«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


 Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет



Pdf көрінісі
бет5/74
Дата24.10.2023
өлшемі3,21 Mb.
#187820
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ЖМБ

1.2. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет
 
Оқу мақсаттары 
10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген 
мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу 
Сабақ мақсаттары 
Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселені 
бағалайды; мәліметтер мен пікірлерді өңдейді. 
Құндылықтарды дарыту 
 
Жалпыадамзаттық құндылықтар: адамгершілік, 
мейірімділік, әділдік. 
Мәңгілік Ел құндылықтары: тарихтың, мәдениет пен 
тілдің ортақтығы; ұлттық бірегейлікті сақтау. 
Пәнаралық байланыс 
Өзін-өзі тану, әдебиет, тарих, география 
Бастапқы білім 
Тақырыпқа болжам жасады 
Тірек сөздер 
Қоғам, ұлттық құндылықтар, қазақ халқы, тіл, мәдениет
заман талабы, БАҚ, салт-дәстүр. 

Сабақтың жүргізілу барысы 
Оқылым алды тапсырма 
1-тапсырма 
«Болжау» әдісі. Берілген тірек сөздер арқылы оқылым мәтініне болжам жасаңыз. 
Тірек сөздер: қоғам, ұлттық құндылықтар, қазақ халқы, тіл, мәдениет, заман талабы, БАҚ, 
салт-дәстүр. 
Оқылым тапсырмасы 
 
2-тапсырма. Мәтінді оқып, жұпта кесте толтырыңыздар. 
Оқылым мәтіні 
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі, 
экономика ғылымдарының докторы, профессор Серікбай Нұрғисаев ұлттық құндылықтар 
туралы ойларын ортаға салды.
- Серікбай Өрікбайұлы, біздің елдік мұратымыз не? Қандай мақсат жолында еңбек етуіміз 
керек?
- Ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрдық. Келесі маңызды 
мақсат - ауызбіршілігі мол даму жолындағы қазақстандықтарды тәрбиелеп шығару. 
Соның негізінде қазақ ұлты тұруы керек. Ал енді ұлтты ұлт ететін - тәуелсіз мемлекет. 
Анығырақ айтсақ, мемлекеттік саясат. Бұл саясатты жүргізу үшін елдің заңы мен 
мемлекеттік бағдарламасы қабылданады. Елді дамытудағы атқарушы биліктің де, заң 
шығарушы органның да, жеке парламентшілердің де басты мақсаты - осы.
- Қазақ халқының өнері мен мәдениеті, оны әлем жұртшылығына таныту туралы 
ойларыңызды ортаға салсаңыз?
- Қоғам құндылығы - халықтың тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі. Ұлты кім болса да, әр 
азаматқа адами қасиет ананың сүтімен, атаның қанымен дариды. Қазір ұлттық 


құндылықтарымызды шетелдерге танытуымыз керек. «Сен кімсің?» дегенде «Мен - 
қазақпын!» деп ана тілімізде айта аламыз. «Қазақ қайдан шықты?» дегенде әр азамат өз 
елінің, халқының тарихын білуі тиіс. Әрбір қазақ «Осыншама жерді қалай сақтап қалдың, 
жаугершілік замандардан қалай аман өттің?» деген сауалдарға тосылып қалмай, нақты 
жауап бере білуі қажет. Өйткені атамекенімізді қорғау жолында қаншама батыр бабамыз 
жанын да, қанын да аяған жоқ. «Халықты қандай құндылықтар біріктіріп отыр?» десек, 
әрине тілің, ділің, дінің, патриоттық сезімің, бауырмалдық қасиеттерің екені анық. 
Осының барлығы туған Отанды қорғау қасиеті, ар намыстың биіктігі. Бұл атадан балаға, 
одан немере мен шөбереге беріліп келе жатқан аманат. Осындай ұлттық құндылықтар 
бізге де үнемі қуат беріп тұрады.
- Ұлттық құндылықтарымызды шетелге таныстыруда Сыртқы істер министрлігі және 
Мәдениет министрлігі әлі де қандай жұмыстарды атқара түскен жөн деп ойлайсыз?
- Біз тәуелсіз ел ретінде тіркелдік, онда географиялық, саяси-экономикалық көрсеткіштері 
көрсетілген. Ал енді «Ол қандай ел?» дегенде рухани байлығына назар аударады ғой. Біз 
құнды дүниелерімізді шетелдерге өте сапалы аударып жеткізуіміз керек. Әдебиет, театр, 
өнер жетістіктерін паш еткеніміз жөн. Бұған бұқаралық ақпарат құралдарының да қосатын 
рөлі зор. Бүгінгі таңда біздің басылымдардың журналистері дамыған елдердегі беделді 
БАҚ-пен тәжірибе алмасуы қажет. Атап айтқанда, біздің журналистер Америка, Жапония, 
Европа елдерінің танымал баспасөз ұйымдарына барып, кейбір озық тәжірибелерін өз 
көздерімен көріп, үйренуі керек. Шетелдің озық жаңалықтарын отандық БАҚ-қа енгізсе, 
дұрыс болады. Ең бастысы, жаңалықтарды біз негізгі бастауынан алуымыз керек. Ал қазір 
көп жағдайда орыс тіліне аударылған материалдарды пайдаланып жүрміз. Мәселен, 
Америкада, Индия мен Австралияда бір жаңалық болса, соны тікелей алуымыз керек. 
Тиісінше алыс шетелдер бізді де ортадағы байланыста жүрген орыс тілі арқылы біліп 
жатыр. Сондықтан диалогқа шығу үшін көп жұмыстар істелуі керек. Қай елмен де өнер, 
мәдениет, білім, ғылым саласында тікелей ынтымақтастық көпірін орнатуымыз қажет. 
Сыртқы істер министрінің қатысуымен өткен Үкімет сағатында осы мәселелер көтерілді, 
әріптесім Алдан Смайыл ұлттық құндылықтарымызды шетелге танытуда жаңа көзқарас 
болуы керектігі жөнінде өз ұсыныстарын айтты. Аударма жасау өте жауапты мәселе. 
Қазақ тілі мен әдебиеті – ерекше қасиеттері мол ұлттық қазына. Қазақ тілінің өрісі кең, 
сипаттама сөздері көп, қаншама астарлы сөздері мен теңеулері бар. Қазақ аз сөзбен көп 
мағына беруді білген халық. Мақал-мәтелдеріміз өте көп. Мәселен, «Абайды түпкілікті 
терең түсіну үшін қазақ тілін білу керек» деп бекер айтпайды ғой. Сол сияқты Шекспирді 
ұғыну үшін ағылшын тілін жетік білуің қажет. Ал Пушкин мен Гогольді орыс тілінде 
оқығаның жөн.
- Ұлттық тәрбие туралы ойыңызды қалай түйіндер едіңіз?
- Ең бастысы, ұлдарымыз Отанымыз үшін еңбек етіп, бір үйдің азаматы болып, отбасының 
басшысы рөлін атқара білуі тиіс. Қыз балалар да өзінің өміріне, болашағына анық қадам 
басуы қажет. «Карьера» қуып, билікке жетудің жолында кетіп қалмауы керек. Арулардың 
басты құндылығы - Ана болу, біздің қоғамымызға керек Азаматты дүниеге әкелу және 
тәрбиелеу!
- Ұлттық құндылықтарымыз туралы ұтымды ойларыңызды ортаға салғаныңызға көп 
рақмет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет