Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы стандарттау (ТМД)
ТМД елдерінің қатысушылары арасындағы мемлекетаралық кеңес стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы қызметін «Стандарттау, сертификаттау және метрология саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімге» байланысты іске асырады. Ұйым сұрақтары ГОСТ 1.0-92 «Мемлекетаралық стандарттау жұмыстарын жүргізу ережелері. Жалпы қағидалар» ережелеріне сәйкес шешіледі. Мемлекетаралық кеңестің міндеті – ИСО, ХЭК, СЕНмен ынтымақтастықты дамыту, мемлекетаралық кеңес айналасында сынақ зертханаларын аккредитациялау бойынша еуроазиаттық аймақтық ұйым құру, стандарттау, сертификаттау, метрология саласында оқу тәртіптерін унификациялау мәселелерін шешу.
Негізгі мәселелер – сәйкестілікті растаушы аймақтық жүйені жасау және бірдей ережелер мен бірдей сәйкестілік белгісіне көшу.
Достарыңызбен бөлісу: |