Негізгі компоненттерінің мәні


Кесте Мектепке дейінгі топтардағы (жылдың салқын кезеңі) балалардың күн тәртібінің әр түрлі құрамдас бөліктерінің ұзақтығы (сағат)



бет56/70
Дата13.05.2022
өлшемі4,16 Mb.
#143054
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70
Байланысты:
1-70 ответы

Кесте
Мектепке дейінгі топтардағы (жылдың салқын кезеңі) балалардың күн тәртібінің әр түрлі құрамдас бөліктерінің ұзақтығы (сағат).

Күн тәртібінің құрамдас бөліктері

Балалардың жасы




3–4 жас

4–5 жас

5–6 кг

6–7 кг




Өз бетінше істейтін іс–әрекеті (ойындар, еңбек және т.б.)







4,5

4,5

Тамақ қабылдау




1,5

1,5

1,5

Сабақтар (үзілісті қоса)

40 мин

45 мин

1–1,5




Серуендер







4–4,5




Күндізгі ұйқы










1,5

Түнгі ұйқы

10,5

10,5







Күн тәртібінде ұйқы бұрынғысынша маңызды орын алады. Оның жалпы ұзақтығы кіші және орта топтарда 12,5 сағаттан, ал үлкен және мектепке дайындайтынтоптарда – 12–11,5 сағаттан кем болмауы қерек. Түнгі ұйқыға жасына сәйкес 10,5 және 10 сағат бөлінеді. Күндізгі ұйқы күн тәртібінде қала береді, өйткені мектепке дейінгі жастағы балалар үзіліссіз сергу жағдайында 5–6 сағаттан артық бола алмайды, себебі ұзақ уақыт сергу орталық жүйке жүйесі үшін шамадан артық жүктеме болып, астенияға және невротикалық бұзылыстардың дамуына әкелуі мүмкін.
Сондықтан, күн тәртібінде кіші жастағы балалар үшін бір рет 2 сағаттық және үлкен жастағы балалар үшін 1,5 сағаттық күндізгі ұйқы қарастырылады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың белсенді сергу уақыты 10–12 сағатқа дейін ұлғаяды, ол, барған сайын түрлері көбейетін, ойындармен, оқу сабақтары және серуендеумен, қарапайым еңбек міндеттерімен толықтырылады. Ойын әрекеті– тәрбиелеу және оқытудағы әр–түрлі тапсырмаларды шешуде аса маңызды. Ойындарды қимылды және тыныш (рөлдік желідегі, дидактикалық, музыкалық, құрылыс материалдарымен), жеке және ұжымдық және т.б. деп бөледі. Қимылды ойындарда қимыл-қозғалыстар жетіледі және ептілік, батырлық, шыдамдылық, реакцияның жылдамдығы, баланың кеңістікте және кездойсоқ жағдайларға үйрену қабілеті дағдыланады, ағзаның өсуі мен дамуы ынталандырылады
Одан басқа, қимылды ойындар баланың сабақтан, ұйқыдан кейін жұмыс істеуге қабілетін қалпына келуіне ықпал етеді. Ойынның басқа түрлері (дидактикалық, рөлдік желідегі, музыкалық–дидактикалық және т.б.) қоршаған әлемді тануға, сезім мүшелерінің дамуына, назар аударудың, ойлаудың, сөйлеудің, танудың, есте сақтаудың, көз алдына елестету дамуына ықпалетеді, бірақ аз қозғалысты болып табылады. Сондықтан, күн бойына әр түрлі сипаттағы ойындар тиімді түрде кезектестірілуі қажет.

Қарапайым қозғалмалы ойындарды (қол ұстасып жүріп айтылатын ән мен билейтін би, доппен ойнау, жүгіру, және т.б.) оянғаннан кейін, таңертеңгі сағаттарда, сонымен қатар, статикалық әрекеті басым сабақтарға дейін және олардың арасында өткізу қажет. Спорттық сипаттағы ойындарды (жүгіру, секіру, бадминтон, теннис, шанамен, конькимен сырғанау, велосипед тебу және т.б.) серуендеу кезінде өткізген дұрыс. Қимылды эмоционалдық ойындар ұйықтау және тамақ қабылдау алдында ұсынылмайды, себебі олар, бірінші жағдайда, ұйықтауды қиындатады және терең толық ұйқыға кедергі болады, екінші жағдайда, ас қорыту бездерінің сөлін тежеп, тәбетті төмендетеді және тағамның сіңірілуі мен қорытылуын бұзады.


Ойындарға міндетті түрде ойыншықтарды (доп, шеңбер, құрылыс жиынтығы, секіртпе және т.б.) қолданады, ол қимылдарды жаттықтыруға, тапқырлыққа дағдылануға,ынталылығын жоғарылатуға мүмкіндік береді.


Ойындармен қатар, балалар ағзасының денсаулығын күшейту мен төзімділігін жоғарылату үшін таза ауада серуендеу тиімді құрал болып табылады. Күнделікті және дұрыс ұйымдастырылған, ұзақтығы 4 сағаттан кем емес серуендеу, осы жастағы балалардың қимыл белсенділігініңқажеттілігін жартылай қамтамасыз етіп, гипокинезия белгілерін төмендетеді. Сонымен бірге, таза ауа және күн радиациясы ағзаның алмасу үрдісін ынталандырып қана қоймай, көңіл-күйге де қолайлы әсер етеді. Серуендеуді күннің бірінші де, екінші де жартысында өткізу қажет. Оның құрамына тек қана жүріп серуендеу ғана емес, сонымен қатар, өз бетінше орындайтын әрекеттердің әр түрлі түрлерін:тыныш және қимылды ойындарды, дене жаттығуларын, табиғатты бақылауды, жұмыс істеуді (өсімдіктерге су құю, қардан жолды тазарту және т.б.) кіргізу қажет.


Мекептке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудің маңызды міндеттерінің бірі – келесі жас топтарындағы оқу бағдарламаларын меңгеру үшін және мектепте оқу үшін қажетті ой жұмысын, жүйке–психикалық статусын және қарапайым білім мен дағдыларын дамыту болып табылады. Осы мақсатта ана тілі, математика, қоршаған әлеммен және табиғатпен танысу, музыка, бейнелеу іс–әрекеті, дене шынықтыру, сенсорлық қабылдауды жақсарту бойынша сабақтар жүргізіледі. Кіші және орта топтарда күніне, күннің бірінші және екінші жартысында, ұзақтығы 15–20 минуттан, 2 сабақ өткізіледі.


Үлкен топтарда сабақтың саны мен ұзақтығы ұлғаяды. Аптасына 4 рет, күніне жалпы ұзақтығы (үзілісті қоса) 1 сағат 25 минуттан, 3 сабақ өткізіледі, ал, аптаның аяқталатын күнінде, жалпы ұзақтығы 1 сағаттан, 2 сабақ өткізіледі. Дайындық тобында үлкен топтағы сабақ санына аптаның әрбір күнінде 1 сабақ қосылып отырады, ал жалпы ұзақтығы 1 сағат 50 минутқа дейін (үзілісті қоса) ұзартылады. Қиын сабақтар (математика, сөйлеудің дамуы, сауаттану, табиғаттану) күн бойына жеңіл (сурет салу, құрастыру, мүсіндеу) және динамикалық (дене шынықтыру, музыка) сабақтармен кезектестірілуі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет