3-тапсырма. «Стоп кадр» әдісі. Мәтін бөліктерін тыңдап, ары қарай не болатынына
болжам жасаңыз.
Тыңдалым мәтіні
Ертеде елге сыйлы, өте бай отбасы болыпты. Олардың жан дегенде жалғыз ұлы,
мұрагері өсіп, мектепке барар жасқа келгенде, ата-анасы оған мектеп қарастырыпты.
Барлық қала, ауыл, “тау мен тасты” жағалап, ең-ең деген білім ошағын іздепті. Бірінің
ғимараты әдемі болса, бір мектеп білім беру сапасы жағынан жоғарғы деңгейде, ал бір
мектептің ұстаздары жас, шет елден оқып келген өте сауатты, ал бір мектептің орыны
құнды (қымбат) болған екен. Ақыры, таңдау жасай алмай, ол жұмысты үйіндегі көпті
көрген ақсақалға тапсырады.
СТОП КАДР. Ары қарай не болады деп ойлайсыз?
Ақсақал үстіне жұпыны киім киіп, түрін әсемдемей, мектеп аралауға шығады. Ол
ұлдың ата-анасы сияқты, мектептің ішіне кіріп, директорлармен сөйлеспейді! Тәсілі
қызық еді. Ол мектеп ауласына кіріп, оқушылардың қоңырауға шыққанын күтіп, босағада
отыратын. Сонда бір мектептің оқушылары оны балағаттап, тепкілеп, итергіштеп қуса,
екінші мектептің оқушылары тас лақтырып, мазақтайды. Үшінші мектептің оқушылары
маңайына жоламай, мұрындарын жауып өтеді, көрмеген сыңай танытады. Осындай
тірлікті көрген қария, “бәрі түсінікті” деп, тек үн-түнсіз бұрылып, кетіп қалып отырған.
Осылайша көптеген мектепті аралап, үміті таусылуға шақ қалған ақсақал соңғы мектептің
табалдырығына отыра кетеді.
СТОП КАДР. Ары қарай не болады деп ойлайсыз?
Сол сәтте: “Ата, Сізге су керек пе?”, “бір жеріңіз ауырып тұр ма?” “Дәрігер
шақырайық па?”, “Жаурадыңыз ба, міне, менің жейдемді жамыла тұрсаңыз….” деген бір
топ әр жастағы оқушылар ақсақалды қоршап алып, абыр-сабыр боп, алаңдық танытады.
Оқушылардың кішіпейілік, адамкершіліктеріне риза болған ақсақал, мектеп директорын
шақыруын сұрайды. Мектеп директорына осындай керемет шәкірт тәрбиелегеніне
ризашылығын білдіріп, өзін таныстырып өтіп, “мектептерің керемет екен” деп немересін
осы мектепке бергелі келгенін айтыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |