Негізгі компоненттерінің мәні


Балалар мен жасөспірімдер бірлестігінің түрлерін Субмәдениет түрлері кесте арқылы көрсетіңіз



бет54/70
Дата13.05.2022
өлшемі4,16 Mb.
#143054
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   70
Байланысты:
1-70 ответы

43.Балалар мен жасөспірімдер бірлестігінің түрлерін Субмәдениет түрлері кесте арқылы көрсетіңіз
Балалар бірлестігі – тәрбиелеу мен әлеуметтендіру институты
Дүние жүзіндегі алғашқы балалар бірлестіктері – скауттер ХХ ғасырдың
басында қалыптасты. Ағылшын тіліндегі «scout» сөзі барлаушы деген
мағынаны білдіреді. Скауттердің қағидаларын ағылшын полковнигі
Р.Баден-Поуэлл (1857-1941) өзінің «Скауттер үшін нұсқаулық», «Жастар үшін
скаут өнері» (1898) сияқты еңбектерінде негіздеді. Скаутшілер жер бетіндегі
балалар мен жасөспірімдер дос және бауыр деген принципті ұстанады.
Ешқандай партияға бағындырылмады. Ұл балаларға арналған ұйымды бойскаут
(boyscouts), ал қыз балалар ұйымын герлскаут (gіrlscouts) деп атады. 1921 жылы
скауттер ұйымы 63 мемлекетте (Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Италия,
Франция, Швеция, Үндістан, Ресей және т.б.) жұмыс істеді. Кеңес үкіметінің
алғашқы жылдарында-ақ коммунистік партияның, кәсіподақ ұйымдарының
басшылығымен өзінше қызмет атқаратын балалардың жаппай бірлестігі, яғни
балалар бірлестіктері құрыла бастады. Олар алғаш жеке топтар ретінде дамып,
Кеңестер Одағы тұсында 1922 жылы В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық
пионерлер ұйымы құрылды. Бастауыш сыныптардың оқушыларын біріктіретін
октябряттар тобы болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін бұл ұйым көптеген
елдерде құрылып, дамыды. Олардың арнаулы демалыс орындары, сарайлары
мен спорт кешендері болды. 1991 жылдан кейін құрылған Балалар ұйымдары
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әрекет ететін, ерікті қоғамдық
бірлестіктер болып табылады.
Балалар бірлестіктері – балалар мен жасөспірімдердің ерікті ұйымдары,
қоғамдық ұйымның айрықша түрі.
Балалар бірлестіктері төмендегідей белгілерге ие болады:
 балалар мен ересектердің бірлескен қызметін жүзеге асыруына
бағытталған кұндылық мұраттың (мақсаттың) болуы;
 ұйымға еркін кіру және еркін шығу;
 бекітілген мүшелілік;
 ұйымның әр мүшесі жағдайын анықтайтын айқындалған құрылым;
 барлығына орнатылған нормалар, ережелер, сонымен қатар бірлескен
қызметін жасаудағы кепілдемелі құқықтар (қызмет етудің түрлері, формалары
мен жолдарын таңдау құқығы);
 оның кұрамында кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың болуы;
 жарғы, бағдарлама, ереженің болуы т.б

Субмәдениет», «балалардың субмәдениеті» ұғымдары
Субмәдениет (лат. sub – төменгі, нем. kultur – мәдениет) – дәлме-дәл
аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір
топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда
өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс
қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен
аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра, сол
мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің
әлеуметтік бастауын әртүрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми
бірлестіктер және т.б. құрайды.
Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің
бастау алған кезеңі болды. Ол тек техникалық жетістіктерге ғана байланысты
емес, сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты.
Сондай заман нәтижелерінің бірі – фанатизмнің (табынушылықтың),
психологиялық талғамдағы ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына, жынысына
қарамай, бір идея толқынына біріктіруі, яғни «субмәдениет» ұғымының
қалыптасуы. Субмәдениет өкілдерінің киім киістері де, өздерін ұстауы да,
сөйлеулері де өзгеше: басынан аяғына дейiн қап-қара киiнген, бет-келбетiн де
қарамен бояп алған адамдар немесе үстi-басы металдан жылтырап тұрған, не
Өзінің ұйымдастыру- •Бірлестік, ұйым, қозғалыс, орталық, клуб
құқықтық формасына қарай
•Республикалық «Невада» қозғалысы,
аймақаралық клуб
Көлемі мен деңгейіне қарай
•Елжандылық, экологиялық, саяси, скауттық,
пионер
Әрекеттерінің мақсаты
және мазмұнына қарай
•Газет, журнал, альманах, әдістемелікхабаршы бюллетені Басылымдарына қарай
•Атамекен, Дәстүр, Жұлдыз, Ұлан, Азамат,
Мың бала, Ата кәсіп т.б.
Әрекет ету
бағдарламасына қарай
•Буын, бригада, команда, отряд, клуб: ерлік
Құрылымына қарай мектебі, ынтымақ, кәсіпкерлер, ұландар клубы
•Балалар бірлестіктері, жалпы орта мектептері,
қосымша білім беру және мәдени мекемелер,
клубтар, балалар үйі
Ұйымдастыру базасына қарай
•Жетекші, лидер, вожатый, нұсқаушы,
әлеуметтік педагог
Ұйымдастырушыларына
қарай
271
басқа да «ерекшелiгi» бар, өзгелерге ұқсамайтын жастар. Бұл «ерекше адамдар»
белгiлi бiр субмәдениет өкiлдерiн құрайды. Осы субмәдениет бiздiң қоғамдағы
жастар арасында белең алып барады. Субмәдениет – жастардың өзiндiк қоғам
құрып, белгiлi бiр топ iшiндегi бейформальді, яғни қоғамнан бөлек бiрлестiгi,
осы бiрлестiк мәдениетi. Ошағы Батыстан бастау алатын субмәдениет ұғымы
қазiр бар әлемде кең таралған. Оған әсiресе жасөспiрiмдер көп қызығады.
Субмәдениет – жас адамдардың ресми емес қатынастарының, олардың
ерекше өмір сүру стилі мен тәртіптерінің, белгілі бір қағидалары мен
құндылықтарының нәтижесі және «МЕН-ОЛАР» жүйесіндегі өздерін көрсету
мен дамытудың бір жолы.
Эмо, гот, рэппер, рокер, байкер деген сөздер жастар үшiн таңсық емес. Бұл
сөздер жасөспiрiмдердiң ұйымдарына да қатысты айтылады. Алғашқы кезде
субмәдениеттiң қалыптасуына музыкалық топтар әсер еттi.
Мәселен, 1980 жылдан бастап Америкада роктың жаңа бағыты готик-рок
өмiрге келдi. Нәтижесiнде готтар субмәдениетi қалыптасты. Бұл мәдениеттi
ұстанатындар готикалық әуендерге және мистикаға жақын келедi. Басты
өзгешелiктерi киiмдерi қара түстi, металл бұйымдарды тағуы және өздерiне тән
макияж жасауында. Сондай-ақ, ең басты қолданыстағы атрибуттары – анх
символы, адамның бас сүйектерi, жарқанат және пентаграммалар. Олардың
өздерiне тән музыкалық әуендерi де жетерлiк. Дүниежүзiнде готикалық
мәдениеттiң дамығаны соншалық, жыл сайын 25 мыңға жуық адам
Германияның Лейпциг қаласында «Wave Gotik Treffen-WGT» атты фестивальге
жиналады. Әйткенмен, готтардың субмәдениетiн қоғам жылы қабылдамады,
себебi, олар суицид, депрессия және сатанизмдi насихаттайды.
Қазіргі жастардың жеке, өзіндік өмірге бүгінгі аса қиын және динамикалық
(қозғалысты, көп сырлы) кезеңде аяқ басатындығын ұмытпауымыз керек.
Оларға нағыз өмір туралы нақты кеңестер беріп, уақытында өз өмірлік
тәжірибемізбен бөлісіп, олардың бастан кешіргендеріне сыйластықпен
қарауымыз қажет. Буындар арасындағы түсініспеушілік, негізінен, сол кезеңнің
әлеуметтік құрылымдарын, өмір тарихтарын білмегендіктен туындайды.
Тарихтың белгілі бір кезеңіне қазіргі ғылыми биіктен қарап, бүгінгі түсініктер
тұрғысынан саралап, дәуір психологиясын ескермей, мәселені сол заман
адамдарының қандай көзқараспен тандағандығын назардан тыс қалдырып
жатамыз.
Әрине, жастар проблемасы қашанда қоғамның өзекті мәселелерінің негізі
болып табылған. Балалар – заман жаңарған сайын өзіндік өмір сүруге қабілетті,
жеке талғамы мен таңдары бар топ өкілдеріне айнала бастады. Ендігі кезекте
жылдар жылжыған сайын, жастардың мәдениеті қалыптаса бастады. Ол –
жастар субмәдениеті.
Жастар субмәдениеті – киген киімі, сөйлеу мәнері және айрықша
әуестенулерден көрініс табатын ересектер әлеміне, қоғамның ережелері мен
құндылықтарына деген өзіндік қарсылық.
Субмәдениетті төмендегідей 4 топқа бөліп қарастыруға болады
(90-сурет)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет