Не педагогика факультеті


Дәріс 15. Ювеналдық әділет кәмелетке толмағандар үшін сот төрелігінің ерекше жүйесі



бет15/17
Дата05.12.2022
өлшемі134,67 Kb.
#161225
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Ювеналды педагогика пәнінен лекция жинағы

Дәріс 15. Ювеналдық әділет кәмелетке толмағандар үшін сот төрелігінің ерекше жүйесі
Қазіргі кезде қылмыстық-атқару жүйесін реформалау жүріп жатыр, тиісінше түзеу мекемелері қызметінің әлеуметтік-педагогикалық мазмұны мен оның ішкі құрылымы өзгеріске ұшырады. Мемлекеттің қылмыстық және қылмыстық-атқару саясатын ізгі- лендірілуі, осы саладағы заңнаманың өзгеруі, бір жағынан, бас бостандығынан айыру жазасын өтеушілер санының азаюына, екінші жағынан, бас бостандығынан айыру орындарында маңызды әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық ауытқушылық- тары бар тұтқындардың есебінен, криминалдық құрамның нашарлауына әкеліп соқты. Пенитенциарлық мәселелерді зерттеуде сотталғандар тобын жіктеудің әртүрлі тәсілдері кездеседі: педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік.
Сотталғандардың жалпы психологиялық жіктемесін жасау өте қиын, өйткені, бір жағынан, «сотталушы» ұғымы әртүрлі қылмыс жасаған және жазасын өтеуші адамдардың үлкен ауқымын қамтиды, ал екінші жағынан, қылмыстың бір түрінде адам- дардың әртүрлі тұлғалық қасиеттері мен әртүрлі криминалдық зақымдану деңгейі тұрады.
Адамдардың сотталу факті сияқты жалпы тип құраушылық белгісінің болуы, оларға қылмыстық-құқықтық санкцияларды қолдану, әлеуметтік мәртебесі мен әлеуметтік рөлінің өзгеруіне байланысты, оларды біртекті қауымдастық ретінде қабылдаудың қажеті жоқ. Осыған орай, жаза тағайындау мен жазаны орын- дауда негізге алынатын принцип әртүрлі типологиялық топтарды зерттеуді қажет ететін саралау тәсілі болып табылады.
Отандық ғылыми әдебиеттерде сотталғандарды құқықтық және психологиялық-педагогикалық жіктеулер қарастырылған.
Құқықтыққа қарағанда психологиялық-педагогикалық жіктеу соталушының құқықтық жағдайына әсер ете алмайды, алайда ол әлеуметтік-психологиялық қызмет бөлімдерін және сотталғандар бригадасын құрғанда тұрғын жайға орналастырғанда міндетті түрде қолданылады. Сотталған адамның жасы, білімі, мінез-құлқы, кәсібі және еңбек тәжірибесі, денсаулық жағдайы, отбасылық жағдайы, әлеуметтік-адамгершілік шектен шығу деңгейі, тұлғалық антиәлеуметтік бағыттылығының сипаты және т.б., мұндай жіктеулердің өлшеуіштері бола алады.
Кәмелетке толмағандар әдетте бас бостандығынан айыруға сотталғандар ересектерден бөлек қамалады. Оларды бөлек қамау ересек қылмыскерлердің кері әсерінің алдын алу қажеттігімен, кәмелетке толмағандардың тұлғалық психологиялық-физиоло- гиялық ерекшеліктерімен, осы категориядағы сотталғандардың тәрбиелік-түзеу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен негізделеді. Кәмелетке толмаған, бас бостандығынан айырылғандардың құқығын қорғау туралы БҰҰ-ның ережесінде «бас бостандығынан айырылған, кәмелетке толмағандар, өте әлсіздігіне орай ерекше назар аудару мен қорғауды қажет етеді» делінген.
Еркектер мен әйелдердің бөлек қамауда ұсталуы әйелдердің жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өзіне тән гигие- налық шарттарды сақтауға, сонымен қатар олардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастырға мүмкіндік береді.
Қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасы сотталғандардың ішінде алғаш рет бас бостандығынан айырылғандар категориясын бөліп қарастырады. Сондай-ақ қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес бөлек қамауда ұстауға жататын сотталғандарды жіктеудің өлшеуіштері: а) аса қауіпті рецидив қылмыс жасағандар; ә) өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар; б) өлім жазасы рақымшылықпен белгілі бір мер- зімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылғандар; в) бұрын сот және құқық қорғау органдарында қызмет еткендер; д) әртүрлі инфекциялық ауруларға шалдыққандар; г) шетел азаматтары және азаматтығы жоқтар.
Жоғарыда көрсетілген сотталғандар категориясының әрбірі бір-бірінен бөлек қамалуы қажет, түзеу мекемесі режимінің бір түрі аясында түзеу шараларын жүзеге асыру үшін алдағы уақытта саралау және даралау мақсатында жекелеген категорияларға бөлінуі мүмкін. Категорияларға бөлудің өлшемдері ретінде криминологиялық белгілері (криминалдық және тұлғалық бағыттылығы), психологиялық-педагогикалық (жазасын өтеу кезеңіндегі мінез-құлқы), психофизиологиялық (психикалық ауытқу- шылық, мүгедектік) және т.б. болуы мүмкін.
Түзеу мекемелерінде сотталғандардың біртекті тобын айқындауда бригадаларға және бөлімдерге бөлу кезінде бұл өлшеуіштер қолданылады. Мұндай тәсіл жазаны орындауды дараландыру принципін жүзеге асыруға, мәжбүрлеу шаралары мен сотталғандарды түзеу құралдарын қолдануды оңтайландыруға және оларда құқыққа бағынышты мінез-құлықты қалыптастыруға қызмет етеді.
Түзелу жолына түскен сотталушылар үш топқа бөлінеді. Бірінші топ – түзелу жолына түскендер. Бұл топтағы соттал- ғандар еңбекке, тәрбиелік іс-шараларға жағымды көзқарасымен, режим талаптарын сақтауымен, қоғамдық жұмыстар мен көркем өнерпаздық ұйымдардың жұмысына қатысуымен, мәдени, білім және кәсіби деңгейін көтеруге ұмтылысымен сипатталады (18 %). Екінші топ – түзелу жолына нық тұрғандар. Сотталғандар еңбек қызметіндегі белсенділігімен, тәрбиелік іс-шараларға қатысуы- мен, басқа сотталғандарға оң әсер етуімен, білім алуға және кәсіпті меңгеруге жағымды қарым-қатынасымен сипатталады (8,6 %). Үшінші топ – өзінің түзелгенін дәлелдеушілер. Соттал- ғандар жоғарыда аталған қасиеттерден басқа өзін-өзі тәрбиелеуі мен өз бетімен білім алудың жоғары деңгейімен, сотталғандар ұжымының активіне қосылуымен, режимді бұзғандарға жағым- сыз көзқараста болуымен, өзінің бұрынғы қылмыстық іс-әрекетін ашық сынауымен сипатталады (4,3 %).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет