, түрлi түстi полиптер жатады. Кейбiреулерiнiң диаметрi - 60см. Табанша бұлшықеттерiн жиырып-созып орынын ауыстырып отырады.
Актиниялар Арктика, Антарктика суларында, Атлант, Үндi, Тынық мұхиттарында мекендейдi. Actinia eguina теңiздердiң жағалауларында кездеседi.
Мадрепоралы маржандар - Madreporaria-отрядына риф түзушi полиптер жатады. Колонияльді формалар, iзбестi қаңқасы сырттай орналасып, мықты бiр тұтас құрылысты болып келедi. Жылы теңiздерде, Атлант, Үндi, Тынық мұхиттарының тропикалық аймағында кең тараған. Негiзгi туыстары: Madrepora, Coeloria, Leptoria, Meandrivia. Олардың Триас дәуiрiнен бастап тiршiлiк еткенiбелгiлi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет