Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет161/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

АЭРОҒАРЫШТЫҚ САЛА
Аэроқұрылысшылар берілген, жеңілірек және ұзақ қызмет ететін 
тікұшақтар жасауға тырысуда. Әсіресе материалдардың ескіруге 
беріктілігін арттыруға көп көңіл бөлініп отыр. Күрделі авиациялық 
құймаларда беріктілік дәнек өлшемі кішірейтілген сайын артатыны 
анықталған.
Наноматериалдардың құрамында төтенше кішкентай дәнектер 
бар екендігі белгілі. Кейбір бағалаулар бойынша осындай нано- 
материалдарды қолдану арқылы авиациялық материалдар мен 
компоненттердің ескіруге беріктілігін жане қорын арттыруға мүмкін


болады. Наноматериалдардың өте үлкен беріктілігі мен салмағының 
аз болуы жаңа тікұшақтардың қызмет ету уақыты, жылдамдығы мен 
тиімділігін арттырады.
Наноматериалдар жаңа типті қозғалтқыштар, соплолар мен 
ғарыштық апараттардың тігістерін жасауға өте лайық ұсыныс болып 
табылады.
Жасанды жер серіктері
Коммерциялық жэне қорғаныс мақсаттарда жасанды жер серіктері 
кеңінен қолданылады. Ұшу траекториясын өзгерту немесе түзеп, 
тексеріп отыру үшін белгілі бір уақыттарда реактивті қозғалтқыштарды 
қосу қажет, сондықтан жасанды жер серіктерінің жұмыс істеу уақыты 
ракета отыны мөлшері мен оны қолдану тиімділігіне тэуелді. Жер 
серігі отынының шамамен 1\3 тұтандырғыштың ескеруі мен жанудың 
тиімсіздігі салдарынан босқа жұмсалады. Болашақта тұрақты жэне 
берік тұтандырғыштар дайындау үшін вольфрам, титан жэне мыс 
дибориді негізіндегі нанокристалды композиттерді пайдалану болжа- 
лынып отыр.
Ғарыштық аппараттар
Наноқұрылымдар негізіндегі оптоэлектроника жақында бай- 
ланыс орнату үшін жэне сенсорлар (мысалы, инфрақызыл сэулелі 
сенсорлар) жасау үшін пайдаланылатын болады. Жер серігімен бай- 
ланыстар орнату үшін массасы мен мөлшері аз, бірақ оптикалық 
дабылдарды өткізу жиілікті жолақтары көп оптаэлектрондық 
құрылғылар қолданылады.
Жаңа 
наноқұрылымды 
оптоэлектрондық 
құрылғылар 
мэліметтерді аз энергия жұмсау арқылы, қабылдағыштар мөлшері 
мен массасын азайтуға, сонымен қатар жоғары қауіпсіздікпен 
жіберуге мүмкіндік туғызады. Осындай құрылғылар негізіндегі басты 
мэліметтерді беру эдістері құрылғылары Жер бетін, ғарыштық аппа- 
раттарды бақылауға жэне оларды басқаруға мүмкіндік береді.
Еуропалық ғарыштың агенттігінің (Бигореап 
8
расе, Адепсу Е
8
А) 
АКТЕМІ
8
(А^апсегі Кеіау Тесһпоіоду Міззіоп) жобасында үлкен 
мэліметтер көлемін жер серіктері арасында оптикалық байланы-


стар мүмкіншілігі көрсетілген. Мәліметтерді тасымалдау қызметтері 
Е№УІ
8
АТ еуропалық ғарыштық миссия және 8Р0Т-та 2003 жылдың 4 
наурызынан бастап сәтті қолданылған.
Ең алғашқы екі бағытты оптикалық байланыс 2005 жылдың 9 
желтоқсанында ОІСЕТ
8
оріісаі ІпІег-огЬіІ Соттишсаііопз Епдіпеегіпд 
Тезі 8айе11і1е жапон жер серігі мен АКТЕМІ
8
еуропа жер серігі арасында 
ұйымдастырылған. Кейінірек дәл осындай эерттеулер ОІСЕТ
8
- КІКАШ 
ғарыштық миссия шеңберінде жүргізілген және онда жетілдірілген қатты 
денелі лазерлер қолданылған. Қазіргі таңда бұл мәліметтерді тасымал- 
дайтын оптикалық жүйе тұрақты түрде жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет