«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі



Pdf көрінісі
бет91/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   295
Байланысты:
Неке

Азаматтық кодексiмен
 
айқындалады.
Ата-аналар баланың мүлкiн басқару жөнiндегi құқықтылықты жүзеге асыру кезiнде 
оларға осы Кодекстің 
128-
бабында
 
белгiленген қағидалар қолданылады. 
4. Бірге тұратын бала мен ата-аналар бір-бірінің мүлкін өзара келісім бойынша 
иеленіп, пайдалана алады.
5. Ата-аналар мен баланың ортақ меншiк құқығы туындаған жағдайда олардың ортақ 
мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының 
Азаматтық кодексімен
 
айқындалады.
67-
бап. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау құқығы
1. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерiнің қорғалуына құқығы бар. 
Баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды ата-аналары немесе баланың 
басқа да заңды өкілдері, ал Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде 
көзделген жағдайларда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды 
жүзеге асыратын орган, прокурор және сот, сондай-ақ ішкі істер органдары және өз 
құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады. 
Кәмелетке толғанға дейiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әрекетке 
толық қабiлеттi деп танылған кәмелетке толмаған баланың өз құқықтары мен мiндеттерiн, 
оның iшiнде қорғалу құқығын өз бетiнше жүзеге асыруға құқығы бар. 
2. Баланың ата-аналар және басқа да заңды өкілдер тарапынан жасалатын қиянаттан 
қорғалуға құқығы бар. 
Баланың құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған кезде, оның iшiнде ата-аналар 
немесе басқа да заңды өкілдер баланы күтіп-бағу, тәрбиелеу, оған бiлiм беру жөнiндегi 
мiндеттерiн орындамаған кезде немесе тиiсінше орындамаған кезде не ата-ана 
(
қорғаншылық, қамқоршылық) құқықтарын терiс пайдаланған кезде бала - қорғаншылық 


немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға, ал он төрт жасқа 
толғанда сотқа өз құқықтарын қорғау үшiн өз бетiнше жүгінуге құқылы. 
3. Баланың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төнгендiгi туралы, оның құқықтары 
мен заңды мүдделерiнiң бұзылғандығы туралы өздеріне белгiлi болған мемлекеттік 
органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары және өзге де азаматтар бұл туралы 
баланың нақты тұратын жерi бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі 
функцияларды жүзеге асыратын органға хабарлауға мiндеттi. Мұндай мәлiметтер алынған 
кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын 
орган баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiнде қажеттi шаралар 
қолдануға мiндеттi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет