97
қабілетін И. И. Мечников зерттеп фагоцитоз (грекше
рhаgо
—
жеу, суtоз
—
клетка)
деп атаған, ал клеткалардың ӛздері
фагоциттер
деп аталады.
Қарапайымдыларда фагоцитоз қоректенудің негізгі әдісі, ал
жоғары
сатыдағы жануарларда ол мамандалған клеткалардың,
микрофагтар мен
макрофагтардың кӛмегімен іске асатын қорғаныш реакция болып табылады.
Амеба тәрізді қозғалыс бірнеше факторларға байланысты. Әсіресе АТФ
энергиясының механикалық энергияға ауысуының маңызы ерекше. Бұны
амеба тәрізді қозғалыстың негізгі себебі деп қарастыруға болады.
Амеба
тәрізді қозғалыстың ерекшелігі оның субстратқа тәуелділігі. Сұйық ортада
қалқып жүрген
амеба жалған аяқтарын шығарып, алға қарап қозғала
алмайтыны ертеден мәлім. Қозғалыстың бұл түрі барлық клеткаларға қатты
субстраттың қажет екенін кӛрсетеді. Ондай
субстрат ағзадағы дәнекер
ұлпасының талшықтары, қан қылтамырларындағы эндотелий беті.
Достарыңызбен бөлісу: