Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы


-тарау. АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ АЛИМЕНТТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ



бет64/111
Дата13.03.2023
өлшемі233,66 Kb.
#172065
түріКодекс
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   111
Байланысты:
неке заң - 2020.kaz

19-тарау. АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ АЛИМЕНТТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
138-бап. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағу жөніндегі міндеттері
1. Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті. Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағудың тәртібі мен нысанын ата-аналар дербес айқындайды.
Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын кәмелетке толған балаларын күтіп-бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасасуға құқылы.
2. Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларына, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларына күтіп-бағу қаражатын ерікті түрде бермеген жағдайда, бұл қаражат олардан сот тәртібімен өндіріп алынады.
3. Ата-аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмаған кезде, кәмелетке толмаған балаларға күтіп-бағу қаражаты берілмеген кезде және сотқа талап-арыз берілмеген кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алимент өндіріп алу туралы талап-арыз беруге құқылы.
139-бап. Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері
1. Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бір бөлігін; екі балаға - үштен бір бөлігін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады.
2. Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып, кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.
140-бап. Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кірістің түрлері
Ата-ананың алатын және алимент ұсталатын жалақысы және (немесе) өзге де кірісі түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.
Ескерту. 140-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет