48.Тұлғаны қалыптастыруда еңбек тәрбиенің мәнін ашыңыз (тәрбие жоспары)
Еңбек – адам баласы дамуының негізгі қозғаушы тіршілік көзі болып табылады. Қазақ халқы жастарды еңбекке баулуды жас кезінен бастаған. «Баланы жастан тәрбиеле» — демекші тәрбиеге көп мән берілген. Өйткені тәрбие – қандай да бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмектесу болып табылады. Тәрбиелей отырып, жас баладан бастап, халықтық педагогикаға дейін тәрбиені жүйелі түрде жүргізіп отырған. Қазіргі кезде де еңбекке баулу – маңызды шараның бірі болып табылады. Әрекеттің басты түрі – еңбекті балалар басына сіңіру ата – аналар мен педагогтардың міндеті. Жас баланы еңбек сүйгіштікке тәрбиелемесе, бұл жұмыс кейін қиындыққа түседі. Үйінде еңбекке қызығатын бала, мектепте де өзінің ынтасын көрсетеді. Ал қандай бала үйінде еңбекке қызығатын десек, оған мына мақалмен – ақ жауап беруге болады: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», яғни, бұл ынта, қызығушылық ата – анасының тәрбиесңмен, үйде көрген іс — әрекеттерімен бала бойына дариды.
Мектепте жүргізілетін еңбек сабағы мемлекеттік стандартқа сәйкес аптасына 2 сағаттық жүктемемен бөлінген. Мұғалім еңбек сабақтарын әр тоқсанға арнап, бұйымдар мен істелетін жұмыстарды көрсетіп жоспарлайды.
Еңбек сабағының құрылысының сызбасын төмендегідей келтіруге болады: 1. Балалардың алдына мақсат қою және еңбек тақырыбының тапсырмасы. а) жасайтын жұмыстың неге қажет екенін, маңызын түсіндіру; ә) белгіленген жұмысты ойдағыдай орындау үшін қандай білім – дағдырлар керек… 2. Жұмыс орнын дайындау, жабдықтар, материалдар, үлгілер, тақтаға сызылған сызба, т.б тексеру; жұмысты ұйымдасқан түрде орындауға қажетті ережелерді естеріне салу… 3. Орындалатын еңбек қмылдарын алдын – ала жоспарлау: а) үлгіні таңдау; ә) сызбаны оқи білу… 4. Сызбада берілген мөлшерді материалға көшіру. Балалар белгілеу тәртібін мұғалімнің айтуы бойынша не тақтаға сызған кезінде мұғаліммен бірге орындаулары керек…
Белгілеу бойынша орындалатын жұмыстар. Бөлшектерді дайындау, оларды өиыстыру, құрау кезінде бұйымды және бөлшектерін өңдеу кезіндегі орындалатын біліктер мен дағдыларды меңгенр… 6. Бұйымның жұмыс кезіндегі қалпын тексеру, жіберілген қателерін түзету…
Адамды адам еткен – еңбек. Еңбектің нәтижесі болуы ір адамның еңбекке саналы қатынасына байланысты. Олар болса, бүгінгі таңда қоғам қажеттілігі – жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталылықты, құштарлықты тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға бағыт – бағдар беру. Еңбек сабағының мақсаты – жас ұрпақтың дене және ақыл – ой еңбегіне деген дұрыс қатынасын, өмірде еңбекті қажетсінуін тәрбиелеу.
Еңбек сабағының міндеттері : 1. Оқушыларға шығармашылық еңбек деген ұғымды түсіндіру, нәтижесін таныту, оны пайдалануды, бағалауды үйрету. 2. Оқушы еңбегінің нәтижесіне, аз да болса жеткен табысына қанағаттану, қуану сезімін дамыту. 3. Саналы да сапалы еңбек етуге әдеттендіру, өйткені еңбек қоғамның эканомикалық өсуінің көзі, 4. Еңбек ету іскерлігін, дағдысын дамыту. 5. Еңбек мәдениетін сақтауға, еңбек уақытын, еңбек материалын үнемдеуге, ұқыптылықпен жұмсауға үйрету.
Оқушылардың қабілетіне қарай мамандыққа ие болуына бағыт беру.
Кез – келген сабақ сияқты еңбек сабағының білімділік және тәрбиелік жағы бар.Техналогия сабағына ұлттық тәрбие берудің міндеті жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа техналогия бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі ұлттық қолданбалы қолөнерді техналогия сабағында қолдана білу болып табылады. Мұнда орындау үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.
Оқушыларға техналогия сабағында ұлттық тәрбие беруде шығармашылақ іс — әрекеттерді меңгеру талап етіледі. Өйткені, көркем шығармашылық іс — әрекеттердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «оқыту техналогиясы» деп отырғанымыз – халық мұрасындағы қолданбалы қолөнері арқылы ұлттық тәрбие беру ұстанымның өзара тығыз байланыстылығы. Демек мұнда ұлттық тәрбие беруде бірінші орында оқушы тұрады және оның білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. Облыстық, қалалық жарыстарда белсенділік танытып, жүлделі орындарды алып жүрген оқушыларымызда жоқ емес. Облыстық «Шебер қолдар» байқауына қатысып, қолөнер шеберлігі мен шығармашылық дарындылығын жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін ІІІ орынды 8 класс оқушысы Құрмантайып Үміт және техналогия пәнінен «Шығармашылық жобаны қорғау» қалалық байқауында ІІ жүлделі орын алған Мукаев Нұрасқандарды атап өтуге болады.
Жаңа техналогияның мақсаты бойынша техналогиялық білімін жетілдіру үшін пайдаланатын әдістемелік құралдар оқушылардың танымдық іс — әрекеттерін жүргізе алатындай болуы керек. Бұндағы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан, оқушылардың техналогиялық білімін жетілдіру үшін жаңа типтегі оқулықтар қажет – ақ.
Қазақ мектептеріндегі оқушыларға техналогия сабақтарында ұлттық тәрбие берудің деңгейін көтеріп, мақсатқа жету үшін түрлі әдіс тәсілдер қажеттігін өмірдің өзі көрсетеді.
Техналогия сабақтарында оқу – шығармашылық міндеттер, ең алдымен, дәстүрлі халықтық қолданбалы қолөнермен таныстыру жағдайында өтеді. Таныстырудың түрі көп. Оның ең бастысы – сабақта көрнекі құралдарды пайдалана отырып таныстыру.
Бүгінде адамдардың қиялы жеткен жерге қолы жетіп отыр деп айтуға болады. Қазір қоғамдағы өзгерістер өте тез алмасуда. Сондықтан адамдар теориялық немесе өмірлік білім алып қана қоймай, өз бетімен ізденіп білім шыңдауы керек. Жаңа ақпарпттық жүйе бізге таныс білім алу үлгісін өзгертіп жіберіп отыр.
Оқушыларды қоғамдағы жаңа өзгерістер мен өз халқының тарихы, дәстүрлері мен тіршілік ету, ойлау жүйесі туралы рухани негізін дамыта отырып білім меңгеруге үйрету қажет.
Қазақ халқының қолөнерінің түрлері көп. Қолөнерімен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады.
Шебер – ағаштан бұйымдар жасайтын адам. Ұста – қару – жарақ, ер – тұрман жасаумен шұғылданатын адам.
Ісмер – ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адам. Зергер – алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, т.б. жасайтын адамдар. Сәндік – қолданбалы өнерді әр түрлі заттарды (құрал – сайман, қару – жарақ, киім т.б.)архитектуралық құрылыстарды плпстикалық өнер шығармаларын (негізінен қолданбалы)т.б. сәндеу үшін қолданады.
Техналогия пәнінде қолданбалы қолөнеріне арналған сабақтар оқытуды ұйымдастырудың тиімді формасы болып саналады. Себебі, мұндай ұлттық қолөнеріне арналған сабақтардың тәрбиелік мүмкіндіктері жоғары: ұлттық салт – дәстүр, әдемілікті сезіну, ұқыптылықты сезініп, алған білімдерін практика жүзінде қолдануға үйретеді.
Ұқыптылыққа тәрбиелеу: — материалдарды және уақытты саналы ұқыпты пайдалану; — бастаған істі тастамау, тиянақты аяқтау; құралдарының түгел болуы.
Эстетикалық тәрбие: — жасалған заттардың әдемі талапқа сай болуы; — өз ойынан безендіру, талғаммен жасап шығу.
Мұның бәрі – қажырлы еңбек. «Еңбекпен ел көгереді» дегеніміз осы болып табылады. «Еңбекке тәрбиелемей тұрып, балаға дұрыс тәрбие бердім, — деп айту екі талай» деп С.Көбейіп айтқандай еібекке баулу пәні оқушыларды еңбексүйгіштікке, әсемдікке талпындырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды.
Еліміздің эканомикасын дамыған алып мемілекеттер қатарына қосылуы, ертеңі салиқалы да зерделі білім алған жастарға екені түсінікті. Адам өз өмірінде бақыт пен қуанышқа тек адал еңбегімен жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |