29
1.3.3 Ультрамикротом
Ӛте жұқа кесінділер дайындайтын құралды
ультрамикротомдар деп
атайды (15 сурет). Электрондық микроскоп арқылы ӛте жұқа препараттар
зерттеледі. Препараттағы кесіндінің қалыңдығы 5 нм немесе 10-30 нм аспауы
тиіс, ӛйткені қалың объектіден электрондар ӛте алмайды. Жұқа кесінділерді
ультрамикротоммен дайындайды. Эпон – аралдитте
қатырылған ұсақ ұлпа
кесінділері шыныдан жасалған пышақтармен ультрамикротомда кесіледі.
Кесінділер ӛте жұқа болғандықтан, оларды лупа арқылы кӛруге болады.
Содан кейін кесінділерді
ұсақ арнайы торға бекітіп, ауыр металдардың
тұздарымен қара түске бояйды. Қара түске боялған кесінділерді электронды
микроскоп арқылы кӛріп зерттеуге болады.
Жасушаның жалпы морфологиясын оқып - үйрену, зерттеу әдістерінің
дамуына тығыз байланысты. Гистологиядағы негізгі зерттеу әдісі —
жасушаларды, ұлпалар мен органдарды микроскоп арқылы зерттеу.
Қазіргі
15 – сурет.
Ультрамикротом 2265 EM GD
MB (микроскоппен біріктірілген).
Достарыңызбен бөлісу: