Не педагогика факультеті


Дәріс 14. Ювеналды педагогиканың әдіснамалық тәсілдері



бет14/17
Дата05.12.2022
өлшемі134,67 Kb.
#161225
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Ювеналды педагогика пәнінен лекция жинағы

Дәріс 14. Ювеналды педагогиканың әдіснамалық тәсілдері
Қазақстандағы қазіргі әлеуметтік жағдай қылмыстың ұдайы өсуімен сипатталады, тиісінше пенитенциарлық мекемелердегі сотталушылардың саны артуда, оның ішінде рецидивтік қылмыс жасағандардың саны әртүрлі аймақта 40-тан 60 %-ды құрайды. Көптеген рақымшылықтарды қолдану мәселені шеше алмайды, керісінше қылмыстың келесі толқынының басталуына себеп болады және азаматтардың санасында құқықтық нигилизмді тудырады. Меншіктік қайта бөлуге байланысты экономикадағы өзгерістер, мемлекетте орын алған әлеуметтік қайта құрулар жұмыссыздық, ереуілдер, аштық жариялау, террорлық акт және кісі өлтіру мен үлкен көлемдегі ұлттық байлықты жымқыруға қатысты аса ауыр қылмыстардың өршуі сияқты құбылыстардың орын алуына алып келді.
Саналы және құқыққа бағынушы, лайықты білім мен мәдениет деңгейін меңгерген азаматтарды қалыптастыратын, ерте жастан басталатын әлеуметтік тәрбие беруді ұйымдастырудың қажеттілігі артты. Әлеуметтік құндылық сапалары қалыптасқан тәрбиелі адамдар ғана мемлекеттің экономикалық ресурстарын, патриоттық сана-сезімді, өскелең ұрпаққа қамқорлықты және құқықтық демократиялық мемлекет пен азаматтық қоғамның өмір сүруі үшін маңызды басқа да қажеттіліктерді қалыптастыруға әрі сақтауға қабілетті. Сондықтан мемлекетте дәл осындай азаматтардың әлеуметтік мәртебесі жоғары болуы қажет.
Тәрбиелік әсер ету отбасында және мектепте ғана емес, барлық білім беру ұйымда-рында, еңбек ұжымдарында қылмыстық-атқару заңнамасы бойынша түзеу қызметін атқаратын, яғни әрбір қылмыстың негізінде жатқан тәрбие берудегі олқылықтардың орнын толтыратын пенитенциарлық мекемелерде де жүзеге асы рылуы тиіс.
Білім және тәрбие беру іс-әрекеті арқылы тұлғаны әлеуметтендіру мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы ең тиімді және оңтайлы бағыт болып табылады және мемлекеттік биліктің барлық органдары мен институттары, бұқаралық ақпарат құралдары, құқық қорғау жүйесі мен білім және тәрбие беру жүйесі кіретін мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық жүйе құру арқылы атал- ған мәселенің технологиялық шешімін табуға болады. Барлық мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарды тәрбие беру мақ сатына жұмылдыру арқылы қоғамдық қатынастарда ілгерілеуге және кез келген мемлекеттік міндеттерді табысты шешуге болады.
Пенитенциарлық мекеме қоғам мен мемлекеттің қалыпты өмір сүруінің негізгі шарты болып табылатын, азаматтардың құқыққа бағынушылық мінез-құлқын қалыптастыру мақсатында тәрбиелік әсер ететін мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық жүйеде өз орнын алуы тиіс.
Батыс мемлекеттердің түрме саясатының негізін және апологетикасын, теориялық алғышарттарын құрастыру мен пенитенциарлық мекемелерді ұйымдастырудың тұжырымдамасын жасау, заңнамадағы реформа жобалары мен сотталғандармен қарым-қатынас әдістерін жасаумен ғылыми білімнің арнайы саласы – түрметану немесе пенитенциарлық ғылым айналысады. Білімнің бұл саласының пайда болуы, түрме ісінің атақты екі реформаторы – Джон Говард пен Иеремея Бентамның есімімен байланысты. Олар XVIII ғасырдың соңында Англиядағы және басқа да Еуропа елдеріндегі түрмелердегі жағдайды зерттеп, түрме мекемелерін қайта құрудың жаңа идеялары мен принциптерін ұсынды. Латын тілінен аударғанда «өкінген», «түзейтін» деген мағына беретін «пенитенциар» ұғымы АҚШ-та XVIII ғасырда қылмыскерлерді өкіну, тәубеге келу, Құдайға жүгіну арқылы түзеуге талпынған түрмелерге қатысты қолданыла бастады.
Жазасын өтеу (бас бостандығынан айыру) және сотталушы тұлғаның жоғары деңгейдегі әлеуметтік адамгершілік деформа- циялануы жағдайында, тәрбиелік әсер етуді жүзеге асыру ерекшеліктері, жалпы педагогикадан дербес сала – түзеу (пенитенциар-лық) педагогикасының бөлінуіне себеп болды. Ол XX ға- сырдың 60-жылдары пайда болды, өйткені қылмыскерлерді жазалау және оқшаулау міндетімен қатар, жазасын өтеу үдері- сінде оларды адамгершілік тұрғыдан қайта бағдарлауға қол жеткізу қажет болды. Қазақстанда «Пенитенциарлық педагогика» термині ХХ ғасырдың 90-жылдары ғылыми айналымға енді, алғашқыда «еңбек- пен түзеу педагогикасы» ұғымы қолданылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет