«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет44/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ
Гепатит
 
3-тапсырма.
Мәтінді екі рет мұқият тыңда. 
Тыңдап отырып кестелерді толтыр. 
1-кесте 
Ежелгі ел 
Қазіргі мемлекет 
Ежелгі Рим 
 
Ежелгі готтар
 
 
 
2-кесте 
«Дала фольклорының антологиясын» жасау 
үшін не жинау керек?
 
 
Дәстүрлі музыкалық аспаптар 
 
 
Ұлы даланың фольклоры мен әуендерін 
заманауи цифрлық форматта шығару үшін 
не істеу керек? 
 
Көнерген сөздер мен мәтіндерді немен қоса 
беруді ұсынады? 
 
 
Тыңдалым мәтіні 
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ 
Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің 
көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес. Шын 
мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз 
жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені 
осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны 
орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің 
тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі готтар 
мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи 
мұрасының бір бөлшегі. Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-
тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге 
мүмкіндік туады. Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында 
қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті 
дәйектеріміз де жеткілікті. 
Бұл жоба аясында бізге «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы 
дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – 
ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады. Сонымен қатар
қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық 


аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын – «Ұлы даланың көне 
сарындары» жинағын басып шығару қажет. Ұлы даланың фольклоры мен әуендері 
заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін 
көшпенділердің бай мұрасын жүйелеуге қабілетті ғана емес, сондай-ақ, оның өзектілігін 
арттыра алатын отандық және шетелдік кәсіби мамандарды тарту маңызды. Біздің 
мәдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кейіпкерлері мен сарындарында шекара болмайды, 
сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша әлемде 
дәріптеуге тиіспіз. Ауызша және музыкалық дәстүрді жаңғырту қазіргі заманғы 
аудиторияға жақын әрі түсінікті форматта болуы керек. Атап айтқанда, көнерген сөздер 
мен мәтіндерді суреттерімен қоса беруге, айқын видеоматериалдар формасында ұсынуға 
болады. Музыкалық дыбыстар мен әуендер табиғи аспаптармен ғана емес, олардың 
заманауи электронды нұсқалары арқылы да шығарылады. Сонымен қатар, фольклорлық 
дәстүрдің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қазақстанның түрлі өңірлері мен өзге 
елдерге бірнеше іздеу-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру қажет. (305 сөз) 
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,
Қазақстан Республикасының Президенті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет