Негіздері



Pdf көрінісі
бет128/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

Цитоплазманың әсері
. Эмбриогенездің бастапқы этаптары мен гендердің 
активтенуіне цитоплазманың маңызы зор. Яғни, жұмыртқа цитоплазмасында 
РНҚ, гистонды және гистонды емес белоктар кӛп және ұрықтану алдында 
олардың қозғалулары байқалады. Оны 
ооплазматикалық сегрегация
деп 
атайды. Жұмыртқаның анималді жағында гликоген мен РНҚ концентрациясы 
артса, аскорбин қышқылы экватор бойында жиналады. Бірақ, олар 
цитоплазмада біркелкі таралмаған. Зиготаның бӛлшектенуі барысында 
бластомерлерге цитоплазманың әртүрлі бӛліктері түседі. Сондықтан геннің 
активтілігі цитоплазмаға тәуелді. Әртүрлі бластомерлер цитоплазмадағы 
айырмашылық, әртүрлі гендерден информацияның саналуын реттеп отыруы 
мүмкін. 
1.10.11 Клеткалардың ӛзара әрекеттесуі немесе 
 эмбрионалдық индукция
Эмбрионалдық индукция – дамып келе жатқан ұрық бӛліктерінің бір – 
бірімен әрекеттесуі. Эмбрионалдық индукцияда ең бастысы, ұрықтың бір 
бӛлігі, басқа бӛлігінің дамуына немесе тағдырына әсер етеді. Бұл құбылысты 
20 – ғасырдың басында эксперименталді эмбриология зерттей бастаған. Бір – 
бірінен айырмашылығы бар клеткалар мен олардың компоненттері арасында 
ӛзара әрекеттесу жүреді. Эмбрион клеткаларының дифференциациясы 
фазаспецификалық қасиетке ие. Ерте дифференциацияланған клеткалар 
маңайындағы дифференциацияланбаған клеткалармен ӛзара әсерлесіп әрі 
қарай дифференциацияның жүруін анықтайды. Ерте дифферациацияланған 
клеткаларды 
ұйымдастырушылар 
немесе
индукторлар
деп атайды. Оған 
неміс ғалымы Шпеманның тәжірибесін келтіруге болады. Онда амфибияға 
тәжірибе жүргізген, бластопордың үстіңгі ернінің арқа жағындағы бӛлікті 
алып, гаструланың басқа аймағына енгізгенде, сол аймақта нерв түтікшесі 
дамып жетілген. Екі түрге жататын тритонды алған.
1. айдарлы – оның жұмыртқасы пигментсіз, ақ. 
2. жолақты – оның жұмыртқасы сары түсті. 
Мысалы: Кӛз хрусталигі кӛз ұясының дамуын ұйымдастырғыш болып 
табылады. Ал, кӛз алмасы хрусталиктің дамуын ұйымдастырғыш. 
Клеткалардың ӛзара әсерлесуінің негізінде тотипотенттілік немесе теңдей 


152 
тұқым қуалаушылық жатыр. Эмбрионалдық клетканың қайсысы болмасын, 
қандайда бір дифференциацияланатын клеткаға бастама бола алатын 
қабілеттілігі. Тотипотенттілікке мысал – адамдарда монозиготалы (МZ) 
егіздердің туылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет