Скаффолдинг (көпіршелер тұрғызу) – оқушыға жақын даму аймағымен
жүруіне және өз бетінше орындай алмайтын
тапсырманы орындауға
көмектесуі үшін мұғаліммен көрсетілетін интерактивті қолдау [Глоссарий,
2012].
Скаффолдингтің заманауи теориясы – бұл білім беру үдерісіне
қатысушылардың арасындағы өзара сеніміне негізделген серіктестік.
Қалыптастырушы бағалау тәжірибесінде мұғалім орындайтын маңызды
функцияларының бірі оқушыларды оқу үдерісінің
барысында қолдау және
қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті көмек көрсету [Bruner, 1976], болып
табылады.
«Скаффолдингтің» негізгі сипаттамалары:
1.
Ортақ мақсаттардың болуы. «Скаффолдинг» үшін аса маңызды
жағдай «интерсубъективтіліктің» болуы [Rogoff, 1990], яғни, ол
екі
субъектінің ортақ түсініктерінің болу жағдайы. Интерсубъективтілік оқудағы
нәтижелер үшін мұғалім мен оқушының ортақ жауапкершілігі ретінде
қарастырылады.
2. Ағымдық диагностика және бейімделген қолдау. Скаффолдингтің
маңызды ерекшеліктерінің бірі мұғалім оқушыларға қажетті «бірте-бірте»
қолдау көрсету үшін олардың ілгерілеуін үздіксіз бағалап отыруы.
Сондықтан мұндай өзара әрекет «оқушыға қажетті
дағдыларды меңгеруге
және тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауына көмектесуі керек»
[Wood, Bruner, Ross, 1976].
3. Диалог және өзара әрекет. Мұғалім мен оқушылардың өзара
әрекеттері скаффолдингте диагностикалық болып табылады. Бұл
оқушыларды селқос (пассивті)
білім мен тәжірибе алушы емес,
сұрақтар/тапсырмаларды шешуде белсенді қатысушы,
серіктес ретінде
көруге мүмкіндік береді. Өзара әрекет диалогтің арқасында мүмкін болады
[Palincsar, Brown, 1984],
яғни мұғалім мен оқушы немесе оқушы мен оқушы
арасындағы әңгімелесулері.
4. Қолдауды азайту және жауапкершілікті тапсыру.
Скаффолдинг
жағдайларының бірі оқушыларға мұғалім тарапынан көрсетілетін қолдау
көлемін біртіндеп азайту [Wood, Bruner, Ross, 1976]. Біртіндеп бұл
оқушыға
өз оқуына деген жауапкершілікті толық тапсыруға әкелуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: