Қ-қуатты
А-айбатты
З-зайырлы
А-ауқатты
Қ-қайратты
С-салауатты
Т-тәуелсіз
А-асқақ
Н-нұрлы
Сонымен, рахметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу…
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін..
-Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
-Адам өзінің алғысын қандай сөздермен білдіреді?
-Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
-Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Ән: Хор: «Қазастан»
Қорытынды: Бүгінгі мерекелік шарамызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорытындылай келе.
Дүниеде тәуелсіз қазақ елі;
Әлемде Егемен Қазақстан бар;
Оның көп ұлтты ,тату,ынтымақшыл халқы бар;
Қуатты экономикасы,сенімді саяси жүйесі бар;
Ең бастысы-бүгіннен нұрлы,бүгіннен кемел болашағы
Сол күнге берік сенім бар!- деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Тындағаңыздарға рахмет.
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Мінез- жанның айнасы
Мақсаты: 1. Оқушыларға бозбала мен бойжеткеннің жеке басынан дараланып байқалатын психикалық сипаттарының бірі- мінез бен темперамент жайлы айту.
Әрқайсысының жеке дара өзгешеліктері мен мінез- құлықтарын анықтау.
Жақсы мінез- құлықтарды бойына сіңірген, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстайтын азамат пен азаматша тәрбиелеу.
Түрі: Әңгіме.Танымдық сағат.
Әдісі: Баяндау.Сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, темперамент топтары, мақал-мәтелдер, т.б.
Өткізілу барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
Кіріспе: Мұғалім сөзі
— “Бойда қайрат, ойда көз болмаған соң, айтпа сөз” деп Абай атамыз тегін айтпаған. Әрбір есі кіріп, етек жапқан адам- белгілі бір қоғамның мүшесі, оның азды- көпті өмір тәжірибесі бар. Яғни, білімі, жеке дара өзгешеліктері болады. Сендер де осы қоғам мүшесісіңдер. Сендердің де қоғамда өз орындарың бар. Әрқайсысыңа мінез- құлық тән.Бозбала менбойжеткеннің жеке басынан дараланып байқалатын психикалық сипаттардың бірі- мінез бен темперамент. Ерте заманнан- ақ мінез- құлық 4 түрге бөлініп келген.
Холерик- қажырлылық, қуат-құмарлық.
Сангвиник- қозғалғыштық, мейірімділік,еті тірі.
Меланхолик- сезімі терең, ұстамды.
Флегматик- асықпайтын, сабырлы, селқос.
-Мінез- даралық, өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының негізі. Кісіні мінез әр қырынан көрсетіп тұрады.
— Мінез- иманды, имансыз, тәрбиелі, тәрбиесіз, бірқалыпты, бүтін, кетік, күшті, тұрақты, салғырт, т.б. сапаларға бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |