Негізгі компоненттерінің мәні


Тәрбие жоспарының түрлері және оған қойылатын талаптарды талдаңыз



бет62/70
Дата13.05.2022
өлшемі4,16 Mb.
#143054
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   70
Байланысты:
1-70 ответы

51.Тәрбие жоспарының түрлері және оған қойылатын талаптарды талдаңыз
Жоспарлауға қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлері Жоспардың мақсаттылығы жоспарланған жұмыстың мазмұны мен түрінің нақты мақсаты мен міндеттерінің жүзеге асырылуын қарастырады. Жоспар оқушының қызығушылығы мен талаптарын жүзеге асыруға, олардың дамуына бағытталған. Жоспарлауда оқушылар мен ата-аналардың ұсыныстары зерделенеді. Жұмыс жоспары оқушылардың сабақта, сабақтан тыс алған білімдерін тәжірибеде қаншалықты қолданатынын, еліміздегі негізгі оқиғалардың ұжым өміріне қаншалықты әсер ететінін көрсетеді. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспарында тәрбиелік ісшаралардың түрі (формасы), әдіс-тәсілдері бағыттары қарастырылады. Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар: Жоспардың қоғам талабына, мақсатына сәйкестігі. Жоспардың өмірмен тығыз байланыстылығы. Жоспардың жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларының қамтамасыз етілуі. Тәрбие жұмысы формаларының оқушылардың жас және тәрбиелік деңгейіне сәйкестігі. Жоспардың нақтылығы. 1 • Анықтаушылық 2 • Болжаушылық 3 • Үйлестірушілік, ұйымдастырушылық 4 • Бақылаушылық 5 • Қалпына келтірушілік 102 Жоспар – ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету. Тәрбие жоспарының мақсат, міндеттерінің айқындығы. Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы. Оқушылардың жеке басының жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру. Тәрбие жоспарының ықшамдылығы әрі ондағы көрсетілген іс-шаралардың орындалатындығы. Тәрбие жоспарындағы атқарылатын іс-шаралар саны жағынан емес, сапасымен анықталуы. Тәрбиелік іс-шараларды атқаруда қолданылатын әдістер бір сарынды емес, әртарапта және әржақты болуын ескеру керек. Тәрбие принциптерін басшылыққа алу. Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге қызығатынын, олардың қандай істерді өткізгілері келетінін, ұсынылған іс-шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет. Жоспардағы тәрбиелік іс-шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс. Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген іс-шаралар жеке-дара емес, біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру. Сынып жетекшісінің жоспары маңызды құжаттың бірі. Ол сыныпта тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға жәрдемдесуі үшін педагогикалық талаптарға жауап беруі тиіс. Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау жөніндегі тәжірибесін талдаудың негізінде жоспарға төмендегідей талаптар қоюға болады: жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы; сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұны, формалары және әдістерінің әртүрлі болуы; жеке тұлғаны тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету; жоспардың нақтылы болуы; жұмысты келісіп жоспарлау. Мектеп жұмысының тәжірибесінде жоспардың негізгі үш түрі қолданылады (36-сурет).

Мектеп жоспарының түрлері: 1. Перспективалық жоспар мектептің соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде бес жылға жасалады. Оның құрылымы: Жоспарланған мерзімдегі мектептің міндеттері. Оқушылар санының жылдар бойынша дамуы, сыныптардың арту мүмкіндігінің перспективасы. Оқу-тәрбие процесін жаңалаудың, педагогикалық инновация енгізудің перспективасы. Мектептің педагог кадрларға деген сұранысы. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру (курстар, семинарлар, тренингтер және т.б.). Мектептің материалдық-техникалық базасы мен оқу-әдістемелік жарақтандырылуын дамыту (құрылыс жұмыстары, ЭЕТ және компьютер жабдықтары, кітап қорын толықтыру, кабинет безендіру және т.б.). Мұғалімдер мен оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың тұрмысын, еңбек және демалыс жағдайын жақсарту. 2. Жылдық жоспар жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды. Мектептің жұмыс жоспарын дайындау ағымдағы оқу жылында басталады да бірнеше кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде (бірінші тоқсан) мектеп директоры, оның орынбасарлары дамыту мен білім беру, сонымен қатар теориялық және әдістемелік, нормативтік және нұсқау сипатындағы құжаттармен танысады. Екінші кезеңде (екінші тоқсан) директордың басшылығымен жоспар жобасының құрылымын жасау, қажетті мағлұмат көздерін тауып, мәлімет жинақтайтын бастамашыл топ құрылады. Үшінші кезеңде (үшінші тоқсан) жинақталған мәліметтер, комиссия мүшелерінің есептері талданады, қалыптасқан қиыншылықтардың себебі айқындалып, оларды жоюдың жолдары қарастырылады. Төртінші кезеңде (төртінші тоқсанның соңы) жоспар жобасы дайындалып, талқыға салынады. Оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесінде мектептің жұмыс жоспары бекітіледі. 3. Ағымдағы жоспар жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанында жасалады. Жоспар жасау дегеніміз – оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытында көптеген шараларды белгілеу. Тәрбие жұмысының моделі, бағыты білім мекемелерінің негізгі жоспарына сай құрылады. Сонымен, жоспарлау – мектеп әкімшілігінің, мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетінің негізгі құрамды бөлігі және мектеп өмірінің қызықты, маңызды шығармашылық бағытта жүргізуге арналған мақсат-міндеттерін ата-аналар мен оқушылар және мұғалімдердің бірлесіп шешуі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет