«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет156/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ
orman melioratsiyas praktikal k sabaktar (1) (1), тжт
Шешендік дау 
заттық және рухани даулы 
мәселелерді реттейтін ежелгі әдет заңын бейнелейді. Ар, дау, адам намысын қорғайды, ел 
мен елдің арасында елшілік келісім болады. Ол елдің дербестігін жердің бүтіндігін 
қорғайды. Үстем таптың халық мүддесін пайдаланбауын талап етеді. 
Шешендік өнерді кез келген адам игере алмаған. Нағыз шешен болу үшін сөзге шебер 
болу жеткіліксіз, табанда ақыл тауып сөйлейтін, топ алдында тайсалмай сөз бастайтын, 
сөз сайысында саспайтын батыл, ақылды, сабырлы болуы тиіс. Шешен кісі өз заманының 
озат ойшылы, оқыған, оқымаса да көкейге тоқыған, білімді, мәдениетті азамат болуы 
керек.
2-мәтін
Қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген, кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен 
көсемдігін де сөзге сыйғызған халық. Қазақ халқында сөздің орны ерекше. Бітпес 


даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын 
сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр – бәрі 
сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Қазақ халқы – қасиетті 
сөзді қастерлеп, аузынан тастамай өнеге-үлгі ретінде данышпандығын өлең 
өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан, басынан сөз 
асырмаған, ешкімге есе бермеген, бір ауыз сөзге тоқтаған данышпан халық. Шешендік 
сөздер қашан да халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен бірге олар –
тәрбие құралы. Қазақ елі қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін, өзінің би-шешендерінің 
сөзін жадында сақтап, жаттап айтып жүруді, одан үлгі-өнеге алуды тоқтатқан емес. 
Шешендер мен билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге көп мағына сыйғызып, 
халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі қасиеті – айтылған ойға 
тапқыр, жедел жауап қайтару. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айту. Жиренше, 
Асанқайғы, Саққұлақ шешен, Ақтайлақ шешен, Төле, Қазыбек, Әйтеке билер – қазақ 
шешендік өнерінің майталман өкілдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет