59.Ұжымның даму кезеңдерін кесте арқылы көрсетіңіз, мысал келтіріңіз(Ұжымның қалыптасу сатысы, Ұжымның құрылған сатысы, Ұжымның дамыған сатысы) жауабы 155 бет кесте
60 Еңбек тәрбиесінің мәнін ашыңыз,тәрбие сағатынның жоспарын құрыңыз
Тақырыбы: «Еңбек бәрін де жеңбек» (Отбасындағы еңбек тәрбиесі туралы)
Мақсаты: Еңбек - адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайд, нақыл сөздер, «Оқушылар шығармашылығынан» - суреттер, көрме, ойынға қажетті құрал-жабдықтар.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап баланы еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулыған.. Әрбір жас бала “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген. Ал, сіздер қалай ойлайсыздар, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалдың мағынасы қалай, қалай түсіндірер едіңдер? «Бақыттың кілті еңбекте» дегенді қалай түсінесіңдер? (Оқушылар мақалдың мағынасын ашады)
Олай болса біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз еңбек туралы болмақ.
Оқушылар 2 топқа бөлінеді. «Еңбек» және «Туған жер» Оқушыларға екі түрлі тақырыпта мақал-мәтелдер жазылған парақшалар үлестіріледі, әр оқушы соған сәйкес өз тобын анықтап орындарына отырады. Топтарға тапсырмалар беріледі. «Кім көп біледі?» еңбек туралы мақал-мәтелдер жазып, оның мағынасын түсіндіреді. Оқушылар мақал-мәтел жазып жатқанда ата-аналар отбасындағы бала еңбегі туралы айтып береді.
Еңбек туралы мақал-мәтелдер:
Еңбегіне қарай — құрмет,
Жасына қарай — ізет.
Еңбек ер атандырады.
Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.
Еңбек еткен — мұратқа жеткен.
Еңбек етпей елге өкпелеме,
Егін екпей жерге өкпелеме.
Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады,
Еріншек ұйқыдан қирап тұрады.
Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің.
Келесі тапсырма «Ситуациялық сұрақтар» Бұл кезде балаларға тапсырмалар беріледі. Алдарына берілген түрлі-түсті қағаздан өз ойлары бойынша шеберліктерін салып әр түрлі нәрселер жасайды.
Ситуациялық сұрақтар. (ата-аналарға)
Сынып жетекшісі балаңызға «бүгін сағат 3.00-де мектеп ауласында сенбілік жұмыстар жүргізіледі, жұмыс киімдеріңіз бен қолғап киіп келіңдер және өздеріңізбен бірге күрек пен тырнауыш ала келіңдер» деп айтып жібереді. Сіз бұған қалай қарайсыз? Сіздің әрекетіңіз.
Балаңыз сабақтан келген бойда сізге мынаны айтады: мен қазір тамағымды ішіп болған соң, Жалғастың үйіне барып шөп түсірісуге көмектесіп келемін, үйдегі шаруаны келген соң да тындырамын» дейді. Сіздің әрекетіңіз, оны жібересіз бе?
Сергіту сәті. Ойын: «Кім жылдам?»
Ата-аналар мен оқушыларға қиықша қағаздар үлестіріледі, «ойын» деген жазуы бар қиықша түскен ата-аналар мен оқушылар ортаға ойынға шығады. Ойынның шарты: үстел үстінде тұрған ыдыстың ішіндегі жемістерді келесі үстелдегі ыдысқа апарып салу керек. Бұл ойын ұқыптылықты, шапшаңдықты талап етеді.
Қ.Бердіғалиевтің орындауындағы Ғ.Құрманғалиев пен Н.Байғаниннің «Еңбек туралы термесін» үнтаспадан тыңдату.
«Жүректен жүрекке» Оқушылар тақырыпқа қатысты бір-біріне тілек айтады. Тілек тек бүгінгі тақырыпқа сәйкес болуы керек. Мысалы,
- Жалғас, еңбегің жемісті болсын!
- Нұрайна, еңбек етсең емерсің деген. Осыны есіңе сақта.
- Әдемі, сүйіп істеген іс шаршатпайды. Сондықтан өзіңе ұнайтын істерің көп болсын.
- Алихан, өмірдегі тірегің еңбек болсын.
- Абылайхан, «Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болма.
Қорытындылау. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Сондықтан әрқашан «Оқу мен еңбек егіз» деген нақылды есімізден шығармайық
Достарыңызбен бөлісу: |