7
техникалық объектіге тікелей не болмаса жанама түрде кері әсерін
тигізетін үдерістерді, объектілерді және заттарды айтады
[1,4].
Қауіп энергияға ие, құрамында химиялық және биологиялық
белсенді компонентті, сонымен қатар адамзат ісіне сәйкес келмейтін
сипатты жүйелер тудырады. Қауіп әсері
табиғи және антропогенді
болып бөлінеді. Табиғи қауіп – табиғи құбылыс, климаттық жағдай,
жергілікті рельеф, яғни табиғат әлемінде пайда болатын құбылыстар.
Адам іс шаруашылық үдерісіне техника бұйымдары мен өндірістік
өнімдер көмегімен технологиялық үдеріс арқылы антропогендік
қауіптілікті тудырады.
Өнеркәсіптік ортада жұмысшының денсаулығы мен өміріне тиетін
қауіпті көздері көп болады. Олар: кеңсе және бұйымдар, технологиялық,
энергетикалық, көтеру көлік және басқа да қондырғылар, көлік,
бөлшектер және басқада материалдық объектілер. Өндірістік ортадағы
бір элемент бірнеше қауіпті тудыруы мүмкін, мысалы: шу,
вибрация,
кеңістік сферасының ластануы және тағы басқалар. Осындай өзгерілетін
қауіптерді техногендік деп атайды.
Техногенді қауіптер потенциалды және реалды болып екіге
бөлінеді. Потенциалды қауіп дегеніміз қызметкер денсаулығына
жасырын (потенциалды) факторлармен әсер етуін айтамыз. Реалды қауіп
деп қазіргі уақытта немесе белгілі бір уақыт ішінде қызметкер
денсаулығына кері әсер ететін факторларды айтамыз.
Белгілі бір жағдайда қауіптілік көзіне инициатор әсер еткенде
потенциалды қауіп реалды қауіпке айналады. Мысалы, автокөліктердің
техникалық қызмет көрсету станцияларында диагностикадан және
автокөлік қозғалтқыштарын реттеу жұмыстары жүргізіледі. Қауіп
көзінің бірі – жұмыс істеп тұрған қозғалтқыш.
Қыздырылған беттер,
желдеткіштің айналмалы қалпақтары, белдеулік алмасулар және
өңделетін газдар қауіптілік көздері болып табылады. Қызметкерлер
жұмыс істеу барысында күйіп қалу, қол сыну және улану секілді
жағдайлерға ұшырауы мүмкін. Егер өңделетін газды өндіріс аумағынан
жергілікті сорғыштың герметикалық сорғышы арқылы автокөлік
құбырлар көмегімен шығарылған кезде улы әсері болмайды, сондықтан
потенциалды болып ауысады. Жергілікті сорғыш болмаған жағдайда не
болмаса герметикасы бұзылған жағдайда шығатын газ бірден ауаға
түседі, сол себепті реалды қауіпке ауысады. Адамзат өміріне түсетін
қауіпті «адам - өндірістік орта» жүйесімен қарастыруға болады. Осы
жүйенің бір ерекшелігі қызметкер өндірістік ортаға негативті объект
ретінде түседі және реалды қауіпті түзетін
инициатор немесе
потенциалды қауіпті реалды қауіпке айналдырғыш бола алады. Қауіп
көзін туғызуші шаршаңқылық, ұқыпсыздық, мамандықсыздық,
қауіпсіздік техника ережелерін әдейі немесе кездейсоқ бұзу болып
табылады. Қауіптің басқа туғызушылары табиғи және техногенді
8
(қондырғының істен шығуы, қалыпты сақталмауы және тағы басқалар)
сипаттағы объективті шарттар. Потенциалды
және реалды дәрежесі
бойынша қауіптілік объектілері мен техникалық жүйелерді келесі
топтарға бөлуге болады:
Массалық жеңілу қаруы және қорғаныс кешендерінің объектілері;
Атомдық реакторлар;
Ракетті-космостық кешендер;
Мұнай-газ кешендері;
Қауіпті
заттардың
артық
мөлшері
көп
химиялық
және
биотехнологиялық кешендер;
Энергетикалық объектілер;
Өндірістік қондырғылар және тасымал бұйымдары;
Металлургиялық кешендер;
Тасымалдау кешендерінің объектілері (жердегі, судағы, су асты және
кеңістік);
Магистралды газ құбырлары, мұнай құбырлары;
Инженерлік құралдар (көпірлер, тоспалар,
галереялар және
стадиондар);
Тау-кен кешендері;
Азаматтық құрылыс және өнеркәсіптік ірі объектілер;
Байланыс, басқару және хабарлау жүйелері.
Техногендік сферада қауіптілікті тасымалдау апаттары, жарылыстар
мен өрттер, радиациялық апаттар, химиялық және биологиялық қауіпті
қалдықтардың ауаға түсу апаттары, гидродинамикалық апаттар,
энергетикалық және тазалау қондырғыларындағы апаттар тудырады.
Техногенді сипаттағы қауіптерді сараптап, қорыта келгенде техногенді
қауіптерді тудыратын көздер келесі болып табылады:
Энергия,
энергетикалық даму, өндірістік, көліктік және басқа да
кешендерді алу мен дамыту бағытындағы адамзаттың шаруашылық
іс-әрекеті;
Адам өміріне қауіпті тудыратын жоғары концентрациялы энергияны
талап ететін жаңа технологияны қолданатын күрделі өндірістің
дамуы;
Қауіпсіздікті көтеру мақсатындағы технологиялық үдерістің дәлдігін
талап ететін күрделі әсердің мүмкіндігін болдырмау;
Өндірістік
қондырғы
мен
көліктік
қондырғыларды
эксплуатациялаудың
сенімділігінің
болмауы,
технологияның
жетіспеушілігі мен тозуы, еңбек және технологиялық дисциплинаның
төмендеуі;
Өндірістік және басқада объектілерде қауіпті тудыратын табиғи
үдерістер мен құбылыстар;
ТМД
елдерінде
экономикалық
өзгерістермен
байланысты
техногенді сипаттағы қауіптерге төмендегілерді жатқызуға болады:
9
Өндірістің тоқтауы және соған қатысты шаруашылық байланысы мен
технологиялық шынжырдың бұзылуы;
Негізгі өндірістік бұйымдар тозуының жоғарғы дәрежесі;
Улы заттардың таралуын жоғарлататын зиянды қалдық заттардың
жиналуы;
Бақыланатын ұйымдардағы және мемлекеттік инспекциялардағы
жұмыстарының тиімділігі мен талаптарының төмендеуі;
Апаттық жағдайларды болдырмау
және алдын-ала хабарлаудың
дәрежелерінің жетіспеушілігі немесе мүлдем болмауы.
Соңғы жылдардың зерттеулері бойынша табиғи және техногенді
қауіптіліктердің қатынасы өзгерген, техногенді қауіптілік үлесі артып
жатыр.
Тұрақты қауіпсіздік шараларын дамыту үшін техногендік ортаны
дамыту керек. Халықаралық құжаттармен МАГАТЭ бекітілген
қауіпсіздік анықтамалары бар: «Қауіпсіздік – адамзаттың, қоғамның
және қоршаған ортаның кенеттік жағдайлардан сақталу жолдары».
Қауіпсіздік ұғымының құрылымы ҚР «Қауіпсіздік»
Заңында
көрсетілген. Бұл заңда қауіпсіздік ұғымы тұлғаның өмірлік маңызды
қызығушылығы, қоғам және мемлекеттің сыртқы мен ішкі
зардаптарынан қорғалуымен байланысты болады. Мұндай анықтамалар
әлеуметтік-экономикалық
жүйелерге
қолданылады.
Өндірістің
техникалық объектілерінің қауіпсіздігі туралы сөз болғанда мүлдем
басқа ұғым қолданылады. Қауіпсіздік – белгілі бір жағдайда қызмет
кезіндегі апаттық және жарылыс жағдайларында шекті мәндерден
аспайтын және шығымы төмен болатын объекті қасиеттерінің сақталу.
Достарыңызбен бөлісу: