Не психология кафедрасы



бет43/55
Дата07.03.2022
өлшемі1,06 Mb.
#134445
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   55
Байланысты:
psihologiya 2021 umk

Сабақтың мақсаты: білім алушыларға тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері
маңыздылығын түсіндіре отырып, темперамент типтерін ажыратуға ықпал ету.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістер: Атаулар туралы үш сұрақ, Жигсо, топтастыру әдістері.
Талқыланатын сұрақтар:
1. Темперамент анықтамасы.
2. Жүйке жүйесінің қасиеттері темпераменттің негізі ретінде.
3. Темперамент типтері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.Анцупов А.Я, Шипилов А.И. -Конфликтология .- Москва: Юрайт, 2017.
2. Арбузова Е. Н., Анисимов А. И., Шатрова О. В. Практикум по психологии общения. 2008 – 272 с.
3. Виноградова, С. М. Психология массовой коммуникации: учебник / С. М. Виноградова, Г. С. Мельник. – Москва: Юрайт, 2014. – 512 с.
4. Гришина Н.В. Психология конфликта. СПб.: Питер, 2008. — 464 с. ил. — (Серия «Мастера психологии»).
Сабақ барысы
І. Проблеманы айқындау кезеңі.
Сабақ басында студенттерге «Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілі көмегімен жұмыс жасау тапсырылады. Ол үшін тақтаға мынандай атаулар мен ұғымдар жазылады:

  • Жүйке жүйесі

  • Темперамент

  • Мінез-құлық

Оқытушы студенттердің осы мәселелер бойынша білімдері, пікірлері мен көзқарастарын анықтау мақсатында оларға келесі тәртіппен төмендегідей тапсырмаларды орындауды ұсынылады:
Жеке жұмыс. Әр студент «Мен осы атаулар мен ұғымдар туралы не білемін? Бұл мәселелер бойынша ойларым мен ұстанымдарым қандай?»деген сынды сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде (3 минут) жекелей ойланып, өз идеяларын қағазға түсіреді.
Топтық жұмыс. Шағын топ ішінде студенттер жазғандарымен өзара бөлісіп, талқылау ұйымдастырады, өз ойларын толықтырады, оларға өзгерту енгізеді. Топтық талқылау нәтижесінде студенттер бәріне де ортақ, жалпылама бір шешімге тоқталуы керек (8 минут).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет