5. Ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) біреуі
қайтыс болған жағдайда
суррогат ана болу шарты бойынша туған бала үшін жауапкершілік олардың көзі тірісіне
жүктеледі.
6. Ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) екеуі де қайтыс болған және
олардың жақын туыстары туған баланы асырап
алудан бас тартқан жағдайда, бұл бала
суррогат
ананың тілегі бойынша - оған, ал ол бас тартқан жағдайда,
мемлекет
қамқорлығына берілуі мүмкін.
Қорғаншылық нысанында баланың суррогат анаға не мемлекеттік ұйымдарға берілуі
оның суррогат ана болу шарты бойынша ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің)
мұрагері ретіндегі құқықтарын тоқтатпайды.
7. Суррогат ана болу шарты жасалғаннан кейін шартта көрсетілген мерзім ішінде
қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялардың
пайдаланылмауы шарттың
жарамсыздығына әкеп соғады.
8. Суррогат ана болу шарты жасалғаннан кейін суррогат ана табиғи түрде жүкті
болған жағдайда шарт бұзылады, ол суррогат ана болу
шартына сәйкес тапсырыс
берушілер жұмсаған барлық шығыстарды төлейді.
Достарыңызбен бөлісу: