«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


Жақының үшін жақсының жағасынан алма



Pdf көрінісі
бет161/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ
orman melioratsiyas praktikal k sabaktar (1) (1), тжт
 
Жақының үшін жақсының жағасынан алма 
Шақшақұлы Жәнібек батыр Төле биге: «Түзу мылтық, ұшқыр құс, жүйрік ит, 
мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат – бесеуін жиып қойдым. Боз бала болып ерлік қылайын ба? 
Үлгі алып, билік құрайын ба? Елінде кәрің болса – жазулы тұрған хатың. Жайлаған 


көліңнің алдында төбе болса – ерттеулі тұрған атың деуші еді, ақыл сұрайын деп 
келдім»,— дейді. 
Сонда Төле шешен: 
— Менен ақыл сұрасаң 
Өгізге ер салма, 
Қанатың талар. 
Наданға көзіңді салма, 
Сағың сынар. 
Досыңа өтірік айтпа, 
Сенімің кетер, 
Дұшпаныңа шыныңды айтпа, 
Түбіңе жетер. 
Жал-құйрығы қалың деп
Жабыдан айғыр салма, 
Жаугершілік болғанда, 
Жағдайлап мінер ат тумас. 
Жақының үшін
Жақсының жағасынан алма, 
Жерің тарылар. 
Ит жүгіртіп, құс салсақ 
Әуейі боларсың. 
Әйел алсаң, 
Көріктіні алма, тектіні ал. 
Мақтаншақ жігіт жисаң
Жөніңнен шығарсың. 
Ұрыншақ ат жаз жарға, 
Қыс қарға жығар. 
Тұмау түбі құрт болар, 
Тұман түбі жұт болар, 
Ақылдың түбі құт болар. 
Қарап отырғанша 
Бір нәрсеге жарап отыр. 
Кәсіп болмай нәсіп болмас, 
Қабырғадан қар жауса
Атан менен нарға күш, 
Ел шетіне жау келсе
Қабырғалы биге күш. 
Менің ақылым осы,— депті. 
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
Төле би тоқсан жасқа келгенінде Қаз дауысты Қазыбек сәлем бере барыпты. Елдің 
жақсылары, шешендер, ойшылдары жиналып, әңгіме-дүкен құрып отырғанында: 
– Қаз дауысты Қазыбегім келді. Бәрің түгел жиналдыңдар. Сендерге айтар он түрлі 
жұмбағым бар, соны шешіңдер, – дейді Төле би. 
– Айтыңыз, айтыңыз? 
– Айтсам, он түрлі жұмбағым мынау: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он. 
Отырғандар таң-тамаша болады. 
– Бұл не деген жұмбақ! Осындай да жұмбақ бола ма? 
– Төке, бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз? – дейді Қаз дауысты Қазыбек. 
– Рұқсат, рұқсат. 
– Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман. 
– Екі дегеніміз – егесіп өткен ер жаман. 


– Үш дегеніміз – үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман. 
– Төрт дегеніміз – төсектен безген жас жаман. 
– Бес дегеніміз – белсеніп шапқан жау жаман. 
– Алты дегеніміз – асқынып кеткен дерт жаман. 
– Жеті дегеніміз – жас келіншек жесір қалса сол жаман. 
– Сегіз дегеніміз – серпілмеген қайғы жаман. 
– Тоғыз дегеніміз – торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе сол жаман. 
– Он дегеніміз – оңалмас кәрілікке дауа болмас деген, – дейді Қаз дауысты Қазыбек. 
– Рахмет, дәл тауып шештің. Ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым, – деп Төле би Қазыбекке 
разы болыпты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет