Негіздері



Pdf көрінісі
бет39/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.
Raushanbek Assylkhan Rpzs 20-8 Тopic, физика сессия (2)
Құрылымдық
.
Кӛмірсулар ӛсімдік жасушаларының қабырғаларын 
түзіп, құрылысшы қызметін атқарады. Күрделі кӛмірсулар ақуыздар 
(гликопротеиндер) және майлармен (гликолипидтер) қосылып, клетка 
қабықшасының құрамына кіреді; 
Қоректік заттарды жинау. 
Жасушада артық
 
қоректік заттардың 
жиналуы. Мысалы, жануарлар жасушасында гликогеннің, ӛсімдіктер
жасушасында крахмалдың жиналуы. 
1.5.5 Нуклеин қышқылдары 
Нуклеин қышқылдары
 
(лат. 
nucleus
- ядро) жасуша ядросында
түзілетіндіктен осылай аталған. Нуклеин қышқылдарының құрамында
кӛміртегі, оттегі, сутегі және фосфор болады. Нуклеин қышқылдарын ең
алғаш рет 1869 ж ашқан Фридрих Мишер. Нуклеин қышқылдары барлық
тiрi ағзалардың жасушаларындағы генетикалық ақпараттың
тасымалдаушысы. Олар молекулалық салмағы жоғары, күрделi
биополимерлер. Нуклеин қышқылдарының мономерлерi - нуклеотидтер,


45 
соған байланысты оларды полинуклеотидтiк тiзбек деп атайды. Нуклеин
қышқылдарының екі түрі бар: 
1. Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ); 
2. Рибонуклеин қышқылы (РНҚ). 
ДНҚ –ның құрамына нуклеотидтердің 4 түpi кіреді: Аденин (А), 
Гуанин (Г), Тимин (Т), Цитозин (Ц). Әр нуклеотид үш компоненттен 
тұрады: 
1. фосфор қышқылының қалдығы 
2. моносахарид (дезоксирибоза C
5

10
O
4

3. азоттық негіздер, пуриндік (А-Г), пиримидиндік (Ц-Т).
ДНҚ-ның құрылым ерекшелігі: 
1. ДНҚ екі полинуклеотидті тізбектен тұрады, оның моделін 1953 ж 
американ биофизигі Дж. Уотсон мен ағылшын биофизигі және генетигі Ф. 
Крик ұсынған. 
2. Екі тізбек 6ip-6ipiнe антипараллелді, 6ip тізбектің 5
1
ұшы екінші 
тізбектің З
1
ұшымен байланысады. 
3. ДНҚ-ның рентген құрылысын талдау барысында оның 2 
спиральдан тұратыны, ӛз осьінің маңында оңға қарай оралып спираль 
түзетіні анықталды.
Бip тізбектің бойында орналасқан нуклеотидтер 6ip-6ipiмен 
коваленттік (фосфо-диэфирлік) байланыспен байланысады, ол 6ip 
нуклеотидтің дезоксирибозасы мен екінші нуклеотидтің фосфор 
қышқылының қалдығы арасындағы қосылыс (19 сурет). Бip тізбек бойына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет