«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет164/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ
orman melioratsiyas praktikal k sabaktar (1) (1), тжт
Сабақтың жүргізілу барысы 
Оқылымалды тапсырма 
1-тапсырма. Сыныппен талқыла!
1. Шешендік сөздің ұтымдылығы неде?
2. Шешендік сөзге қойылатын қандай талаптарды білесіздер? 
3. Шаршы топ алдындағы сөзге қалай дайындалу керек? 
4. Шешендік сөздің сапасын арттырудың қандай жолдары бар? 
2- тaпсырма. Төменде берілген сызбаны пайдаланып, әрбір ұғымға қысқаша 
түсінік бер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Шешендік сөздің қатысымдық сапалары 
 
мазмұн тереңдігі 
 
 
ой жүйелілігі 
 
сөз дәлдігі 
тіл тазалығы 
 
 
 
сөз қысқалығы 
 
 
сөз дәйектілігі 
 
 
 
сөз байлығы 
 
сөз түсініктілігі сөз әуезділігі 
 
Оқылым тапсырмасы 
1-тапсырма.
 
Төменде ұсынылған мәтінді мұқият оқып, шешенге қойылатын 
талаптарды назарға ал. 
Шешендік сөзде оның адамға эстетикалық, этикалық жағынан әсер етуімен бірге 
тәрбиелік, тағылымдық мәнінің де болуы сөзсіз қажет. Шешен сөзге қойылатын 
талаптар: сөз мазмұнының тереңдігі, ойдың жүйелі берілуі, пікірдің дәйектілігі, 
дәлелділігі, сөз мағыналарының дұрыс берілуі, сөздік қордың байлығы және т.б. 
Шешенге қойылатын талаптар үш түрлі бөліктен тұрады: 
1. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық; 
2. Білімін көтеру; 
3. Сөйлеу мәдениетін көтеру 
Кез келген адам ортаға шығып сөйлерде қатты толқиды, өзіне-өзі сенімсіздік білдіреді. 
Тіптен білімдар, қоғам қайраткерлері, мекеме басшылары, беделді билік иелерінің өзі де 
кей жағдайда көпшілік алдында қысылып, үзіп-жұлып жүйесіз сөйлеп жатады. Ондай 
жағдайды болдырмас үшін: қатты ойланбау керек, өзіне-өзі сену керек, психологиялық 
дайындық керек, көңіл-күйі мен сезімін билей алу керек. Сөйлеуге 
жақсы дайындалсаң

өзіңе сенімді боласың. Сөйлеуге дайындық – жауапты іс. Материалды қаншалықты 
жақсы білсең, соншалықты аз толқисың. Дұрыс, айқын, дәл, түсінікті, таза, және 
образды, эмоционалды сөйлеу керек. Сабақ кезінде, достарыңның, туыстарыңның 
арасында жиі сөйлеу қажет. Ол сені дамытып, сөйлеу мәдениетін көтереді.
Білімін көтеру.
Шешен адам тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып дәл, тауып 
сөйлеу керек. Ол үшін ойың айқын болуы қажет. Білімің терең болса, ойың айқын 
болады. Білімің терең болу үшін көп оқу керек. 
Сөйлеу мәдениетін көтеру.
Ең бірінші кезекте тіл тазалығын сақтауымыз керек. Керегі 
жоқ жерде жөн-жосықсыз орыс сөздерін кіргізбеу қажет. Қыстырма сөздерді көп 
қолдану 
сөйлеушінің 
тілін 
кедейлендіріп, 
тыңдаушыны 
мезі 
қылады. 
Жаргон сөздерді, дөрекі, тұрпайы сөздерді айтудан аулақ болу керек. Адамның 
тәрбиесі, мәдениеті, сауаттылығы оның сөйлеу тілінен аңғарылады. Мәдениеті жоғары, 
білімді, тәрбиелі оқушы ауызекі сөйлегенде де әдеби тілдің нормаларын сақтап, дөрекі, 
жаман сөздерді араластырмай ойын мәдениетті түрде жеткізеді. Шешендік – тіл 
мәдениетінің жоғарғы формасы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет