- Археологиялық ескерткіштері
- Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді.
- Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған.
- Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан.
- Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1, 2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған.
- Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған.
- Шаруашылығы
- Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген.
Достарыңызбен бөлісу: |