Электрлі байланыс саласындағы Еуропалық стандарттау комитеті (ЕТСИ)
Комитет 1988 жылы электрлі байланыс аймағындағы стандарттарды тез үйлестіру мақсатында құрылған. Негізгі мақсаты – жалпы стандарттарды жасау. Бұл стандарттар негізінде электрлі байланыстың комплексті инфрақұрылымы қалыптасады.
Скандинавия елдері арасындағы стандарттау ұйымы (ИНСТА)
1952 ж. Дания, Норвегия, Финляндия, Швеция елдері арасында құрылған.
Негізгі міндеті – скандинав мемлекеттерінің келісілген ұлттық стандарттарын құруға, ұлттық нормативтік құжаттардың техникалық талаптарының унификациялануына, ақпарат алмасуды ұйымдастыруға көмек көрсету. «4F» Ережесі – ИНСТАның жұмыс принципі.
Достарыңызбен бөлісу: |