63- бап. Баланың атын, әкесінің атын және тегін алуға құқығы 1. Баланың атын, әкесiнiң атын және тегiн алуға құқығы бар.
2. Баланың атын өзара келісім бойынша ата-аналары немесе баланың басқа да заңды
өкілдері береді. Әкесінің аты ата-аналарының немесе баланың басқа да заңды өкілдерінің
тілегі бойынша оның әкесі болып көрсетілген адамның аты бойынша беріледі.
Бөлек жазылған жағдайда қосарланған ат беруге рұқсат етіледі, бірақ ол екі аттан
аспауға тиіс.
Әкесінде қосарланған ат болған жағдайда, балаға әкесінің аты ретінде олардың біреуі
не әкесінің екі аты бірге жазылып беріледі.
Әкесі атын өзгерткен кезде - оның кәмелетке толмаған баласының, ал кәмелетке
толған бала бұл туралы өтініш берген кезде, оның әкесінің аты өзгереді.
3. Баланың тегi ата-аналарының тегiмен айқындалады. Ата-аналарының тегi әртүрлi
болған кезде ата-аналарының келiсiмi бойынша балаға әкесiнiң немесе анасының тегi
берiледi.
Ата-аналарының қалауы бойынша баланың тегi ұлттық дәстүрлер ескерiле отырып,
әкесi сияқты, анасы тарапынан да әкесінің немесе атасының аты берілуі мүмкін.
4. Ата-аналар арасында баланың атына және (немесе) тегiне қатысты туындаған
келiспеушiлiктер сот тәртiбiмен шешiледi.
5. Егер әкесі анықталмаса, баланың аты анасының көрсетуі бойынша беріледі, әкесінің
аты баланың әкесі ретінде жазылған адамның аты бойынша, тегі - анасының тегі бойынша
немесе ұлттық дәстүрлер ескеріліп, баланың атасының аты бойынша беріледі.
6. Егер баланың ата-аналарының екеуі де белгісіз болса, баланың тегін, атын, әкесінің
атын қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
орган, медициналық немесе баланың тұрған жері бойынша оның құқығын қорғау
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын басқа да ұйымдар береді.