Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар
шәкілі және ECTS аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша бағалар
|
Балдардың сандық эквиваленті
|
Балдар (%-тік құрамы)
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
С
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D-
|
1,0
|
50-54
|
FX
|
0,5
|
25-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
F
|
0
|
0-24
|
-
«Педагогика және психология»
кафедрасының меңгерушісі
|
_____________
|
Бекжанова Б.Ж.
|
Пән оқытушысы
|
_____________
|
Утегенов Ж.М.
|
Лекция тезистері
Лекция1. Тақырыбы: Тұлға психологиясы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі рөлі
1.1 Психология пәні мақсаты мен міндеттері
1.2 Адам психикасының қоғамдық-тарихи табиғаты
1.3 Тұлғааралық қарым-қатынастағы тұлға проблемасының пәнаралық мәртебесі
1.4 Тұлға дамуындағы биологиялық және әлеуметтік мәселесі
Талай ғасыр бойы адам көптеген ғылымдардың зертеу объектісі болып келді. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын, тілі мен әдеттерін танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған емес. Ал, осы таным жолында психология ғылымының алар орны ереше.
Психология – адамның объективті шындықты сезіну, қабылдау, ойлау , түйсіну және басқа да психикалық құбылыстар формасында белсенді бейнелеу процесін меңгеретін ғылым. Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберінде өркендеуі мен қалыптасуына, төңірегіндегі басқа адамдармен қарам-қатынасының ерекшеліктеріне деген психология ғылымының даму негізіндегі жатқан қызығушылық уақыт озуымен бірге өрестей түскен. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бірде-бір іс-әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып білмейінше тиімді орындалуы мүмкін емес.
Тұрмыстық психологиялық білім
|
Ғылыми психологиялық білім
|
- білім нақты
|
-білім жалпыланған
|
- білім интуитивті сипатта
|
- білім рационалды және саналы
|
- білімді беру күрделі
|
- білім жинақталады және беріледі
|
- білім қайнары- бақылау
|
- білім қайнары- эксперимент
|
- білім шектеулі
|
- білім әрқашан кеңейеді.
|
№2 Кесте. Тұрмыстық және ғылыми психологияның салыстырмалы сипаты.
► Психология және философия . Көптеген ғасырлар бойы психология философия ғылымының аясында дамыды. Философияға психологтардың назар аударуы олар кездескен қиындықтар мен әдеттен тыс мәселелер болды. Психологияның көптеген сұрақтары эксперименттіәк анализге және табиғи әдістерге қиындықпен беріледі. Көбінесе олар философиялық ой-көзқарас тарда шешіледі.
Қазіргі тұлға психологиясының көптеген мәселелері тұлғалық мағына және өмір мақсаты, көзқарас, саяси талпынулар және рухани құндылықтар- психология үшін де, философия үшін де ортақ болып табылады. Қазірге дейін психологияның өзінде лабораториялық –эксперименттік жолмен шешу мүмкін емес сұрақтар аз емес. Осындай мәселелерге кездескенде психология философияға назар аударады, яғни, философия өкілдері ұсынатын ой қорытындыларын пайдаланады. Философиялық- психологиялық мәселелер қатарына адам санасының шығу тегі және мәні, адамзат ойлауының жоғары формаларының табиғаты, қоғамның тұлғаға және тұлғаның қоғамға (дүниетанымдық аспект) әсерін , психологияның әдіснамалық мәселелерін жатқызуға болады.
Психолог және философтардың әріптестігінде жақсы нәтижеге жеткен мәселелер де бар. Бұл ең алдымен, эпистемология мәселелері- адамның қоршаған ортаны тануы жөнінде ғылым. Швейцар психологы Ж. Пиаже бастауымен Халықаралық эпистемология орталығында (Женева қ.) адам интеллектісі табиғаты және балаларда оның дамуы жөнінде көп мәселелер білуге мүмкіндік туды.
Философия және психология арасындағы аралық орынға ие адам өмірінің мәнін іздеу және жоғалтуға қатысты зерттеулерді (К.Роджрс, В.Франкл), жалғыздық, бақыт мәселелерін (М.Аргайл, В. Франкл) жатқызуға болады.
Детерминизм принципі бойынша әрқандай психикалық құбылыс өмір салты, қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болады, тіршілік жағдайының ауысуымен психика да өзгеріске келеді. Хайуанаттар психикасының дамуы табиғи сұрыптаумен айғақталады да, ал, адам санасының дамуы- түпкілікті қоғамдық даму ережелерімен, өндіріс әдістерінің даму заңдарымен анықталады. Детерминизм принципі психикалық процестердің табиғи механизмдері қоғамдық-тарихи факторлардың ықпалымен өзгеретіні, яғни, адамның психикалық дамуына оның адамзат мәдениеті өнімін игеруі, қоғамдық қатынастарға араласуы маңызды ықпал жасайтыны жөніндегі тұжырымға негіз болды.
Детерминизм – психикалық құбылыстарды түсіндіруде физиологиялық заңдылықтарды қолданудың негізі болды. Алғашқы кеңес психологиясында детерминистік бағыт арнайы принцип ретінде қарастырылмаған еді. 50 жылдары С.Л. Рубинштейн детерминизм принципін психикалық құбылыстардың табиғаты мен мәнін талдау үшін қолданып, психикалық құбылыстарды материалдық дүниемен өзара байланыста қарастырды.
Лекция 2. Тақырып: Тұлғаның мотивациялық-қажеттілік саласы
2.1 Қажеттілік мотивация процестерінің негізі ретінде
2.2 Қажеттіліктер түрлері
2.3 А. Маслоу қажеттіліктер пирамидасы
2.4 Адам мотивациясының әлеуметтік детерминациясы
2.5 Мотив және мотивация ұғымдарына теориялық талдау
Мотивация
Мотивация психология ғылымында жеке бастың мінез-құлқы, іс-әрекеті мен белсенділігін реттейтін фактор ретінде қарастырылады. Ал жеке тұлғаның Әрбір жеке тұлғаның мотивациясы өзіндік сипатқа ие болатындықтан, негізгі ұғымдарды анықтап алу керек. Қазіргі кездегі психология ғылымы мотив, мотивация ұғымдарына әр түрлі анықтамалар береді.
Кейбір авторлар (В.В. Юрчук, М. Кордуэлл) мотив ұғымы арқылы психикалық құбылысты [1-2] сипаттаса, ал басқалары (А.К. Маркова, В.И. Ковалев) [3-4] жеке тұлғаның қылықтары мен іс-әрекетті таңдау себептерін түсіндіреді.
Біз мотивті іс-әрекетті оятушы күш және ол белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады; мотив ретінде жеке тұлғаның қызығушылықтары, әлеуметтік құрылымдар, құндылықтар, идеалдар әсері алынады деген пікірді ұстанамыз. Мотивтің мотивациядан айырмашылығы, мотив – субъектінің тұрақты, жеке басына тән қасиеті және белгілі бір іс-әрекет жасаудағы ішкі оятқыш күші болып табылады Мотивтер, қажеттіліктер және мақсаттар – адамның мотивациялық сферасын құрайтын негізгі элементтер. Олардың арасындағы қатынасты және адамның мотивациялық сферасының құрылымын Р.С. Немов жасаған.
Кезінде мотивация теориялары ежелгі философтардың еңбектерінен-ақ көріне бастаған. Мотивацияның тоғысу шегі және табиғатын зерттеу мәселесі бірнеше рет өзгеріске ұшырады, бірақ философиялық екі ағым: рационализм мен иррационализм арасында ол өзгеріссіз қалды.
ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап тек адамға ғана қатысты мотивация концепциялары бөлініп шыға бастады. Алғашқы осындай концепциялардың бірін К.Левин ұсынды. Ізінше гуманистік психология өкілдері А. Маслоу, Г. Олпорт, К.Роджерс мотивация ұғымын анықтайтын өз еңбектерін жарыққа шығарды.
Рационалистік позиция тұрғысынан қарағанда адам мінезінің мотивациялық бастауы оның ақыл-ойында, санасында, ерік-жігерінде жатыр. Ал иррационалдық пікір бойынша жануар адамға қарағанда саналы емес, органикалық қажеттіліктерді ғана қалайды, биологиялық күштермен ғана басқарылады.
А. Маслоу адам қажеттіліктерін иерархиялық тұрғыдан қарастыра отырып, қажеттіліктердің индивидуальді даму үрдісінде пайда болатынын атап көрсетті
Мотивация категориясына қазіргі кездегі психологиялық көзқарас тұрғысынан қарасақ, ол жеке тұлғаның тұрақты мотивтерінің жиынтығы және сол жеке тұлғаның бағыттылығын көрсететін белгілі иерархиясы бар мотивациялық аймақ болып табылады Мотивацияның оқу іс-әрекетіне және оның нәтижесі болуына тигізетін әсері өте зор. Оқу іс-әрекетінің табыстылығы психологиялық әлеуметтік және педагогикалық факторларға байланысты екендігі мәлім. Оқу іс-әрекетінің табыстылығына оқу мотивациясы мен оның құрылымының тигізер әсері ерекше. Осыған орай кезінде Черкс Дедсон өзінің классикалық заңы арқылы іс-әрекет тиімділігі мотивация күшіне тәуелді деп ашып көрсетеді. Сонда мотивация күші жоғарылаған сайын іс-әрекет нәтижесі өседі.
Студенттердің оқу мотиві олардың оқу әрекетінің әр түрлі жақтарына деген бағыттылығы деп анықтаймыз. Мысалы, егер студенттердің белсенділігі оқылатын объектіге (лингвистикалық, биологиялық т.б.) бағытталса, онда бұл жағдайда танымдық мотив түрлері туралы сөз қозғалады. 2.Ал студенттің белсенділігі оқу барысында басқа адаммен қарым-қатынас жасауға бағытталса, онда мәселе әлеуметтік мотивтерді қамтиды.
Танымдық мотивтердің тобы
Әеуметтік мотивтер тобы
Аталған мотив түрлерінің қалыптасуы келесі кезеңдерді қамтиды: дағдылы мотивтердің актуализациялануы, осы мотивтер негізінде жаңа мақсаттардың пайда болуы, мақсатқа жету барысында мотивтің бекуі және соның негізінде жаңа мотивтердің шығуы, әр түрлі мотивтер иерархияның құрылуы, бірқатар мотивтерде жаңа қаситтердің пайда болуы т.б.
Студенттердің мотивтері оқу үрдісінде әр түрлі жағдайларда көрініс табады. Мысалы, кең ауқымды танымдық мотивтер тапсырманы орындау барысындағы шешім қабылдаудан, қосымша мәліметтерді білу негізінде оқытушыға қойған сұрақтарынан білінеді; оқу-танымдылық мотивтер – тапсырманы өз бетімен орындауда әр түрлі амал, тәсілдерді іздестіруі, жұмысты орындау тәсілдерін салыстыру туралы оқытушыға қойылатын сұрақтар;
Достарыңызбен бөлісу: |