Сайыс кезінде роботтың салмағы мен өлшемі өзгеріссіз болуы қажет.
Сайысқа LEGO Mindstorms конструкторы бойынша құрастырылған роботтар қатыса алады.
Робот қозғалысын іске қосқан сәттен 5 с-тан кейін бастауы қажет.
Робот құрылысында сайыс алаңын бүлдіретін жасақтар болмауы керек. Төреші шешімі бойынша әдейі қарылас роботқа зиян тигізген немесе бүлдірген және сайыс алаңын бүлдірген немесе ластаған робот сайыс аяқталғанша алаңнан қуылады.
Робот құрылысында болмауы тиіс:
Дөңгелекке немесе денесіне жабысқақ сұйықтықты қолдануға.
Қарсылас роботқа қандай бір зақым тигізетіндей механизм қолдануға.
Қарсылас роботқа және электрондық жабдықтарға инфрақызыл немесе басқада датчиктер арқылы кедергі келтіруге.
Жоғарыда көрсетілген ережелерді бұзған робот сайысқа қатыспайды.
Сайыс басталар алдында көрсетілген ережелер бойынша техникалық байқау өткізіледі.