Атырау қаласы. Атырау энергетика және құрылыс колледжінің билогия және химия пәні оқытушысы
Пәні:
Биология
Сабақтың тақырыбы:
Организмнің жеке даму түсінігі. Бөліну, өсу, жасушалардың жіктелуі, органогенез, көбею, қартаю, организмнің өлуі.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға организмнің жеке даму түсінігі. Бөліну, өсу, жасушалардың жіктелуі, органогенез, көбею, қартаю, организмнің өлуі туралы білімді меңгертіп, алған білімдерін жадында сақтау қабілеттерін дамытып, ұйымшылдық пен сыйластықты ояту.
Үстел үстінде әр түрлі смайликтер берілген. Тәуелсіз топтарға бөлінудің арқасында оқушылар бір топтың астына бірігеді.
Оқушылар ұнататын смайликтерін таңдап алады.
2 мин
Смайликтер
«Қара жәшік» әдісі.
Үй тапсырмасы бойынша оқушыларды үш топқа бөліп, «Қара жәшік» әдісі арқылы бір-бірімен жарысатындығы және соңында үш топ ұпай сандары бойынша бағаланатындығы айтылады.
Оқушылар үш топқа бөлініп, топ мүшелері ұяшықтарға жауап беру арқылы өзінің тобына ұпай жинап отырады.
Онтогонез(грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель үсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын жасушаның ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. Организмдердің әр түрлі топтарында Онтогенездің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мол.