Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау Курстың/пәннің/ юниттің атауы: : Кіші комплектілі мектептерде Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі
Пәннің коды: ТК 3208
Пәннің типі: Базалық пәндер, таңдау компонент
Оқу жылы: 2012-2013ж
Оқу семестрі: 2
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: -
Курстың мақсаты: Оқушылардың ежелгі дәуірден күні бүгінге дейінгі адамзаттың тарихи даму жолы туралы тарихи білімдерін игеруді қамтамассыз ету;
Тарихи білім негізінде оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен өткізе алу қаблетін дамыту;Отан сүйгіштік, тарихи тәжірибе, гуманизм идеялары негізінле оқушылардың рухани құндылық бағдарлары мен көзқарасын қалыптастыру;
Халықтардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылықпен құрметпен қарауға баулу. Пәнінің міндеттері:Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, табиғаттың, мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстарын қорғау қажеттілігін сезіне білетін отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеу; Оқушыларды қоғам мен адамзаттың ежелгісі мен, бүгінгісі мен таныстырып оларды өткен бабалардың әлеуметтік, адамгершілік,тәлім-тәрбиесін ұғынуға бейімдеу; Қазіргі қоғамға кіріккен және оны жетілдіретін тұлға қалыптастыру; Жеке тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу; Оқушыларды пікірлер мен көзқарастарды еркін таңдауға бағыттап олардың құқын қорғауды қамтамассыз ету, гуманистік және демократиялық құндылықтарға бағыттау; Тарихи білімдер мен әдістерді қолданвып,қоғамдық ойдағы жаңа мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан сын көзбен бағалап, талдай алу дағдысын қалыптастыру; Тарих пәні жүйелі жүргізу әдісі курсының негізгі мақсаты келешек мамандардың тарихи танымын қоғамның дамуына сәйкестендіріп қалыптастыру; Тарих пәні мұғалімінің кәсіптік білім деңгейін жоғарғы межеге көтеріп болашақ зайырлы демократиялық қоғамның азаматтарын тәрбиелеу;
Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия,әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психология дидактика талаптары және логика сияқты ғылымдармен тығыз байланыста дами отырып тарихты оқыту процесін жетілдіріп,жаңғыртып, дамытып отыруы қажет;Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыру үшін қызмет жасауы тиіс.