Нағыз көп клеткалылар eumetazoa. СӘулелілер radiata, Қос қабаттылар diploblastica


ІШЕКҚУЫСТЫЛАР (COELENTERATA) ТИПІНІҢ ФИЛОГЕНИЯСЫ



бет11/11
Дата26.09.2023
өлшемі0,65 Mb.
#182567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
file-1533 9

ІШЕКҚУЫСТЫЛАР (COELENTERATA) ТИПІНІҢ ФИЛОГЕНИЯСЫ.

Нағыз көп клеткалы жануарлардың тобындағы ең қарапайым құрылысты - iшекқуыстылар. Олардың ересек кезiнде де айқын сақталған - эктодерма мен энтодерма деп аталатын екi ұрық жапырақшаларының болуы. Құрылысы жағынан олар гаструлаға ұқсас және радиальді симметриясы жақсы дамыған. Даму кезiндегi пайда болған паренхимула личинкасы И.И.Мечниковтың "фагоцителласына" ұқсас. Осылардың барлығын ескере отырып, ғалымдар алғашқы iшекқуыстылардың ата тегi И.И.Мечниковтың "фагоцителла" тәрiздi еркiн жүзетiн организмдер болған, олар субстратқа бекiнiп гидроидты полиптерге баста ма берген деп жорамалдайды.


Iшекқуыстылардың филогенетикалық байланыстарына қарасақ, олардың iшiнде ең қарапайым гидрозоа (Hydrozoa) класы болып табылады. Бұлардың гастраль қуысы энтодерма клеткаларымен астарланған, жұтқыншағы дамымаған, құрылысы қарапайым.
Гидрозоа (Hydrozoa) класының iшiнде орталық орынды гидроидты полиптер (Hydroidea) алады. Оларды даму циклындағы метагенез процессi арқылы сцифо
медузалармен жақындастыруға болады.
Гидрозоа класының ерекше тобы- сифонофоралар. Денесiндегi әртүрлi особьтарының - зоидтарының құрылысы мен физиологиялық ерекшелiктерiне байланысты олар полиморфты колонияны құрап күрделi формаларға айналып, эволюциялық дамуы жағынан гидроидты полиптерден жоғары тұрады.
Сцифомедузалар (Scyphozoa) мен маржан полиптер (Anthozoa) класы эволюциялық даму және филогенетикалық байланыстары жағынан гидрозоа (Hydrozoa) класынан шыққан деп жорамалдайды. Бiрақ, бұлар ерте кезде екi эволюци ялық бағытта дамыған, яғни сцифомедуза және маржан полиптер кластарының өкiлдерi өзiнiң тiршiлiк ету формаларына байланысты елеулi өзгерiстерге ұшыраған. Сцифомедузалардың полиптiк кезеңi әлсiздеу, ал медузоидты кезеңi күштi дамып негiзгi тiршiлiк ролiн атқарады. Ас қорыту жүйесi гастроваскулярлы жүйеге айналып, ас қорыту жұмысын және қорытылған асты сiңiру қабіле тiн арттыруына мүмкiндiк бередi. Маржан полиптердiң медузоидты кезеңi түгелiмен жойылып, күрделiленген полипоидтi кезеңi ғана қалған. Ас қорыту жүйе сi эктодермалық жұтқыншаққа және септалармен бөлiнген гастраль қуысына бөлiнiп күрделiлiгiн арттырады.
Жоғарыда айтылған ұқсастық және ерекшелiк белгiлерiнiң болуы ішекқуыстылар кластарының шығу тектерiнде туыстық қатынастың бар екендiгiн көрсетедi. Бұларда эволюциялық даму процесі бiрнеше бағытта жүрген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет