Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет74/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН
2 СРСП, eng email, қарттар, Практикалық сабақ 11, 30 сұрақ, силлабус 3 курс эпизоотология және инфекциялық аурулар
«бруцеллездің індет ошағы»
деге-
німіз – малдың ауруға шалдығу мүмкіндігі сақталған инфекция қоздыру-
шысының бастауы мен оның берілу тетіктері бар территория. Індет ошағына 
инфекция қоздырушысының бастауы (ауырған және микроб алып жүретін), 
тасымалдаушылар (кемірушілер, ит, мысық, т.б.) және берілу факторлары 
(тастанды төл, қағанақ су, шу, т.б.) арқылы зарарланған территория жатады. 
Індет ошағының шекарасы ауру қоздырушысының бастауы мен берілу 
механизмінің орналасуына байланысты анықталуы қажет.
Қатер төнген аймақ
дегенiмiз – бруцеллезден сау емес пункттегi iндет 
ошағының сыртындағы территорияда орналасқан, соңғысымен шаруашылық 
және экономикалық қатынасы бар алқап. 
Iндет ошағында карантин, ал қатер төнген аймақта шектеу шараларын 
жүргізу арқылы бруцеллезден сау емес табынды жедел сауықтыруға болады.
Әртүрлi жануарлар фермаларында бруцеллезге қарсы жүргiзiлетiн 
шаралар жүйесi 22, 23, 24-суреттерде көрсетiлген. 
«Бруцеллезден сау емес пунктті жедел сауықтыру» тәсілі 
Сиыр бруцеллезінен сау емес пункттi (iндет ошағы анықталған сиыр 
шаруашылығы, ауылдық округ) тиімділігі жоғары ИФТ немесе СР-ді қолдану 
арқылы (үш айға қысқартылған бақылаулық мерзiмдi қосып есептегенде) бұл 
iндеттен 1 жыл аралығында сауықтыруға болады (Е.И.Қасымов,2003). Автор 
ұсынған жедел сауықтыру тәсілі төмендегідей схемамен iске асырылады.
Нозологиялық балау қойылғаннан кейiн, бруцеллезден сау емес пункт 
арнайы дайындалған iндеттанулық зерттеу әдiстемелері (кітаптың 3-ші 
бөлімінде көрсетілген) бойынша талданып, бруцеллезге iндеттанулық балау 
қойылады. Нәтижесiнде, инфекцияның шығу, таралу механизмi, ауру 
қоздырушысының бастауы, сау емес пункттiң құрамы, шекаралары 
анықталып, ауруға бейiм малдың жағдайы сипатталады. Iндеттен сау емес 
пункт шекарасы iндет ошағы анықталған шаруашылықтың немесе ауылдық 
округтiң әкiмшiлiк территориясы бойынша емес, бруцеллез мал анықталған
табынның орналасуына байланысты нақтыланып, iрi сиыр шаруашылығының 
(ферманың) iндет ошағының iшiнде, оның ядросы белгiленедi. Бруцеллездiң 
iндет ошағында – карантиндік, ал сау емес пункттiң ауқымды террито-
риясында (қатер төнген аймақта) шектеу шаралары жүргiзiледi. Әр
табынға жеке мал топтарына арнайы сауықтыру жоспары құрылады. 4-6 
айлық және ұрықтандыру жасындағы тайыншалар, бруцеллездiң жұғу қаупi 
бар – қатер төнген аймақтағы сауын сиыр мемлекеттік ветеринария ісін 
қадағалау инспекторының рұқсатымен B. abortus 82 SR вакцинасымен 


130 
(
Қазақстанда өндірілетін) егіледі. Iндет ошағында сауықтыру шаралары жеке 
табын бойынша жүргiзiледi. Ауру қоздырушысының бастауын қысқа 
мерзiмде толық анықтауға тиiмдiлiгi жоғары СР немесе ИФТ пайда-
ланылады. Ең қатаң карантиндiк вет.санитариялық шаралар шағын терри-
торияда – iндет ошағының ядросында орындалады. Кезектi зерттеулерде 
табындағы мал екi рет терiс нәтиже берсе, 3 айға бақылау қойылады. Бұл 
мерзiмде табын бойынша ауруға 2 рет (әр 1,5 айда) серологиялық терiс 
нәтиже алынса, қорытынды вет.санитариялық шаралар жүргiзiлiп, 
бруцеллезден сау емес пункт сауықтырылды деп саналады. Ұсынылған 
тәсілмен 6 сиыр шаруашылығы, 2 ауылдық аймақ сиыр бруцеллезінен 1 жыл 
аралығында толық сауықтырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет