ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ
ҤРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАЛАРЫ
Ә. Исахан
Ғылыми жетекшісі – Б.Қ. Баймуханбетов.
Шымкент университеті, Шымкент қаласы
Аннотация
Қазіргі таңда дене тәрбиесі жүйесі осы қоғамда ӛмір сүретін
адамдардың денсаулығын нығайтумен қоса, жеке тұлға бойындағы
биологиялық-психологиялық қасиеттердің жан-жақты жетілуіне барлық
қызмет аясын бағыттаған әлеуметтік ұйым болып табылады. Қазақстан
Республикасының бағытты даму жағдайында дене тәрбиесі жүйесін жан-
жақты жетілдірудің мүмкіндіктері кеңейді.
Балалардың қимыл дамуын бағалау ӛте маңызды. Баланың бастапқы
дене жағдайын бағалап, ӛмірлік маңызды қимыл іскерлігі мен дағдысын ары
қарай дамыту бағдарламасын белгілеу ҥшін дене тәрбиесі маманы нақты
болжам жасау әдісін меңгеруі тиіс.
Дене шынықтыру тәрбиешісі жҧмысының маңызды жақтары
балаларды оқыту мекемелеріндегі білім беру және тәрбиелеу процесінің
бағыттарын анықтау, яғни балалардың дене және психикалық саулығын
нығайтуға кӛмектесетін, ӛмірін ҧйымдастырудың әсерлі және тиімді
тҥрлерін қарастыратын бағдарламаларды таңдау болып табылады. ттің
маңызды компонентіне айналады. Мектеп жасына дейінгі балалар дене
тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі баланың жеке тҧлғасы тәрбиесінің жалпы
жҥйесінің қҧрамына кіретін педагогикалық ҧйымдастырылған процесс
ретіндегі дене тәрбиесін қҧрудың мазмҧны мен тҥрлерін анықтайтын жалпы
заңдылықтарға бағытталған.
Дене тәрбиесі бағдарламасында қаралғандай, дене мәдениетін
қалыптастырушы элементтерінің бірі гимнастиканы қҧраушы кешендер,
жаттығуларды пайдалануда оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілуі
керек.
Жалпы орта мектептердегі дене тәрбиесі - оқушылардың денсаулығын
жақсартуға, қозғалыс жҥйелерінің жан-жақты жетілуіне, ӛзі таңдаған спорт
тҥрімен айналысуға, дене мәдениетін қалыптастыруға, белгілі жетістіктерге
жетуге, еңбек пен әскери міндетті атқаруға дайындалуына бағытталған
арнаулы тәрбиелік ҥдеріс.
Жалпы орта мектептердегі дене тәрбиесінің мақсаты – оқушыларды
жан-жақты қалыптастыруға бағыт беру, әсер ету. Мектеп оқушыларында
дене мәдениетін қалыптастыру оқушылардың дене тәрбиесінің негіздерін
меңгеруін кӛздейді.(3-сурет)
Ол мыналарды қамтиды: мықты денсаулық, дене мәдениетінің қалыптасуы,
дамыған қозғалыс қабілеттерінің ҥйлесімді деңгейі, дене тәрбиесі
саласындағы білімдер мен дағдылар, денені шынықтыру-сауықтыру және
75
спорт қызметін жҥзеге асырудың себеп-салдарлары мен меңгерілген
тәсілдері, баланың қабілеттері.
Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептерде оқушылар дене
тәрбиесі сабақтары арқылы алғашқы жаттығулары мен дене бітімімін
жетілдіру тетіктерімен бастапқы танысуын және дене мәдениеті бойынша
сауаттылығын жҥзеге асыра алады. Ал, болашақ қоғам мҥшесінде дене
мәдениетін қалыптастыру ҥшін, ең алдымен дене тәрбиесі саласының
барлық мҧғалімдері мен жаттықтырушылар дене мәдениеті туралы білімді
жетік меңгеруі тиіс.
Қазіргі кезде дене мәдениеті жалпы мәдениеттің ӛте бір маңызды
бӛлігі болып отыр. Дене мәдениетін жалпы орта мектептерде оқу-тәрбие
ҥдерісі негізінде дене тәрбиесі арқылы ҧйымдастырудың жеткілікті деңгейі
ретінде, оқушылардың дене тәрбиесі және спорттың ақпаратпен алмасуын
қанағаттандыру деңгейі ретінде, ақпаратты жинау, беру және пайдалану
тиімділігі деңгейі ретінде қарастыруға болады.
Жалпы орта мектептерде оқушыларды салауатты ӛмір салтына, денені
шынықтырумен және спортпен шҧғылдануға баулу халықтың тҥрлі
әлеуметтік-демографиялық топтарына арнап бейімделген ақпараттық
бағдарламаларды әзірлеу арқылы жҥзеге асырылады. Спорттың негізгі
тҥрлерінен, соның ішінде бҧқаралық ақпарат қҧралдарына конкурстық
негізде берілетін әлеуметтік бағдарламалар бойынша гранттарды беру
практикасын пайдалану арқылы, теледидар бағдарламалары жасалуда,
насихаттық және ақпараттық технологиялар әзірленуде.
Дене мәдениеті және спортты насихаттау атаулы, нақты әлеуметтік
топтар мен жіктерге, әрбір орта мектеп оқушысына бағытталған, дене
мәдениетінің басымдығын дәлелдей кӛрсетуге, сондай-ақ жастар арасында
нашақорлық, темекі шегушілік, ішімдікті пайдалану және басқа да жат
қҧбылыстардың таралуына қарсы кҥреске бағытталуда. Жастардың дене
тәрбиесі жӛнінде жҧмыс жҥргізу, олардың ортасында қазақстандық
спортшылардың спорттағы жетістіктерін, бҧқаралық спортты танымал ету,
олардың санасында ―тәні саудың – жаны сау‖ деген қағидатты орнықтыру
ҥшін бҧқаралық кӛпшілік мәдени, спорттық-сауықтыру іс-шаралар
ҧйымдастырылуда. Бҧл орайда бҧқаралық ақпарат қҧралдарының
міндеттері: азаматтардың спортқа, табиғи дене бітімін жетілдіруге деген
қызығушылығын арттыру, жалпы орта мектеп оқушыларының спортпен ӛз
бетінше шҧғылдануын белсенді тҥрде таныту, денені шынықтырумен және
спортпен шҧғылдану қажеттігін кӛпшіліктің санасына сіңіру және оны
насихаттау болып табылады.
Қазақстандағы жалпы орта мектептердегі білім берудің кӛп нҧсқалы
қҧрылымы және жалпы орта мектептің халықаралық білім беру жҥйесіне
жоспарлы интеграциялануы, жалпы орта мектептерді қазіргі заманның
талаптарына сай басқару мәселелері жаңа тәсілдерді талап етеді. Мектеп
оқушыларының шығармашылық мҥмкіндіктерінің дамуына, оларға білім
беруде заманауи жҥйені енгізу жағдайларында хабардарлығының бейімделуі
76
жалпы орта мектептерде оқу ҥдерістерін ҧйымдастыруда сапалы
ӛзгерістердің қажеттілігін кӛрсетеді.
Дене мәдениеті ғылымына және дене мәдениеті және спортқа деген
ҧлттық кӛзқарас қазіргі кҥнге дейін толық қалыптаспаған. Бірақ, дене
мәдениетін ӛскелең ҧрпақта қалыптастыруды ертеңге қалдыруға болмайды.
Дене мәдениеті толық қалыптаспаған мектеп оқушыларының денсаулығы
нашар, дене бітімі әлсіз, еңбекке және Отанды қорғауға жарамсыз, әл-
ауқаты тӛмен болуы мҥмкін. Сол себептен, ғылыми-әдістемелік зерттеулер
тҧрғысынан жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін
қалыптастыру тҧрғысында қажетті мәліметтерді жинақтап жетілдіріле тҥсу
қажет.
Негізгі мақсат – жалпы орта мектептерде оқушылардың дене
мәдениетін қалыптастыру тҧрғысында оқытудың әдістемелік жҥйесін
жетілдіру.
Демек, жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін
қалыптастыруда оқу-тәрбие ҥрдісін психологиямен, жалпы және спорттық
психологиямен, педагогикамен, медицинамен, биологиямен, валеологиямен,
гигиенамен байланысты тҥрде дамытылуы тиіс.
Қазіргі кездегі жалпы орта білімнің мақсатына жаңаша тҥсінікпен
қарасақ, оны дамытудың басты стратегиялық бағдары - ӛмірге
жауапкершілікпен
қарайтын,
дҥниетанымдық
мәдениеті
жетілген,
шығармашылық ойлауға дағдыланған, кабілеті биік, гуманистік ойлауы
басым, дене мәдениеті ілімімен қаруланған адамгершілік қасиеттері мол
болашақ қоғам мҥшелерін, жаңа ҧрпақты қалыптастыру болып табылады.
Дҥниежҥзі елдерінде жалпы орта білім беруді реформалау қашан да
ӛте баяу және қиындықпен ӛткен. Дҥниежҥзі аймақтарындағы жалпы орта
білімнің жағдайы мен оның даму тенденциясын тарихи және салыстырмалы
перспективада қарастырған жӛн, ӛйткені жалпы орта білімнің заманауи
жҥйелерінде олар пайда болып, дамыған әлеуметтік-экономикалық және
мәдени жағдайлардың ҧлттық ерекшеліктер мен дәстҥрлердің таңбалары
сақталған.
Қазіргі жалпы орта мектептерде оқушылардың білімінің дамуының
элементі болып табылатын дене мәдениеті білімінің маңыздылығымен
анықталатын, мектептегі оқу-тәрбие ҥрдісіндегі ҥлесін, онымен қоса,
қалыптаса бастаған білім беру философиясының шеңберіндегі денені
шынықтыру-сауықтыру жҧмыстарының жаңа мақсаттарын және оны
меңгеруде қалыптасқан жҥйенің жоқтығын ескере отырып, дене тәрбиесі
қҧралдары арқылы оқушыларды тәрбиелеуді жеке мәселе ретінде тек
практикалық қана емес, теориялық тҧрғыдан да айырып кӛрсету керек.
Жалпы орта мектепте білім мазмҧнын, оқыту ҥдерісін, оқу
бағдарламалары мен жоспарларын және оқу қҧрылымын ықшамдап
тиімділеу республика бойынша жалпы орта мектептерде дене тәрбиесі
сабағы бойынша білім жањаша кӛзқарасқа ие болды.
Мектеп жасындағы балалардың денсаулық жағдайын жақсарту
мақсатында: мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі даярлығы
77
жӛнінде ҧсынымдар, оқу-әдістемелік қҧралдар әзірлеу; 5-сыныптан бастап
қыздар мен ҧлдарды бӛлек оқыта отырып, барлық жалпы білім беретін
мектептердегі дене тәрбиесі сабағын аптасына ҥш рет ӛткізуге кӛшу
мҥмкіндігін қарау; денсаулық жағдайына байланысты арнайы медициналық
топтарға жатқызылған балаларға дене тәрбиесі сабағын ӛткізуге жағдай
жасау мен сабақтарды ӛткізуге дәрігерлердің кӛмегін алуға баса назар
аудару; оқушылардың бос уақытын спортқа баулу арқылы тиімді пайдалану
балалар мен жасӛспірімдер спорт ҥйірмелерін, клубтарын қҧру арқылы
жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесі сабақтарының мазмҧнын
толықтыратын денені шынықтыруды ҧйымдастырудың сабақтан мектептен
тыс нысандарын жетілдіру; жалпы білім беретін мектептерге спорт тҥрлері
бойынша оқыту кҥні ҧзартылған және оқу-жаттығу ҥдерісі тереңдетілген
мамандандырылған сыныптар ашуды мектептерде спорт-сауықтыру іс-
шараларын жиі ҧйымдастыру және спорт қҧрал жабдықтары мен
ғимараттарына қаржы бӛлдіруді ҧсынуды қажет етуде.
Бағдарламада спорт ҥйірмелері ҥшін, жалпы дене дайындығының
барлық тараулары ҥшін, бірыңғай және спортттың әр тҥрі ҥшін арнайы
дайындық тараулары берілген. 5-бӛлімде «жалпы мектептік дене
шынықтырудың кӛпшілік және спорттық шаралары» 1-8, 9-11сыныптардың
оқушылары ҥшін ай сайынғы денсаулық және спорт кҥндерінің,
мектепішілік жарыстардың, туристік жорықтар мен слеттердің (жалпы
мектептік, аудандық және қалалық тиісті шаралар кҥнтізбесіне сәйкес
ӛткізілетін) мазмҧнын анықтауға жалпы ҧсыныстар енгізілген.
Бағдарлама - оқушылардың дене дайындығы мен дене туралы білім
деңгейіне, дене мәдениеті сабақтарында дене тәрбиесін ҧйымдастыру және
оның мазмҧнына қойылатын нормативтік талаптар жҥйесін ҧсынатын
мемлекеттік қҧжат. Осы талаптарды сапалы тҥрде жҥзеге асыру - денсаулық
негізін, жалпы дене тәрбиесі туралы білімді қалыптастырады.
Теориялық материал бағдарламада «Білім негіздері» тарауынан
кӛрінеді. Оған енетін тақырыптар дене мәдениеті әлеуметтік қҧбылыс
есебіндегі мәніне, дене жаттығуларының сауықтыру және дамыту әсеріне,
жаттығу қауіпсіздігінің әсеріне қатысты жалпы теориялық қағидаларды
қҧрайды. Оқушыларды осы ережелермен таныстыру оқу-тәрбие ісінің
идеологиялық бағыттылығын қамтамасыз етеді, денені жетілдіруге деген
саналы кӛзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Осындай жҥйелілік әр тҥрлі тақырыптардың мазмҧнындағы реттілік
байланыстарды және сыныптан-сыныпқа дейінгі оқыту сабақтастығын,
нақты педагогикалық міндеттерді шешу ҥшін оқу материалын іріктеуді,
білім жҥйесінің толық мәнділігі жӛніндегі тҥсініктерді қалыптастыруды
жеңілдетеді.
Тҥсінік хат талаптарында жеке оқу-танымдық және қозғалыс
қызметінің тиімділігін қалыптастыратындай біліммен оқушыларды
қаруландыру қарастырылған (ӛзінің дене қабілеттерін жетілдіру, дене
жаттығулары әдіс-тәсілдері негіздерін, тӛрешілік ету әдістері негізін
меңгеру). Алайда мҧндай оқу материалының мәтіні жоқ. Дидактикалық
78
міндеттерді және оқушылардың жас ерекшелігі топтарына сәйкес танымдық
мҥмкіндіктерді есептей отырып, мҧны мҧғалімнің ӛзі анықтайды.
Практикалық материал «дағдылар, біліктілік, қозғалыс қабілеттерін
дамыту» деген жалпы тақырыппен әр сыныптың бағдарламасында
баяндалған. Онда спорттың нақты тҥрінің белгілері бойынша енетін дене
жаттығуларының қатыстылығына сәйкес әрқайсысының атауы бӛлініп
қарастырылған.
Сондай-ақ
бағдарламаға
ауа-райы,
климаттық
жағдайларға
байланысты шаңғы дайындығын ӛткізу мҥмкін болмаған жағдайда «Шаңғы
дайындығы» тарауын алмастыратын «Жҥзу»,«Ҧлттық спорт» және «Кросс
дайындығы» енгізілген.
«Қозғалыс мҥмкіншіліктерін дамыту» тарауы бағдарламаның барлық
тарауларынан кейін беріледі. Онда дене тәрбиесі сабақтарының жҥйесі
арқылы жетілдіруге әсер ететін тиісті сапалық нәтижелер келтірілген.
Әр сынып бағдарламасының соңында «Дағдылар мен біліктілікті
меңгерудің, қозғалыс қимылдарын дамытудың оқу нормативтері» берілген.
Онда жекелеген қозғалыс қабілеттерін дамыту деңгейі мен дағдыларды
қалыптастыру туралы, орындалу әдістері айтылған бақылау жаттығулары
кӛрсетілген: жылдамдық - 60 метрге жҥгіру нәтижесі бойынша, қолдың
кҥшін - тартылу санына қарай, т.б. «5», «4», «3» деп бағалау нормалары
келтірілген. Тексеру сынақтары бағдарламаның нақты тарауын ӛткеннен
кейін, тоқсан немесе оқу жылының аяғына жҥргізіледі. Бҧған қосымша
Президенттік сынамалар бойынша 5, 9, 11-сыныптарды бітірушілер оқу
жылының аяғында қосымша сынақтар тапсырады. Болашақта мектеп дене
тәрбиесі бағдарламасына осы сынамаларға сәйкес ӛзгерістер, дағдылар мен
біліктілікті меңгеру кестесінде де елеулі ӛзгерістер жасалуы мҥмкін. Себебі
Президенттік сынамалардың басты мақсаттарының бірі - жалпы
қоғамымыздың барлық мҥшелерінің, әсіресе жастардың денсаулығын
нығайту, оларды еңбек етуге қабілетті етіп тәрбиелеу.
Оқу-тәрбие ісінің мәні оқыту және тәрбие міндеттерінің қҧралдары
мен әдістерінің табиғи байланысынан және ҧйымдастырудың бірыңғай
тҥрлерінің кӛлемінен кӛрінеді. Мҧндай біріктіру тҧтастығы, ҥйренушілердің
бір-біріне қарым-қатынасының жақсаруын және оқушылардың жеке басын
қалыптастыруда тәрбиелік әсерді қамтиды.
Сабақтың қҧрылымы - бҧл оның мазмҧн элементтерінің сабақ кезінде
орналасуының дидактикалық негізделген қатынасы мен реттілігі. Қҧрылым
барлық элементтердің ішкі байланысын олардың ӛзара іс-қимылының
жоғары ӛнімділігін қамтамасыз етеді. Сӛйтіп, сабақтың негізгі қҧрылымдық
бірліктері, педагог пен оқушылардың ӛзара шартты қимылы тҥріндегі оның
мазмҧнының элементтері болып табылады. Бҧл қимылдар сыртқы және ішкі
екі кӛріністен байқалады. Сыртқы кӛрініс - оқу-тәрбие ісінің мазмҧндық-
ҧйымдастырушылық мәнін бейнелейді және сырттан бақыланады; кӛрнекі
объектідегі қозғалыс-қимылды, оқу хабарының әр тҥрін ҧстаздың айтуы
арқылы ҧсынуы; мҧғалімнің оқыту, ҥйрету, тәрбиелеу және ҧйымдастыру
әдістері мен әдістік тәсілдерді қолдануы.
79
Қазіргі дене тәрбиесі сабақтарының ерекше белгілерінің бірі - оның
қҧрылымының ӛзгермелігінде. Оның дидактикалық міндеттерді және
мазмҧнның
ерекшелігіне
сәйкес
оқу
материалын
ӛзгертуге,
шҧғылданушылардың дайындық деңгейін және жас мҥмкіндігін есепке алу
қажеттілігіне негізделген.
Дене жаттығуларын меңгеру белгілі бір психологиялық және
физиологиялық заңдылықтарға сәйкес оқушылардың белсенді қозғалыс
қызметін ҧйымдастыруды қажет етеді. Бҧл заңдылықтарды есепке алу
сабақтың қҧрылым бірлігіндегі ең басты ҥш тҥрлі байланысты қҧрамды
бӛліктерді айырып қарауға негізделеді (кіріспе-дайындық, негізгі,
қорытынды). Осы бӛлімдердің орналасу реттілігінің ӛзгеру заңдылықтарын
бейнелейді, сондықтан да бҧл ҥшеуі сабақтың кез келген тҥрі ҥшін тҧрақты.
Әрбір бӛлімнің ҧзақтығын оқушылардың жасына, олардың дайындық
деңгейіне және сабақтың нақты міндеттеріне байланысты ӛзгертуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |