Назарова Шынар Талғатқызы



Дата08.07.2018
өлшемі93,5 Kb.
#48491
түріСабақ
Назарова Шынар Талғатқызы

Атырау қаласы. Атырау энергетика және құрылыс колледжінің билогия және химия пәні оқытушысы


Пәні:

Биология

Сабақтың тақырыбы:

Организмнің жеке даму түсінігі. Бөліну, өсу, жасушалардың жіктелуі, органогенез, көбею, қартаю, организмнің өлуі.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға организмнің жеке даму түсінігі. Бөліну, өсу, жасушалардың жіктелуі, органогенез, көбею, қартаю, организмнің өлуі туралы білімді меңгертіп, алған білімдерін жадында сақтау қабілеттерін дамытып, ұйымшылдық пен сыйластықты ояту.

Күтілетін нәтиже:

1.Оқушылар алға мақсаттар қойып,сол мақсаттарын жүзеге асыруға әрекет етеді.

2.Жүйелі сөйлеу, талдау, дәлелдеу, ұсыныс жасау дағдыларын дамытады.

3.Сыни ойлау дағдыларын топтық жұмыстар кезінде ой пікірін еркін жеткізеді.


Сабақтың әдісі:

«Смайликтер», сыни тұрғыдан ойлау, «Қара жәшік», «Біліміңді сына», «Түстер билейді» сергіту сәті, «Смайликтер».

Құрал-жабдықтар:

Интербелсенді тақта, слайдтар, смайликтер, стикерлер, бейнефильмдер



Сабақ барысы

Жұмыс кезеңдері


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Уақыт шеңбері

Ресурстар


Ұйымдастыру

кезеңі.



Оқушылармен амандасып, түгендеп,зейіндерін сабаққа аудару.


Мұғалімнің сұрақтарына жауап қайтарып, сабаққа кіріседі

2 мин

Оқушылар

Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.

Топтарға бөлу.

Стратегия:

«Смайликтер»



Үстел үстінде әр түрлі смайликтер берілген. Тәуелсіз топтарға бөлінудің арқасында оқушылар бір топтың астына бірігеді.

Оқушылар ұнататын смайликтерін таңдап алады.


2 мин

Смайликтер

«Қара жәшік» әдісі.


Үй тапсырмасы бойынша оқушыларды үш топқа бөліп, «Қара жәшік» әдісі арқылы бір-бірімен жарысатындығы және соңында үш топ ұпай сандары бойынша бағаланатындығы айтылады.

Оқушылар үш топқа бөлініп, топ мүшелері ұяшықтарға жауап беру арқылы өзінің тобына ұпай жинап отырады.

12 мин

Слайд 2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,16,17,18,19

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Бейнефильм

«Онтогенез»


Оқушылардың назарын интербелсенді тақтаға аударып, жаңа тақырып түсіндіріледі.

Онтогонез(грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель үсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын жасушаның ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. Организмдердің әр түрлі топтарында Онтогенездің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мол.

Оқушылар жаңа тақырыпты тыңдайды

13 мин

Слаид 20,21,22,23,24



Жаңа сабақты бекіту кезеңі

Стратегия:

«Біліміңді сына»

«Түстер билейді» сергіту сәті




1. Зигота дегеніміз не?

2.Бөлшектену кезеңінің қандай ерекшелігі бар?

3.Бөлшектенудің ересек жануарлардың жасушаларының митоздық бөлінуінен айырмашылығы қандай?

4.Ұрық жапырақшалары дегеніміз не?

5.Эмбрионды даму кезіндегі жасушалардың жіктелуі деген не?

6.Онтогенетика нені зерттейді?

7.Мезодерма қабатында қандай мүшелер түзіледі?
Сергіту сәтінің мақсаты: оқушылардың арасында жағымды психологиялық ахуал тудыру.


Оқушылардың жауабы тыңдалады

8 мин

Слайд 25

Кітап, даптер



Жаңа сабақты қорытындылаукезеңі.


Жаңа сабақ бойынша тақырып қорытындыланады

Мұқият тыңдайды

2 мин




Үй тапсырмасын беру кезеңі



§38.Организмнің жеке даму түсінігі. Бөліну, өсу, жасушалардың жіктелуі, органогенез, көбею, қартаю, организмнің өлуі.

Оқушылар дәптерлеріне жазып алады.

2 мин

Слайд 26

Кітап, күнделік



Оқушылардың білімін бағалау кезеңі.

Сабақта белсенділік танытқан оқушылар бағаланады.




2 мин

Күнделік

Рефлексия

Стратегия:



«Смайликтер»

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге смайлик түрінде салып,ұсыныстарын жазу сұралады

Оқушылар өз әсерлерін смайлик түрінде салып, ұсыныстарын жазады.

2 мин

Стикерлер және қалам


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет