Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет27/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Наноботтар
Атомдық деңгейде жаңа материалдарды жасаудың алуан түрлі 
мүмкіндіктерін оңай елестетуге болады, алайда көптеген жобаларды 
принципиалды түрде жүзеге асыру мүмкін емес. Осындай таңғажайып 
жобалардың бірі наномасштабты роботтарды немесе нанобот- 
тарды дайындауға неңізделген. Наноботтар (немесе молекулалық 
монтаждаушылар) нанотехнологияны танымал еткен Эрик Дрек- 
слер (Егіс ^геx1е^) өзінің «Отырыс машиналары» атты кітабында 
сипаттаған, кейбір таңғажайып сценарилердің теріс персонажы бо- 
лып та үлгерді. Ол наноботтардың Ғаламдағы барлық тұрғындарды 
қырып жоятын «сұр шырышты» (§гау §оо) болатындығын суреттеді 
(2004 жылдың маусымында №Шге журналында Эрик Дрекслер одан 
да «сұр шырыш» туралы ешқашан айтпағанымда ғой деген!). Тағы 
да бір ғылыми-фантастикалық триллердің авторы - атақты Майкл 
Крайтон (Місһаеі Сгісһіоп), ол өзінің «Рой» (Ргеу) атты кітабында 
нанороботтардың қауіпті жағын айтып кетті. Арзан комикстердің ав- 
торлары әдетте, супербатырлардың Жер бетін немесе бүкіл Ғаламды 
жоюға қауіп төндіретін қолдарында нанотехнологиялық қарулары бар 
бөгде планеталықтармен шайқасуын суреттейді.
Оған қоса нанотехнологияны ендірудегі мүмкін болатын қауіптер 
туралы айтып, бұқаралық ақпараттар құралдары шу шығарды. 
Көптеген сценарилерді іске асыру мүмкін еместігін айқындайтын 
табиғат заңдылығына қарсы біраз аргументтерді келтіргенмен де 
негативті ақпарат толқынымен күресу оңай емес.
Расында, наноботтар өте кішентай өлшемде болғандықтан 
айтарлықтай тез немесе тек қана белгілі бір бағытта қимыл жасай 
алмайды. Оларда 
биологиялық ағзалар сияқты функциялануына 
қажетті өзіндік энергия көзі болмайды. Оған қоса органикалық моле- 
кулалардан жасалған наноботтардың өздері бактериялар мен қышыма 
қотырларға (грибоктарға) жем болуы мүмкін. Егер де наноботтар 
бейорганикалық материалдардан өздігінен туындайтын болса, мұндай 
синтезге олардың барлық уақыттары, энергиялары және басқа ресур- 
стары кететін еді.
Информатика саласының сарапшылары осы қиындықтарды


жеңуге көмектесе алатын, қиялды әрекет бағдарламасы тақырыбына 
қиялданғанды 
ұнатады. 
Мұндай 
бағдарлама 
ресурстардың 
шығындарын тоқ көзінің ажыратулы кезінде де, мәндерді жаңалап 
және қажетті ресурстарды іздей отырып бақылап тұруға көмектесетін 
еді. Бұл өте қызықты іс, бірақ шынайы өмір, «Жабайы Батысты на- 
ноботтармен жаулау» секілді фантастикалық әңгімелерден мүлдем 
өзгеше.
Ричард Смолли және АҚШ-тың Солтүстік-Батыс университетінің 
химия профессоры, 
2001
жылы нанотехнология саласындағы 
зерттеулері үшін Фейнман сыйлығының лауреаты Марк Ратнер сияқты 
ғалымдар наноботтардың қолданылу мүмкіндігіне күмәнмен қарайды. 
Смолли макросопиялық нысанды жасау үшін наноботтарға масқара 
үлкен уақыт керек деп есептейді. Атомның көлемі метрдің миллиард- 
тан біріне тең екенін еске сала кетейік, себебі макроскопиялық ны- 
санды жинақтау үшін өте көп атомдар саны қажет. Ғалымдар мына- 
дай мысалдар келтіргенді ұнатады: бір милилитр судың атомдарын 
бірінен соң бірін жинақтау үшін Тынық мұхитын шай қасықпен алуға 
кететіндей операциялар қажет болады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1
. Ядро диаметрі мен алтын қабаттың қалыңдығын өзгерткен 
кезде наноқабықшада не өзгереді?
а) пайда; 
ә) түсі;
б) исі;
в) әшекейі;
2. Күйе, кокс және белсендіргіш көмір ненің түріне жатады:
а) қорғасынның; 
ә) азоттың;
б) сынаптың;
в) аморфты көміртегінің;
3. Орта ғасырлардағы шыны шеберлері ненің қасиетін өзгерте 
отырып, шыныны бояудың жаңа тәсілдерін тапқан?
а) қалайының; 
ә) калийдің;


б) алтынның;
в) темірдің;
4. Микрокапсулалар мен басқа нанобөлшектердің өздігінен 
жинақталуы қалай орындалады?
а) жоғарыдан төмен; 
ә) төменнен жоғары;
б) қырынан;
в) 
2
өсі бойынан;
5. Нанотехнология ненің негізінде материалдар жасауға мүмкіндік 
береді:
а) үлкен гранит блоктарының;
ә) атомдар мен молекулалардың;
б) құмның;
в) метеориттердің;
6
. Қандай наноматериалдарды кремнийден, металдардан, жарты- 
лай өткізгіштерден және оқшаулағыштардан жасайды?
а) наноөзектерді; 
ә) мүсіндерді;
б) наноқырларды;
в) уран өзектерін;
7. Таралуы бойынша көміртегі нешінші орында тұр?
а) екінші; 
ә) төртінші;
б) алтыншы;
в) соңғы;
8
. Нанобот нені білдіреді?
а) жазушылардың қиялын;
ә) Эрик Дрекслердің өкінетін қателігін;
б) жасауға және программалауға қиын нысанды;
в) барлық адамзатқа нақты қауіптіні;
9. Диаметрі 20-30 нм алтын қабықшалары бар кварц шарларын


қалай деп атайды?
а) наношарлар;
ә) алтын глобустар;
б) наноқабықшалар;
в) наногельдер;
10. Бастапқы материал үлкен тетіктің бөлшектері болып табыла- 
тын аса кіші фрагменттерге бөлінетін жуықтау:
а) жоғарылау;
ә) қажырлы еңбекті қажет ететін;
б) төмендеу;
в) экономикалық пайдалы;


4-ТАРАУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет