«Наука и образование в современных реалиях»


БОКСШЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ – ТАКТИКАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет94/143
Дата19.02.2022
өлшемі2,78 Mb.
#132450
түріСборник
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   143
Байланысты:
6-.-

БОКСШЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ – ТАКТИКАЛЫҚ 
ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ НЕГІЗДЕРІН 
ЖЕТІЛДІРУ 
 
п.ғ.к., профессор Ордабаев Н.О. 
студент Тасболат Е.Ы. 
Шымкент университеті, Шымкент қаласы 
 
Аннотация 
Основы молодых особенностей технико-тактической подготовки боксера 


258 
 
Боксшының жекпе-жек кезінде ӛзіне сенімділігі ғана оның тәсілдік 
ойын жҥзеге асыруына жол ашады. Шыдамды және әдіс шеберлігі жетілген 
боксшы ғана жекпе-жек ҥстінде ез қисындарына бақылау жасай алады. 
Жекпе-жектің әр кезеңіндегі жағдайды дҥрыс бағалап, езінің әр қимылын 
бір жҥйеге бағындырып, қарсыласының шабуылын тойтара отырып, жекпе-
жек тізгінін ӛз қолынан шығармайды. 
Қарсыластың дайындығының қандай деңгейде екеніне қарамастан әр 
жекпе-жекте ӛте сақ болған дҧрыс. Қарсыластың мҥмкіндігін дәл анықтай 
білу керек. Рингке шыққан қарсыласты әлсіз деп менсінбеуге немесе кҥшті 
деп қорғауға болмайды. Қандай жекпе-жек болмасын тыңғылықты 
дайындалып, кҥшті және әдіс-айлаларды дҧрыс пайдалана білу қажет. Сонда 
ғана боксшы кӛздеген мақсатқа жетеді. 
Бокс тәсілі дегеніміз рингтегі жекпе-жекте бар шеберлікті кӛрсетіп. 
жеңіс ҥшін барлық мҥмкіндікті барынша пайдалана білу. Боксшының 
әдісқойлық шеберлігі қаншама жетілген болғанымен жекпе-жекті дҧрыс 
ҧйымдастыра білу, қарсыластың ерекшелігіне қарай тактикалық дҧрыс 
шешім табу ғана оны жеңіске жеткізеді. Бокста әдісқойлық тәсілқойлықпен 
тығыз сабақтасып жатуы керек. Сонда ғана боксшының болашағына ҥлкен 
ҥміт артуға болады. 
Бокс тәсілі жекпе-жектің ерекшелігіне байланысты. Шаршы алаңда екі 
боксшы сынға тҥсіп жатыр делік. Олардың екеуі де жарысқа жақсы 
дайындықпен келген, екеуі де жылдам, епті, кҥшті, шыдамды. Әдісқойлық 
шеберліктері де шамалас. Соққылары дәл, қорғаныстары берік. Екі боксшы 
да рингтегі жекпе-жек ҥстінде тәсілдік дҧрыс шешім тауып жҥр. Сонда 
бҧлардың қайсысы жеңіске жете алады? 
Жекпе-жектің жҥргізу тәсілі боксшының жалпы дайындығына, оның 
әдістерінің әртҥрлілігіне, спортшының жігерлігіне, шыдамдыпығына, ӛзіне 
сенімділігіне, жекпе-жек ҥстіндегі тездігіне, соққыларының дәлдігіне және 
кҥшіне тығыз байланысты. 
Боксшының жекпе-жек кезіндегі мінез-қҧлқы оның жігерлілігіне 
байланысты. Бірдей дайындықпен келген және шеберлігі де бір-бірімен тең 
қарсыластардың жекпе-жегінде, жеңіске деген жігері басым боксшы ҧтады. 
Ӛз кҥшіне және шеберлігіне сенімділік ҥздіксіз, ҧзақ жаттығулардан 
кейін ғана келеді. Әдістік және тәсілдік шеберлігі, уақытты және 
арақашықтықты дҧрыс есептей білу, жігерлілік, сенімділік жекпе-жекті 
табысты ӛткізуге мҥмкіндік береді . 
Бәсеке ҥстінде жекпе-жек тізгінін ӛз қолына алу және қарсыласын ӛз 
ыңғайына бағындыру боксшының ең негізгі міндеті. Рингтегі жекпе-жекте 
қарсыласын бас кӛтерпеудің, сӛйтіп оның ӛзіне сенімсіздігін туғызудың 
маңызы зор. Рингтегі әр қимылдың жетілгендігі, қарсыласының шабуылға 
шығар кезін дәл анықтап, оған қарсы әдістер қолдану, кҥтпеген жерден және 
батыл шабуылға шығу боксшының айқын басымдылыққа ие болуына жағдай 
жасайды. 
Әдістердің ерекшеліктері 


259 
Әдіс-айла ерекшеліктері, әр тҥрлі жан-жақты қимыл боксшыны 
жеңіске жеткізетін ең дҧрыс жол. Мҧндай кезде боксшы уақытты дәл есептей 
білуі керек. Шабуыл және қорғаныс әдістерін қолданғанда бір сәт кешігуге 
болмайды. Оның ҥстіне бҥкіл жекпе-жек бойы ӛзіне ыңғайлы 
арақашықтықты ҧстап жҥрген жӛн. Бҧл да шабуыл мен қорғанысты 
ҧйымдастыруда басты міндет атқарады. Әдіс-айлалардың кемшілігі жекпе-
жек кезінде туған жағдайға байланысты ең дҧрыс шешім таба білу әрбір 
қимылды дҧрыс пайдаланып, пайдасыз қимылдарға кҥшті босқа жоғалтпау 
боксшының ең басты міндеттері болып есептеледі. 
Бокстасу тәсілдерін әдіс негіздерімен бір кезде ҥйренген дҥрыс. 
Боксшы арнаулы қимылдарды (соққылар мен қорғанысты) ҥйренген сәтте 
уақыт пен арақашықтықты дҧрыс анықтай білуге дағдыланғаны жӛн. Боксты 
ҥйретуді бастаған алғашқы қадамдардан-ақ әдіс пен тактиканы бірге 
пайдалануды ҧмытпау керек. Бҧл жаттықтырушы ҥшін де, боксшы ҥшін де 
басты қағида. 
Боксшыға тек қана әдістерді ҥйретіп қоюға болмайды. Себебі әдістік 
шеберлігі толысқан спортшының ҥйренгендерін жекпе-жек кезінде дҧрыс 
пайдалана алатынына кӛз жеткізу қиын. Ол жете меңгерген әдістерін ҥздіксіз 
қайталай беруі мҥмкін. Бірақ мҧндай әдістердің оны жеңіске жетелеуі де 
екіталай. Оның ҥстінде мҧндай қимылдар бокстың спорттық кӛркіне де 
нҧқсан келтіреді . 
Боксшының тәсілдік дайындығы жаттығулар ҥстінде жетілуі керек. Ол 
ҥшін жаттықтырушы әр жаттығу алдында шәкіртіне әр тҥрлі тәсілдік есептер 
беріп, оның дәл орындалуын қадағалап отыруы қажет. 
Шапшаңдылық 
Рингте ӛтетін жекпе-жектегі жеңіс, боксшының бәсекені қарқынды 
ӛткізуіне байланысты. Ол бастапқыдағы қарқынды қимылдарын жекпе-
жектің соңғы секундына дейін сақтауы керек. Себебі жекпе-жек уақыты 
ережеге сәйкес санаулы. Осындай қасиеттерді әр боксшының бойына сіңіруге 
кҥш салған дҧрыс. Рингтегі жекпе-жек жылдам және ҥздіксіз қимылдардан 
қҧрылуы қажет. Әр кездесуде боксшылар жекпе-жек тізгінің ӛз қолына алуға, 
қарсыласын ӛз ырқына кӛндіру ҥшін бар кҥшін салады. Мҧндай тез 
қимылдар, жан-жақты әдіс айлалар ерекше роль атқарады. 
Шеберлігі жетілген, дәл соққылармен ҧпай жинап жҥрген қарсыласты 
талдырып жеңем деп кҥш салу мҥмкін емес. Қазіргі бокста жекпе-жек ҥстінде 
туған жағдайды дәл анықтай білу, шабуыл мен қорғанысты жылдам 
ҧйымдастыра алу ең басты қҧрал болып отыр. Бәсеке ҥстіндегі шапшандық 
боксшыға бірден келе қоймайды. Оған ҧзақ жаттығулардың және тәжірибе 
жинақтаудың арқасында ғана қол жеткізуге болады. Шапшандық, тездік 
керек деп боксшыны асықтыруға, састыруға болмайды. Лажсыздан 
шапшандық керек деп тҥсінген боксшы рингте сасқалақтап, бәсекені жӛнді 
ӛткізе алмайды. Боксшы әдіс-айлаларды толық меңгеріп болмай, жекпе-жек 
ҥшін қажетті шапшандылық керсете алмайды. Сондықтан мҧндай жағдайда 
боксшының да, жаттықтырушының да асықпағаны дҧрыс. 


260 
Боксты ҥйренуді жаңадан бастағандар алғашқы жекпе-жектерін ӛз 
мҥмкіндіктеріне қарай еткізеді. Олардың осы кезде әдістік және тәсілдік 
әдістерді толық пайдалануын қадағалау қажет. Шеберлігі толысқан сайын 
оның жылдамдығы да артады, әр әдісті тез қолдана алатын халге жетеді. 
Осындай шыдамдылық боксшының әдісқойлығына ешқандай нҧқсан 
келтірмейді, 
Дәл соққылар 
―Соққы бәрін шешеді!‖. Ӛз тәсілінде қатты соққыларға ерекше мән 
беретін боксшылар бҧрын осылай дейтін. Уақыт ӛтті, онымен бірге бокс та 
ӛзгерді. 
Бокс жекпе-жегіндегі ереженің ӛзгеруі ―шешуші соққылар‖ тәсілінің 
маңызын тӛмендетті. Ауыр қолғаптардың орнына салмағы 250 және 300 
грамдық қолғаптардың енгізілуі және жекпе-жек уақытының қысқартылуы 
(екі минуттан бес раунд) бәсекенің талып тҥсумен аяқталу мҥмкіндігін де 
азайтты. 
Әуесқой боксшылар жарысының статистикасы жекпе-жектің мезгілінен 
бҧрын талып тҥсіп аяқталуының азайғандығын керсетті. Қазіргі кезде кӛп 
жағдайда жеңімпаз ҧпай санымен ғана анықталады. 
Жекпе-жек ҥстіндегі соққылардың кҥші маңызын жойды деуден 
аулақпыз. Кҥшті соққы әр боксшының басты қаруы болып қала берді. Бірақ 
оның ӛте дәлдігі аса қажет, Дәл соққылар боксшының ҧпайды кӛп алып, 
жеңіс-ке жетуіне мҥмкіндік береді. 
Кҥшті соққылар кебіне боксшыға басымдық әпереді. Нысанаға дәл тиген 
ауыр соққылар қарсыласының басын айналдырып, оның кҥшінің азаюына, 
сӛйтіп бақылауының әлсіреуіне жағдай жасайды. Сондықтан да боксшы 
мҧндай соққыларды дарытпау ҥшін шебер қорғана білуі, осындай қиын 
сәттерде де ҧпай ала білуі керек. 
Бокстың әдістері тарауында кейбір соққы әдістеріне қысқаша тоқталып 
ӛттік. Соққылар негізінен ҥш топқа бӛлінеді. Оның біріншісі тӛте (тҥзу) 
соққылар. Бҧл топ; Сол қолмен басқа тӛте соққы жасау; сол қолмен денеге 
тӛте соққы жасау; оң қолмен басқа және денеге тӛте соққы жасау болып 
белінеді. Соққылардың екінші тобы: сол қолмен басты қапталдан ҧру; сол 
қол-мен денені қапталдан ҧру; оң қолмен басты қапталдан және бҥйірден ҧру. 
Соққылардың ҥшінші тобы басты және денені сол және оң қолмен 
тӛменнен жоғары кетеріп ҧру. 
Жекпе-жектердегі қарсыластардың әр тҥрлілігі рингте болатын 
жағдайларды кҥні бҧрын анықтауға мҥмкіндік бермейді. Сондықтан 
боксшыға тәсілдік әдістерді ҥйреткен кезде, бәрін бір жҥйеге келтіріп, осылай 
істеу керек деп ашып айту мҥмкін емес. Мҧндай алдынала жасалған 
болжаулар боксшының мҥмкіндігіне шек қойып, оның жеңіске деген ҥмітін 
де азайтуы мҥмкін 
Шабуыл және қорғану 
Рингтегі жекпе-жек шабуыл және қорғаныс әдістерінен тҧрады. Бҧл 
әдістердің қалай қолданылуы бәсеке ҥстіндегі жағдайға байланысты. Ӛзінің 
әр қимылын тез пайдаланған боксшы кҥшін ҥнемді, пайымды жҧмсауға кҥш 


