Нанотехнологиялар


-ТАРАУ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ



Pdf көрінісі
бет65/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

7-ТАРАУ
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Қоршаған орта деген ұғымды естігенде біз ең алдымен не ой- 
лаймыз? Қармен жабылған таудың шыңының төбесін бе, әлде жұпар 
иісті Джунгли амазонкасын ба? Көктемгі гүлдерді ме, әлде күзгі 
жапырақтарды ма?
Шарттар мен жағдайларға байланысты қоршаған орта керемет 
немесе қорқынышты болуы мүмкін. Мұхит тыныш болуы мүмкін, кей­
де биіктігі 
1 0
метрдей дүлей толқындармен дауыл тұруы да ықтимал. 
Көптеген американдықтар 2005 жылдың тамызында Луизиана, Мис­
сисипи және Алабама штаттарында Катрина мен Рита дүлей дауыл- 
дары салдарынан болған апаттар мен адамдар өлімдерінің куәгерлері 
болды.
Қоршаған ортадан келетін жағымды және жағымсыз құбылыстар 
бізге тәуелді емес. Жыл маусымдары ауысқанда оларда болатын апат- 
тар да маусым бойынша өзгеріп отырады. Бірақ қоршаған ортаның бір 
факторы, яғни ластануы көбінесе табиғаттың емес, адамның әсерінен 
болады.
Ластану
Қоршаған ортаны ластанудан қорғау - қазіргі таңдағы ең 
маңызды мәселелердің бірі. Сонымен қатар, қоршаған орта өзара 
байланысты шексіз көптеген тәуелді жүйелерден тұратындықтан, тек 
қана қоршаған ортаға назар аудару жеткіліксіз. Су және топырақ та 
өздерінің қасиеттерімен осы жүйенің бөліктері болып табылады. Бұл 
даулар ежелден бері бар және шексіз созылып шешімін таппай келе 
жатыр.
Ластанудың адам ағзасына және өміріне қаншалықты зиян 
екенін білу үшін қоршаған ортаны белсенді қорғаудың қажеті жоқ. 
Мұржалардан шыққан түтін адамның басын ауыртатын иіс қана 
бөлмейді, автокөліктердің бояуын да құртады. Ең қауіптісі зауыттар- 
дан бөлінетін химикаттар канцерогендер болып табылады.


Канцерогендер - қатерлі ісік ауруын тудыратын немесе
олардың пайда болуына ұрындыратын химиялық заттар.
Алайда сумен топырақтың ластану дәрежесін анықтау өте қиын 
мәселе, өйткені ол миллионнан бір немесе миллиардтан бір бөлігінен 
аспайды. Көп адамдар тек көзбен көргеніне ғана сенеді, ал уытты зат- 
тарды күшті микроскоппен ғана көруге болады. Қазіргі уақытта біз тек 
ауа мен ауыз судың тазалығына ғана емес, сонымен қатар, тамақтың 
сапасына да көңіл аударуымыз керек. Шынында да балықтың кейбір 
түрлері, мысалы, тунец қазан шұңқырлардағы қауіпті химиялық зат- 
тарды бойына сіңіріп алады. 7.1-кестеде уытты химиялық заттар және 
олардың топырақ пен судағы типтік концентрациялары берілген.
7.1-кесте. Топырақ пен судағы кейбір уытты химиялық заттардың кон­
центрация деңгейлері
Зат
Уытты концентрация (промилле)
Күшән (балалар ойнайтын құмда)
10
Күшән (тау жыныстарының
1320
қалдықтарында)
Диэтил эфирі
400
Тригалометан (суда)
0,1
Нитраттар (суда)
10
Нитриттер (суда)
1
Күміс (суда)
0,05
Кадмий (суда)
0,005
Сынап (суда)
0,002
Көптеген өнеркәсібі дамыған елдерде ауа адамның күнделікті 
және 
өнеркәсіптік 
қажеттілігінен 
туындайтын 
түтінмен, 
макробөлшектермен және уытты химиялық заттармен ластанған. Ең 
кең тараған ластағыштар мыналар болып табылады:
• Көміртегі оксиді (немесе иіс газы);
• Фреон (сһІогойиогосагЬоп - СҒС);
• Ауыр металдар (күшән, хром, кадмий, қорғасын, сынап, мы- 
рыш);
• Көмірсутектер;
• Азот оксидтері;


• Органикалық химикаттар (ұшқыш органикалық қосылыстар, 
диоксиндер);
• Макробөлшектер.
Біздің өміріміздің сапасы көбіне жергілікті, аймақтық және 
жалпыхалықтық қоршаған ортаны қорғау мүшелеріне тәуелді. 
Олардың жұмысының қиындау себебі - ластаушы зиянды заттардың 
көбісінің түссіз, иіссіз және дәмсіз болуы.
Қышқылды жауындар азот оксиді мен күкірт диоксидінің жерге 
түсуінің нәтижесінде жүзеге асады және шық немесе қыраумен өзара 
әсерлеседі. Атмосферадағы азот оксидтері мен күкірт диоксидінің 
шектен тыс 95 % құрауы адам қызметімен және тек 5 % ғана табиғи 
үдерістермен байланысты. Азот оксидтері мен күкірт диоксидінің 
негізгі көздері мыналар болып табылады.
• Мұнайдың, газдың және көмірдің жануы;
• Жанартау атқылауы;
Ормандардағы өрттер;
• Топырақ бактерияларының ыдырауы;
• Найзағай.
Судың ластануы ластаушы заттардың үзіліссіз, кездейсоқ және 
жоспарланған қалдықтарынан туындайды. Планетадағы тұрғылықты 
халық санының өсуімен теңіз бен мұхиттардағы аса кең көлемді ла- 
станумен жүздесуге тура келеді. Су көбінесе мынадай себептерден 
ластанады:
• өндіріс қалдықтарының шығарылуынан;
• қазып алынған отын түрлерінің жануынан;
• мұнайдың төгілуінен;
• ауыл шаруашылығында және бау бақшалар мен саябақтар 
тыңайтқыштарының гербицидтердің, пестицидтердің қолданылу 
есебінен;
• ормандарды шабу салдарынан.
Қазіргі кезде саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері атмосфе­
ра мен судың ластануына қарсы күрес жүргізіліп жатыр. Жердегі 
халықтың өсуінен басқа, тағы да басқа қиын әрі өзара байланысты 
қоршаған ортаның ластануына себептер көп.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет