100
I дискісінде ұзындығы 1 мкм, жіңішке (7 нм)
жіптер кездеседі, ал А
дискілерінде жіңішке жіптерден ұзындығы 1,5 мкм жететін жуан
(қалындығы 16 нм) басқа жіптер болады.
Протофибриллалар бір-бірімен параллель
орналасады және бір-біріне
ауыспайды. Жіңішке жіптер негізінде актин белогынан, ал жуандары —
миозиннен тұрады.
Z
дискілер құрамыңда
а-актин
мен
десмин
болады.
Жіңішке жіптерді актиннен басқа тропомиозин
мен тропонин белоктары
құрайды. Тропомиозин барлық жиырылғыш құрылымдарда болатын белок,
молекулалық массасы 53000. Бұл белок негізінде омыртқасыздардың
бұлшық еттерінде кездеседі. Тропониннің молекулалық массасы 86000,
кальций иондарын ӛте мықты байланыстырады.
Миофибриллаларды
салыстырмалы
субмикроскопиялық зерттеу,
барлық
жануарлардың
сүтқоректілердің,
құстардың,
бауырымен
жорғалаушылардың, қосмекенділердің,
насекомдардың, шаянтәрізділердің
миофибриллалар құрылымының ұқсас екенін кӛрсетті.
Хансен мен Хакслидің теориясы бойынша
жиырылу миофибриллалар
деңгейінде актин филаменттерінің, миозин филаменттерінің үстінен
жылжуы нәтижесінде жүреді. АТФ ыдырауының
химиялық энергиясы
қозғалыстың механикалық энергиясына ауысуы осы деңгейде қамтамасыз
етілетін болса керек.
АТФ-тің белгілі деңгейін қамтамасыз
ететін бұлшық ет ұлпасында
бірнеше жүйе бар. Олардың бастылары гликолиз және тотықтырып
фосфорландыру.
Бұлшық еттің
жиырылу энергетикасын зерттеу, бұлшық еттің пайдалы
әрекет коэффициентінің 20-25%-дан аспайтынын кӛрсетті.
Энергияның
қалған бӛлігі жылу күйінде бӛлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: