58.Тәрбие жоспарының қызметтері, қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлеріне сипаттама беріңіз Жоспарлаудың қызметтері
Жалпы алғанда, жоспар – әрекеттің мазмұнды көрсеткіші, оның ретін, көлемін, уақытша шекарасын анықтаушы құжат.
Жоспарлаудың қызметтеріне нақты тоқталар болсақ:
анықтаушылық- нақты бағыттар мен әрекет түрлерін анықтаушылық;
- болжаушылық, яғни жанама іс-қимыл көрсету, нақты әрекет арқылы
нәтиже көрсету;
- үйлестірушілік, ұйымдастырушылық:
- бақылаушылық: қойылған мақсаттардың жүзеге асырылуын қадағалау;
- қалпына келтірушілік: кез келген уақыт аралығында жоспар бойынша
істелген жұмыс мазмұны мен көлемін қайта қалпына келтіру
Анықтаушылық
2 Болжаушылық
3 Үйлестірушілік, ұйымдастырушылық
4 Бақылаушылық
5 Қалпына келтірушілік
Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар: Жоспардың қоғам талабына, мақсатына сәйкестігі.
Жоспардың өмірмен тығыз байланыстылығы.
Жоспардың жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларының
қамтамасыз етілуі.
Жоспардың нақтылығы.
Тәрбие жоспарының мақсат, міндеттерінің айқындығы.
Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте
болуы.
Оқушылардың жеке басының жас ерекшеліктерін және
мүмкіншіліктерін ескеру.
Тәрбие жоспарының ықшамдылығы әрі ондағы көрсетілген
іс-шаралардың орындалатындығы.
Тәрбие жоспарындағы атқарылатын іс-шаралар сапасымен анықталуы.
Тәрбиелік іс-шараларды атқаруда қолданылатын әдістер әржақты болуын ескеру керек.
Тәрбие принциптерін басшылыққа алу.
Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге
қызығатынын, олардың қандай істерді өткізгілері келетінін, ұсынылған
іс-шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет..
жоспардың түрлері . Перспективалық жоспар мектептің соңғы жылдардағы жұмыстарына
терең талдау жасау негізінде бес жылға жасалады.
Оның құрылымы:
Жоспарланған мерзімдегі мектептің міндеттері.
Оқушылар санының жылдар бойынша дамуы, сыныптардың арту
мүмкіндігінің перспективасы.
Мектептің педагог кадрларға деген сұранысы.
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру (курстар, семинарлар,
тренингтер және т.б.).
Мектептің материалдық-техникалық базасы мен оқу-әдістемелік
жарақтандырылуын дамыту
Мұғалімдер мен оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың тұрмысын,
еңбек және демалыс жағдайын жақсарту.
2. Жылдық жоспар-жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды.
Мектептің жұмыс жоспарын дайындау ағымдағы оқу жылында басталады да
бірнеше кезеңді қамтиды.
3. Ағымдағы жоспар жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу
тоқсанында жасалады.
Жоспар жасау дегеніміз – оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытында
көптеген шараларды белгілеу. Тәрбие жұмысының моделі, бағыты білім
мекемелерінің негізгі жоспарына сай құрылады.