Сабақ барысы І. Проблеманы айқындау кезеңі. Сабақ басында студенттерге «Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілі көмегімен жұмыс жасау тапсырылады. Ол үшін тақтаға мынандай атаулар мен ұғымдар жазылады:
Ерік
Стресс
Мотивация
Оқытушы студенттердің осы мәселелер бойынша білімдері, пікірлері мен көзқарастарын анықтау мақсатында оларға келесі тәртіппен төмендегідей тапсырмаларды орындауды ұсынылады:
Жеке жұмыс. Әр студент «Мен осы атаулар мен ұғымдар туралы не білемін? Бұл мәселелер бойынша ойларым мен ұстанымдарым қандай?»деген сынды сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде (3 минут) жекелей ойланып, өз идеяларын қағазға түсіреді.
Топтық жұмыс. Шағын топ ішінде студенттер жазғандарымен өзара бөлісіп, талқылау ұйымдастырады, өз ойларын толықтырады, оларға өзгерту енгізеді. Топтық талқылау нәтижесінде студенттер бәріне де ортақ, жалпылама бір шешімге тоқталуы керек (8 минут).