62- бап. Баланың өз пікірін білдіру құқығы Бала отбасында өз мүдделерiн қозғайтын кез келген мәселенi шешу кезiнде өзiнiң
пiкiрiн бiлдiруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкiмшiлiк iсін қарау барысында
тыңдалуға құқылы. Бұл өз мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, он жасқа
толған баланың пiкiрi міндетті түрде ескерiлуге тиіс. Осы Кодексте көзделген
жағдайларда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын органдар немесе сот он жасқа толған баланың және заңды өкілдердің
қатысуымен өзі берген келiсiмiмен ғана шешiм қабылдай алады.
Баланың пікірі ата-аналарының немесе баланың тұратын жері бойынша басқа да заңды
өкілдердің қатысуымен қабылданған, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын органның шешімімен ресімделеді.