«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


белгіле. Мағынасы көмескі сөздер болса, түсіндірме сөздікпен жұмыс жаса



Pdf көрінісі
бет160/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ
orman melioratsiyas praktikal k sabaktar (1) (1), тжт
белгіле. Мағынасы көмескі сөздер болса, түсіндірме сөздікпен жұмыс жаса. 
Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, Қазыбек Тәуке ханның белгілі би-
батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысына барғанында 14 


жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері 
жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: “Дат, тақсыр!” 
деп жұлқынып алға шығады да: 
“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-
береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын 
таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды 
сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса – хан 
ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз 
туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын 
елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі 
келгенбіз. Танымайтын жат елге – танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы 
келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары 
желіммен жабысқалы келгенбіз. Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын 
жеріңді айт!” – депті. 
Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті 
де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып: 
“Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек 
болсын”, – деген екен. Соның арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды, шабылған 
мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен.
Қайтып кірер есікті қатты серіппе
Орта жүз Қошқарұлы Жәнібек он үш жасқа келгенде ұлы жүзде Қараби деген аузы 
дуалы, өзі білімді би бар деген даңқын естіп, содан барып бата алуға жолға шығады. Ол 
қазақ пен қалмақтың жауласып жатқан кезі болса керек. Бұлардың барар жолын 
қалмақтар басып алып, олар өте алмай үйіне қайтып келіп үш жыл жатады. 
Төртінші жылда жол ашылып, Жәнібек он алты жасында Қарабидің еліне келеді. 
— Шырағым, кімнің ұлысың? — дейді Қараби. 
— Қошқарұлы Жәнібекпін,— деп жауап береді бала. 
— Мен сені осыдан үш жыл бұрын күтіп едім, неге кешіктің? 
Жәнібек себебін айтады. Қараби қонақасын беріп, ертеңіне: 
— Не қалайсың, шырағым? — дейді. 
— Сізден бата алайын және өсиет боларлық өз аузыңыздан сөз естиін деп келіп 
едім,— дейді Жәнібек. Сонда Қараби батасын беріп былай деген екен: 
Бедері жоқ қамқадан, 
Берік тоқылған бөз артық. 
Берекеті жоқ ағайыннан, 
Берік сөйлескен жат артық. 
Пайданы алыстан қылғайсың, 
Залалды жақыннан қылғайсың, 
Тышқан да інінің айналасына оттамайды,
Оны да есіңе алғайсың. 
Қайтып кірер есікті 
Қатты серпіп жаппағайсың. 
Қайтып көрер досыңа
Қайрылмастай сөз айтпағайсың. 
Осыны есіңе ала жүрсең, ешкімнен 
Кем де, қор да болмайсың, - депті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет