Негізгі құралдардың аудиті



бет2/4
Дата21.12.2021
өлшемі18,58 Kb.
#104655
1   2   3   4
Байланысты:
14
Анықтау қажет:

1. Шаруашылық қызметтің аталған операцияларын бухгалтерлік жазбалармен көрсетіңіз.

2. Негізгі құралдардың қандай құжаттар негізінде қалай бағаланатынын және ақысыз алынғаннан кейін сақтауға қалай қабылданғанын көрсетіңіз.

Шешімі:

1. 2410 «Негізгі құралдар», 1314 «Қосалқы бөлшектер», 2412 «Ғимараттар», 2413 «Машиналар мен жабдықтар», 1340 «Аяқталмаған өндіріс».

2. Бухгалтерлік баланс, журнал ордері мен есеп саясаты, (НҚ-2); НҚ-ды есептен шығару актісі, (НҚ-3); көлік құралдарын есептен шығару актісі (НҚ-4); Келісімшарттық баға хаттамалары, сатып алу-сату келісім-шарттары, негізгі құралдарды қайта бағалаудың әзірлеме кестелері.
Тапсырма № 2.

Берілгені: Түгендеу барысында баланстағы негізгі құрал – автокөлік шеберханада орналасқандығы, сонымен қатар шын мәнінде қосалқы бөлшектер үшін бөлшектелген және пайдалануға жарамсыз екендігі анықталды. Автокөліктің баланстық құны – 900 000 теңге, есептелген амортизация – 400 000 теңге. Түгендеу комиссиясының төрағасы

жетіспеушілік жоқ, бірақ негізгі құралдың құнын 320 000 теңге көлемінде қол жетімді қосалқы бөлшектердің баланстық құнына дейін төмендету керек деген тұжырымға келді. Автокөліктің техникалық жағдайын бағалау үшін түгендеу комиссиясының шешімі бойынша сарапшы мамандар тартылды: ұйымның техникалық бөлімінің бастығы және жабдықтау бөлімінің бастығы. Түгендеу нәтижелері бойынша негізгі құралдарды аяқталмаған жөндеуді түгендеу актісі және тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу нәтижелерінің салыстырмалы ведомосы жасалды.


Анықтау қажет:

1. Түгендеу нәтижелерін көрсетіңіз.

2. Түгендеу комиссиясы төрағасының және жалпы түгендеу комиссиясының іс-әрекетін бағалау.

3. Түгендеу нәтижелері бойынша стандартты формалардың дұрысқолданылғанын анықтаңыз. Егер жоқ болса, онда қолдануға қажетті бастапқы құжаттардың стандартты формасының атауы мен нөмірін көрсетіңіз.



Шешімі:

1. Автокөліктің баланстық құны – 900 000 теңге, есептелген амортизация –400 000 теңге. Түгендеу комиссиясының төрағасы жетіспеушілік жоқ, бірақ негізгі құралдың құнын 320 000 теңге көлемінде қол жетімді қосалқы бөлшектердің баланстық құнына дейін төмендету керек деген тұжырымға келді.

2. Түгендеу комиссиясы төрағасының және жалпы түгендеу комиссиясының іс-әрекетін дұрыс деп санаймын. Себебі, негізгі құралдар құнын қол жетімді қол жетімді қосалқы бөлшектердің балансты құнына дейін төмендеткен.

3. Түгендеу нәтижелері бойынша негізгі құралдарды аяқталмаған жөндеуді түгендеу актісі және тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу нәтижелерінің салыстырмалы ведомосы жасалды.


Тапсырма № 3.

Берілгені: 1987 жылдан бастап ұйымда құны әрқайсысы 40 000 теңгені құрайтын үш фрезерлік станогы бар машиналар толық амортизацияланған. Түгендеу нәтижелері бойынша машиналар жұмыс істемейді және жөндеуді қажет етеді. Жөндеуді жүргізу мүмкін емес, өйткені машиналарға қосалқы бөлшектер алу мүмкін емес.

Анықтау қажет:

а) аудиторлық есепте қандай жазбалар болуы мүмкін?

ә) түгендеу нәтижелері бойынша қандай бухгалтерлік жазбалар жасалуы керек?

в) негізгі құралдарды түгендеу кезінде қалпына келтіруге болмайтын қандай ерекшеліктер туындайды?



Шешімі:

А) 1. НҚ-ды бағалау мен қайта бағалаудың дұрыстығын тексеру:Келісімшарттық баға хаттамалары, сатып алу-сату келісім-шарттары, негізгі құралдарды қайта бағалаудың әзірлеме кестелері, НҚ-1, НҚ-2, НҚ-6

2. НҚ-дың істен шығуын есепте дұрыс көрсетілуін тексеру: НҚ-1, НҚ-3, НҚ-4, НҚ-6, келісімшарттар, ағымдағытүгендеу қорытындылары, 12 журнал-ордер, Бас кітап

Ә) 2410 «Негізгі құралдар» 2420 «Негізгі құралдар амортизаиясы» 2430 «Негізгі құралдардың құнсыданудан болатын залалға арналған бағалау резерві»

В) Жөндеуді жүргізу мүмкін емес, өйткені машиналарға қосалқы бөлшектер алу мүмкін емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет