бап. Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері 1. Ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға мiндеттi.
2. Ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге құқығы бар және осыған міндетті.
Ата-аналардың барлық өзге адамдар алдында баласын тәрбиелеуге басым құқығы бар.
Бала тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан
және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта
болады.
3. Ата-аналар баласының міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ата-аналардың бала жалпы орта білім алғанға дейін оның пікірін ескере отырып, білім
беру ұйымын және баланың оқу нысанын таңдауға құқығы бар.
4. Баланың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді баланың
мүдделерін негізге алып және оның пікірін ескере отырып, өзара келісу арқылы ата-аналар
шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушіліктер болған кезде, бұл келіспеушіліктерді
шешу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
71-