261 
салады. Шабуыл соққыларын, қорғанысты және қарсы соққыларды ең 
қолайлы сәттерде ғана пайдалануға тырысады. 
Шабуыл дегеніміз боксшының жекпе-жек кезінде қарсыласына бір 
немесе бірнеше соққы беруге ҧмытылуы. Әр шабуылды сәті келген кезде ғана 
жасау керек. Бірақ осындай сәттің тууын кҥтіп жҥре беруге де болмайды. 
Боксшы, батыл қимылдармен тәсілдік әдіс-айлаларды ҥздіксіз қолдану 
арқылы осындай сәтті ӛзі жасауға міндетті. 
Шабуыл былай дамиды. Қарсыласының алғашқы қимылдарын 
байыптағаннан кейін боксшы алдымен шабуылға тыңғылықты дайындалуы 
керек. Сонан кейін алғашқы соққы беріледі. Ол осы соққыны дамытуға 
міндетті. Кӛздеген мақсаты орындалғаннан кейін шабуылдың қызығына тҥсіп 
кетпей, қорғанысқа кӛшкен дҥрыс. 
Шабуылға дайындық жасағандағы негізгі міндет қарсыластың 
қорғанысының болуы. Боксшы жалған қимылдар жасап, қарсыласының 
назарын басқа жаққа аударуы керек. Алғашқы соққы бергенге дейін 
боксшының ойы қарсыласына жҥмбақ болғаны жӛн. Шабуыл кенеттен 
жасалғанда ғана кӛздеген мақсатқа жеткізеді. Кӛздеген мақсат орындалып
қарсыластың назары басқа жаққа ауып, сәтті кезең туғанда ғана боксшы тез 
қимылдармен шабуылға шығады. 
Жалған соққыларға кӛп кҥш жҥмсалмайды. Бірақ осындай жеңіл 
соққылардың ӛзі де қарсыластың осы бағыттарға қорғанысты кҥшейтуін 
талап етеді. Бҧл боксшының шешуші соққыны басқа, ӛзі кӛздеген бағытта 
жасауына мҥмкіндік береді. Жалған соққылар негізінен сол қолмен жасалады. 
Бҧл боксшының ӛзінің қауіпсіздігіне жағдай жасайды. 
Жекпе-жек кезінде әсіресе қапталдан жасалатын жалған соққылар кӛп 
пайдаланылады. Бҧл қарсыластың назарын тӛте соққыдан аударып, 
қорғанысын әлсіретеді. Мҧндай кезде оң қолды соққы жасауға дайын ҧстау 
керек. Қарсылас мҧның оң қолын басты қорғап жҥр деп ойлау керек. 
Қарсылас басын ашық қалдырған кезде оң қолмен басқа тӛте немесе 
қапталдан соққы жасалады. 
Дайындалған негізгі соққы тез жасалуы керек. Әйтпесе дайындық 
жҧмыстарға босқа жасалған болып шығады. Негізгі соққыны жасау 
мҥмкіндігі екінші рет тумауы мҥмкін. Себебі осыдан кейін қарсылас жалған 
соққыларға назар аудармай, боксшының негізгі ойын біліп қояды. Оның 
ҥстіне бір рет қолданылған жалған әдісті қайталауға да болмайды. 
Алғашқыда соққының астында қалған қарсылас мҧнда да боксшының ойын 
алдын ала біледі. 
Боксшы жалған қимылдар жасауға да дағдылануы керек. Ол жаттығу 
кезінде ―кӛлеңкемен‖ жекпе-жекте, айна алдында, немесе жаттығу кезіндегі 
жҥптасқан жекпе-жектерде жалған соққыларды ҥйренуі қажет. 
Жекпе-жекті алыс арақашықтықта ӛткізуді жақсы кӛретін боксшылар 
шабуылға дайындық жасаған кезде бір орыннан екінші орынға кӛп 
қозғалады. Сәтті кезең туғанда алға қарай тез адымдайды. Негізгі соққы да 
осы қадаммен бірге, қабаттаса жасалуы керек. Егер соққы кӛздеген нысанға 
дәл тисе, онда боксшы шабуылды ары қарай дамытады. Ол қарсыласын қуып 


262 
жҥріп қысқа соққылар береді. Ал шабуыл сәтсіз басталса, онда артқа қарай 
бір қадам жасап, бҧрынғы арақашықтықты сақтайды. 
Жақын арақашықтықты жақсы кӛретін боксшылардың алға қарай 
жылжуы бҥдан ӛзгеше. Мҧнда кеуде шешуші міндет атқарады. Ол 
қарсыласының соққысынан кеудесін жалтара қорғап, ілгері ҧмтылады. 
Боксшы ӛзіне қажетті арақашықтыққа жеткен кезде ғана қарсыласына 
шабуыл жасайды. Шабуылды бастаған сәтте негізінен сол қолмен қапталдан 
қысқа соққы беріледі. Содан кейін басқа немесе кеудеге қапталдан қатты 
соққыләр және тӛменнен тӛте соққылар жасау арқылы шабуылды әрі 
дамытады. 
Қорғануы: Ӛзімен терезесі тең қарсыласпен жекпе-жек ӛткізгенде шебер 
боксшы ӛзіне басымдылық әперетін жан-жақты тәсілдік шешім таба алады. 
Ол бокс әдістерін да жан-жақты пайдаланады, ӛз кҥшін ҥнемді жҥмсап, 
жекпе-жекті бір қарқында ӛткізеді, ол қарсыласының соққыларын ӛзіне 
дарытпайды, осындай жекпе-жек кезінде шабуыл тәсілін жҥзеге асырған 
боксшы ҥнемі шабуылдай береді деген ой тумауы керек, Егер шабуылдың 
басталуы мен аяқталу сәттері, оны жалғастыру жинақы болмаса, онда ол 
қарсыласының қарсы соққыларының астында қалуы мҥмкін. Сондықтан 
алғашқы жалған соққылар жасаған кезде, қарсыластың шама-шарқын, оның 
шеберлік деңгейін байқап керген абзал. Боксшы жеңіске ҧмтылғанда 
негізінен шабуылда болатыны даусыз. Сонда да ол ҥздіксіз шабуылдардың 
арасында бір сәт қорғанысқа кешіп, шабуылды немесе шабуылдар тізбегін 
қорытындылауы, жекпе-жек ҥстінде қорғанысқа кӛшетін кезеңді сезінуі 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет